Вопросы Комитета по государственному контролю над производством и оборотом алкогольной продукции Министерства финансов Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 23.09.1998 № 934 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi туралы ереже; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 391а Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы Этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру және олардың айналымы саласында мемлекеттiк бақылауды нығайту және ретке келтiру.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру және олардың айналымы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу, бақылауды және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет пен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Комитеттiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
Тармақ 5
5. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.
Тарау 2. 2. Басымдықтары
2. Басымдықтары
Тармақ 6
6. Комитет өзiнiң қызметiнде мынадай басымдықтарды:
Тармақша 1
1) қазақстандық тауар өндiрушiлер мен этиль спиртi және алкогольдi өнiмдердi тұтынушылардың мүдделерiн қорғауды;
Тармақша 2
2) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң, айналымының, импортының және экспортының есебiн жүргiзу мен көлемiне бақылау жасауды қамтамасыз етудi басшылыққа алады.
Тарау 3. 3. Негiзгi мiндеттерi
3. Негiзгi мiндеттерi
Тармақ 7
7. Комитеттiң өз қызметiнiң аясындағы негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
Тармақша 2
2) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бiрыңғай бақылау жүйесiн құру;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру болып табылады.
Тарау 4. 4. Комитеттiң функциялары
4. Комитеттiң функциялары
Тармақ 8
8. Комитеттiң функциялары:
Тармақша 1
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау мәселелерiндегi қызметiн салааралық үйлестiру;
Тармақша 2
2) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау мен нормативтiк реттеудi жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi лицензиялау, этиль спиртiн сақтау және сату, алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату, берiлген, тоқтатыла тұрылған және тоқтатылған лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмдемесiн жүргiзу;
Тармақша 4
4) этиль спиртi мен арақтың импортын бақылау және лицензиялау, этиль спиртi мен арақтың көлемдерiн лицензияларды алуға өтiнiм бiлдiрушiлердiң арасында конкурстық орналастыру, республиканың өндiрiстерi өндiрген этиль спиртi көлемдерiнiң қозғалысына бақылау жасау;
Тармақша 5
5) этиль спиртiн дәрi-дәрмектер препараттарын шығарушыларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiне акциздер алмасатын берудiң көлемдерiн белгiлеу, оның пайдаланылуына бақылау жасау;
Тармақша 6
6) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң көлемдерiне есеп жүргiзудi ұйымдастыру, этиль спиртiн сақтау және сату, алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату;
Тармақша 7
7) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi және олардың айналымын талдау және балансын жасау;
Тармақша 8
8) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру мен олардың айналымын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсыну;
Тармақша 9
9) өз құзыретiнiң шегiнде этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау жөнiндегi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттамаларды әзiрлеу, қабылдау, шығару және мүдделi мемлекеттiк органдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жеткiзу болып табылады.
Тарау 5. 5. Құқықтары
5. Құқықтары
Тармақ 9
9. Комитет пен оның аумақтық органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде:
Тармақша 1
1) алкогольдi өнiмдердi өндiру, олардың айналымы және сапасы саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ заңдарға сәйкес тәртiп бұзушыларға ықпал ету шараларын қолдануға;
Тармақша 2
2) бақыланатын объектiлерде технологиялық процестердiң, этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердiң сақталуының және айналымының нормалары мен ережелерiнiң сақталуын тексеруге;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнiң шегiнде этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау жөнiндегi нормативтiк және методологиялық құжаттамаларды әзiрлеуге, қабылдауға, тиiстi мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғаларға жеткiзуге, оның атқарылуын тексерудi жүзеге асыруға және атқару үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге;
Тармақша 4
4) этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасау мәселелерi жөнiнде белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң және олардың айналымының баласын жасау үшiн мәлiметтi қоса алғанда ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс енгiзуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi, этиль спиртiн сақтауды және сатуды, алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтауды және көтерме сатуды лицензиялауды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу жөнiнде ұсыныстар мен нормативтiк құжаттық актiлердiң жобаларын енгiзуге;
Тармақша 8
8) этиль спиртi мен арақтың импортын лицензиялауға, спирт пен арақтың импортының көлемдерiн лицензия алуға өтiнiм бiлдiрушiлердiң арасында конкурстық орналастыруды ұйымдастыруға; 9 этиль спиртiн дәрi-дәрмек препараттарын шығарушыларға, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерiне және басқа да мақсатты, әлеуметтiк маңызы бар бағыттарға акциздер алмастан берудiң көлемдерiнiң квоталарын белгiлеуге, олардың пайдаланылуына бақылау жасауға;
Тармақша 10
10) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден аумағында этиль спиртi мен арақтың импортының көлемiн реттеуге;
Тармақша 11
11) лицензиялау субъектiсiне ұсынылатын лицензиялық ережелердi әзiрлеуге;
Тармақша 12
12) лицензия беру алдында ұйымдарды тексеру жөнiнде жұмыстар жүргiзудiң және қызметтер көрсетудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлеуге;
Тармақша 13
13) республиканың кәсiпорындары өндiрген этиль спиртi көлемдерiнiң қозғалысын бақылауға;
Тармақша 14
14) өз өкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 6. 6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комитет пен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
Тармақ 11
11. Комитет туралы ереже мен оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 12
12. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Тармақ 13
13. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 14
14. Комитеттiң төрағасы:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн номенклатуралық лауазымдарға сәйкес Комитет пен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайтын және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) тәртiптiк жаза қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 5
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 6
6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
Тармақша 7
7) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оның құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер бойынша қызметiн жүзеге асырады.
Басқа 57. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 391а Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына бақылау жасауды үйлестiру және нормативтiк реттеу бөлiмi Этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiруге, импортына, сақтауға және сатуға бақылау жасау және лицензиялау басқармасы Этиль спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiрудiң және олардың айналымының есебi мен баланстары бөлiмi