Об изменении ставки таможенной пошлины на экспорт шерсти Күшін жойған
Басқа 0
Жүн экспортына кедендiк баж салығының ставкасын өзгерту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен.
Жүн нарығында қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, мал шаруашылығымен айналысатын халықты әлеуметтiк қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифы туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 9, 104-бап) 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1993 жылғы 1 шiлдеден бастап жүн экспортына (код ТН ВЭД 5101-5105) кедендiк баж салығының ставкасы кедендiк құнның 10 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.