О переименовании улиц некоторых населенных пунктов Мерейского аульного округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мерей ауылдық округінің кейбір елді-мекендеріндегі көше аттарын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Мерей ауылдық округінің кейбір елді-мекендеріндегі келесі көше атттары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Мерей ауылы бойынша: Центральная көшесі – "И.Тайманов" атыңдағы көшесіне; Советская көшесі – "Д.Қонаев" атындағы көшесіне; 40-лет Победы көшесі – "Жеңіс" көшесіне; Набережная көшесі –"Жылысай" көшесіне;
Тармақша 2
2) Айнабұлақ ауылы бойынша: Чапаев көшесі –"Азат" көшесіне; Северная көшесі –"Көк терек" көшесіне; Родниковая көшесі – "Бұлақты" көшесіне;
Тармақша 3
3) Өркен ауылы бойынша: Рабочая көшесі – "Еңбекшілер" көшесіне; Зерновая көшесі – "Ақбидай" көшесіне; Октябрьская Революция көшесі - Бейбітшілік көшесіне;
Тармақша 4
4) Аққайнар ауылы бойынша: Школьная көшесі – "Сарбаздар" көшесіне; Кооперативная көшесі – "Бірлік" көшесіне; Новостройка көшесі – "Өркен" көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.