Көше атын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көше атын беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Бадам ауыл округіне қарасты Бадам ауылындағы атаусыз көшеге Социалистік Еңбек Ері Ахметов Әуездің аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Бадам ауыл округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушысы А.М.Керимбековке жүктелсін.