Об ограничении хозяйственной деятельности на территориях государственных природных биологических (ботанических и зоологических) заказников
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об ограничении хозяйственной деятельности на территориях государственных природных биологических (ботанических и зоологических) заказников
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумақтарындағы шаруашылық қызметтерді шектеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18/08
- Қабылданған күні
- 11.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2018 59293_374671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11K0001895
- ЭКБ идентификаторы
- 59293
- Редакция идентификаторы
- 59293_374671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:24
0 Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумақтарындағы шаруашылық қызметтерді шектеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 122 «Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы», 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес, өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қарағанды
облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мемлекеттік табиғи биологиялық (ботаникалық және зоологиялық) қаумалдардың аумақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу белгіленсін:
1
1) ботаникалық мемлекеттік табиғи қаумалдарда мал жайылымы, шөп шабу, ағаш кесудің барлық түрлері, гүлдер теру, өсімдіктердің тамырларын, түйнектерін және жуашығын қазып алу, от жағу, көлік құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келіп кіру және жүру, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіру, сол сияқты өсімдіктердің бүліну және жойылуына туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге жол берілмейді;
2
2) зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда уәкілетті органның келісімімен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, жануарлардың қырылуын туғызған немесе туғызуы мүмкін басқа да әрекеттермен бірдей дәрежеде аң аулау, кез келген тәсілдермен және құралдармен, балықтарды қоспағанда, жануарларды аулау, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін интродукциялау, ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіру, жұмыртқа жинауға жол берілмейді.