Об утверждении Правил оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического и морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий Күшін жойған
Басқа 0
Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 87-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 маусымдағы
№ 615 қаулысымен
бекітілген
Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған, негізгі құрал- жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Егер дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мүлікті қалпына келтіру экономикалық орынсыз және/немесе мүмкін емес болса, ол жойылуға жатады.
Осы Қағида заттарға қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Бұзылуды және жойылуды ресімдеу тәртібі
2-тарау. Бұзылуды және жойылуды ресімдеу тәртібі
Тармақ 3
3. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеуді мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кәсіпорында құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік кәсіпорынның бас инженері немесе басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
Тармақша 2
2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
Тармақша 3
3) мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлға енгізіледі.
Мемлекеттік мекемелерде құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы не ол уәкілеттік берілген лауазымды адам (Комиссияның төрағасы);
Тармақша 2
2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда - бухгалтерлік есеп жүргізу жүктелген тұлға);
Тармақша 3
3) мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлға енгізіледі.
Мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешіміне сәйкес мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу кезінде Комиссия құрамына тиісті мамандар (сарапшылар) енгізілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Комиссия жойылуға жататын мүлікті тікелей тексеріп қарауды жүргізеді, бұл ретте техникалық құжаттаманы, бухгалтерлік есептің деректерін қолданады және:
Тармақша 1
1) оның қайта қалпына келтіруге және одан әрі қолдануға жарамсыздығын анықтайды;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген бұзылуының себептерін айқындайды;
Тармақша 3
3) оның жекелеген бөлшектерін, түйіндерін, материалдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды және оларға бағалау жүргізеді.
Тармақ 6
6. Пайдалануға болатын барлық бөлшектер, тораптар, қосалқы бөлшектер, материалдар және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрі - материалдар) үш топқа жатады:
Тармақша 1
1) бірінші топ - ықтимал пайдаланылуының бағасы бойынша бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында кіріске алынатын, тікелей мақсаты бойынша одан әрі қолдануға жарамды материалдар;
Тармақша 2
2) екінші топ - қайталама шикізат ретінде (қара, түсті және асыл металдар сынықтары, көнерген материал, отын және басқа шикізат) кіріске алынатын, тікелей мақсаты бойынша одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар;
Тармақша 3
3) үшінші топ - одан әрі қолдануға жарамсыз және жойылуға жататын материалдар.
Тармақ 7
7. Жойылуға жататын мүлікті тексеріп қарау қорытындысы бойынша Комиссия үш жұмыс күні ішінде мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаның балансынан шығаруға негіз болатын хаттама (бұдан әрі - хаттама) жасайды.
Тармақ 8
8. Есептен шығару актілері бекітілгенге дейін жойылуға жататын мүлікті ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 9
9. Егер есептен шығарылған мүлікті дербес жою мүмкін болмаса, мемлекеттік заңды тұлғалар жою үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларды тартады.
Тармақ 10
10. Орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде олардың ведомстволары болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару олардың шешімі бойынша, аумақтық мемлекеттік органдар болатын мемлекеттік органдардың мүлкін - олардың жоғары тұрған мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің мүлкін есептен шығару Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісім бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12-1
12-1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен (тиісті жергілікті атқарушы органдармен) келісім бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 13-1
13-1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекіткен нысандарға сәйкес үш данада жасалады.
Тармақ 15
15. Комиссия үш данада жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері күнтізбелік жеті күн ішінде осы Қағиданың 10, 11, 12, 12-1, 13 және 13-1-тармақтарына сәйкес мынадай құжаттармен қоса келісуге жіберіледі:
Тармақша 1
1) Комиссия хаттамасы;
Тармақша 2
2) авария жағдайында - тиісті лауазымды адам жасаған және бекіткен оқиға актісінің немесе оқиға болған жерді қарау хаттамасының көшірмесі;
Тармақша 3
3) дүлей зілзала жағдайында - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тексеру актісінің көшірмесі.
Келісу мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген кезде тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.
Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.
Тармақ 17
17. Келісуден бас тартылған жағдайда мүлікті есептен шығарудан бас тарту негіздемесі бар құжаттар пакеті мемлекеттік заңды тұлғаға қайтарылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін мемлекеттік заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам бекітеді.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 19
19. Мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуы мен жойылуын ресімдеудің қолданыстағы тәртібі бұзылған жағдайда бұған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
Тармақ 20
20. Осы Қағидада реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.