О требованиях к публикациям организаций, обладающих лицензиями или разрешениями на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыруға лицензияларды және рұқсаттарды иеленген ұйымдардың жарияланымдарына қойылатын талаптар туралы
Инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженің 4-тармағының 3), 8) және 12) тармақшаларының негізінде Ұлттық комиссия Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ұлттық комиссия берген лицензиялардың және рұқсаттардың негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың жарияланымдарының мазмұнында нөмірлерін, берілген күндерін және олар бойынша жүзеге асырылатын қызмет түрлерін енгізе отырып осындай лицензиялар (рұқсаттар) туралы мәліметтердің болу керектігі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының 1-тармағы нормасының бұқаралық ақпарат құралдарындағы оның ішінде электрондық, сондай-ақ баспасөз өнімі түріндегі, жарияланымдардың мынадай түрлеріне:
Тармақша 1
1) заңдарға сәйкес жариялауға жататын есеп берулерге;
Тармақша 2
2) Ұлттық комиссия берген лицензиялардың немесе рұқсаттардың негізінде бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметті жарнамалауға;
Тармақша 3
3) Ұлттық комиссия берген лицензиялардың немесе рұқсаттардың негізінде бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметке байланысты мәселелер бойынша өзге де кез-келген жарияланымдарға қатысты қолданылатындығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыруға лицензияларды және рұқсаттарды иеленген және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыруға лицензия немесе рұқсат алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.