Об утверждении образцов дипломатического и служебного паспортов гражданина Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызмет паспорттарының үлгiлерiн бекiту туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1375 қаулысымен. Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызмет паспорттарының шығарылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызмет паспорттарының үлгiлерi бекiтiлсiн /сипаттамасы қоса берiлiп отыр/.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызмет паспорттарының бланкiлерi мен оларды толтыруға қажеттi жабдықтарды алуды және тапсыруға әзiрлiктi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсаттар үшiн 1994 жылдың республикалық бюджетi бойынша Үкiметтiң кезек күттiрмес қажеттiлiктерiн анықтау есебiне 500 мың доллары мөлшерiнде қаражат бөлсiн.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспортының үлгiсi /сипаттама/
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1158 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспортының үлгiсi /сипаттама/
Тармақ 1
1. Паспорт кiтапшасының көлемi 88х125 мм, оның iшiнде сутамғы белгiлерi бар арнаулы қағаздан жасалған 16 парақ орналастырылған. Паспорт парақтарындағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
Тармақ 2
2. Паспорттың мұқабасы қою жасыл түстi, онда: а/ қазақ және ағылшын тiлдерiнде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ REPUBLIK OF KAZAKSTAN деген алтын түстi батырма жазу бар; ә/ ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы; б/ Елтаңбаның төменгi жағында - Дипломаттық Паспорт -------------------- Diplomatic Passport -------------------- деген батырма жазу бар. Мұқабаның iшкi жағында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының түрлi түстi бейнесi.
Тармақ 3
3. Паспорттың бiрiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде: "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Достас Мемлекеттердiң барлық құзыреттi қызмет орындарынан дипломаттық паспорт иесiнiң бөгетсiз жүрiп-тұруын қамтамасыз етудi және қажет болған жағдайда заңды қолдау көрсетiлiп, қорғалуын өтiнедi." "Министерство иностранных дел Республики Казахстан просит все компетентные службы Дружественных Государств обеспечить владельцу дипломатического паспорта свободное передвижение и в случае необходимости оказать законную поддержку и защиту." "The Ministru of Foreign Affairs of the Republik of Kazakstan reguests all competent authorities of friendly powers to permit the holder of this diplomatic passport safely and freely to pass and give the holder legal aid and protection in case of nееd." деген жазулар жазылған.
Тармақ 4
4. 31-бетте қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде: "Осы паспорт нөмiрленген 32 беттен тұрады" "Настоящий паспорт содержит 32 пронумерованные станицы" "This passport contains 32 numbered pages" деген жазулар бар.
Тармақ 5
5. 30-бетте қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде тiгiнен жазылған: "Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметтiк белгiлерi үшiн" "Для служебных отметок министерства иностранных дел" "For service annotations by Ministry of Foreign Affairr" деген тiгiнен жазылған жазулар бар.
Тармақ 6
6. 29-бетте паспорт иесi балаларының фотосуреттерiн желiмдеуге арналған, көлемi 45 х 35 мм тiкбұрышты алты орын бар.
Тармақ 7
7. 28-бетте: Балалары /Дети/ Children деген тiгiнен жазылған жазу бар. Төменде: тегi /Фамилия/ Surnаме, Аты /Имя/Givеn nаме, Туған күнi /Дата рождения/ Date of birth, Жынысы /Пол/ Sex деген жазулар бар.
Тармақ 8
8. 32-бетте қазақ және ағылшын тiлдерiнде: "Қазақстан Республикасы"/"Rерubliс of Kazakstan" деген тiгiнен жазылған жазу бар. Төменгi екi жолда: "Дипломаттық паспорт"/"Diрlомаtiс раssроrt", оң жағында қазақ және ағылшын тiлдерiнде: түрi/tуре, мемлекет коды/соdе of stаtе, паспорттың N/раssроrt N деген жазулар бар. Сол жағында көлемi 45х35 фотосурет желiмделетiн орын бар. Фотосуреттiң оң жағында: Тегi/Фаимлия/Surnаме Аты /Имя/Givеn name Азаматтығы/гражданство/Nаtiоnаlitу Туған күнi/Дата рождения/Dаtе of birth Туған жерi/Место рождения/Рlасе of birth Жынысы/Пол/Sех Берiлген күнi/Дата выдачи/Dаtе of issue Паспорт мерзiмi/Действителен до/Dаtе of expiry Берген мекеме/орган выдачи/Аuthоritу деген жазулар бар. Төменде мәшинемен оқылған текске орын қалдырған.
Тармақ 9
9. Мұқабаның iшкi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде: "Қазақстан Республикасы Дипломаттық паспорт" "Республика Казахстан Дипломатический паспорт" деген тiгiнен жазылған екi жол жазу бар. Төменгi жағында: Тегi/Фамилия Аты/Имя Әкесiнiң аты/ Отчество Ұлты/ Национальность Өз қолы/Подпись/ деген сөздер қазақ және орыс тiлдерiнде жазылатын орын бар.
Тармақ 10
10. 32-бет пен мұқабаның iшкi жағының арасында негiзгi желiмдi мөлдiр пленка бар.
Тармақ 11
11. Әр парақта перфорациялық әдiспен паспорт нөмiрi таңбаланған.
Тармақ 12
12. 2-27 беттер "Визалар"/"Visаs" деген жазуы бар визалар қоюға арналған.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтiк паспортының үлгiсi /сипаттама/
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1158 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматының қызметтiк паспортының үлгiсi /сипаттама/
Тармақ 1
1. Паспорт кiтапшасының көлемi 88 х 125 мм, оның iшiнде сутамғы белгiлерi бар арнаулы қағаздан жасалған 16 парақ орналастырылған. Паспорт парақтарындағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
Тармақ 2
2. Паспорттың мұқабасы қара түстi, онда: а/ қазақ және ағылшын тiлдерiнде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ REPUBLIK OF KAZAKSTAN деген алтын түстi батырма жазу бар; ә/ ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы; б/ Елтаңбаның төменгi жағында - Қызметтiк паспорт ------------------ Service Passport ------------------ деген батырма жазу. Мұқабаның iшкi жағында - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасының түрлi түстi бейнесi.
Тармақ 3
3. Паспорттың бiрiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде: "Достас Мемлекеттердiң барлық құзыреттi қызмет орындарынан осы паспорттың иесi, шетелге жол жүрушi Қазақстан Республикасының азаматына жан-жақты көмек көрсетiлуi сұралады." "Просьба ко всем компетентным службам Дружественных Государств оказывать всяческое содействие предъявителю настоящего паспорта, гражданину Республики Казахстан, отправляющемуся за границу" "All authorities of friendly states whom it may concern are requested to extend sll courtesies to the bearer of this раssроrt, citizen of the republic of Каzакstаn, travelling aboad" деген жазулар жазылған.
Тармақ 4
4. 31-бетте қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде: "Осы паспорт нөмiрленген 32 беттен тұрады" "Настоящий паспорт содержит 32 пронумерованные страницы" "This passport contains 32 numbered pages" деген жазулар бар.
Тармақ 5
5. 30-бетте қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде : "Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметтiк белгiлерi үшiн" "Для служебных отметок Министерства иностранных дел" "For sevice observations by Ministry of Foreign Affairs" деген тiгiнен жазылған жазулар бар.
Тармақ 6
6. 29-бетте паспорт иесi балаларының фотосуреттерiн желiмдеуге арналған көлемi 45х35 тiкбұрышты алты орын бар.
Тармақ 7
7. 28-бетте тiгiнен: Балалары/дети/Сhildrеn деген жазу бар. Төменде: Тегi/Фамилия/Surnаме, Аты/Имя/Givеn nаме, Туған күнi/Дата рождения/Dаtе of birth, Жынысы/Пол/Sех деген жазулар бар.
Тармақ 8
8. 32-бетте қазақ және ағылшын тiлдерiнде: "Қазақстан Республикасы"/"Rерubliс of Kazakstan" деген тiгiнен жазылған жазу бар. Төменгi екi жолда: "Қызметтiк паспорт"/"Sеrviсе раssроrt", оң жағында қазақ және ағылшын тiлдерiнде: түрi/tуре, мемлекет коды/соdе stаtе, паспорттық N/раssроrt N деген жазулар бар. Сол жағында көлемi 45х35 мм фотосурет желiмделетiн орын бар. Фотосуреттiң оң жағында: Тегi/Фамилия/Surnаме Аты/Имя/Givеn name Азаматтығы/Гражданство/Nаtiоnаlitу Туған күнi/Дата рождения/Dаtе of birth Туған жерi/Место рождения/Рlасе of birth Жынысы /Пол/Sех Берiлген күнi/Дата выдачи/Dаtе of issue Паспорт мерзiмi/действителен до/Dаtе of expiry Берген мекеме/Орган выдачи/Аuthоritу деген жазулар бар. Төменде мәшинемен оқытылатын текске орын қалдырылған.
Тармақ 9
9. Мұқабаның iшкi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде: "Қазақстан Республикасы Қызметтiк паспорт" "Республика Казахстан Служебный паспорт" деген тiгiнен жазылған екi жол жазу бар. Төменгi жағында: Тегi/Фамилия Аты/Имя Әкесiнiң аты/отчество Ұлты/Национальность Өз қолы/Подпись/ деген сөздер қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған орын бар.
Тармақ 10
10. 32-бет пен мұқабаның iшкi жағының арасында негiзгi желiмдi мөлдiр пленка бар.
Тармақ 11
11. Әр парақта перфорациялық әдiспен паспорт нөмiрi таңбаланған.
Тармақ 12
12. 2-27 беттер "Визалар"/"Visаs" деген жазуы бар визалар қоюға арналған.