О выплате единовременной материальной помощи ко Дню Победы в Великой Отечественной войне участникам и инвалидам Великой Отечественной войны Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай біржолғы материалдық көмек төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын және аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 241-ІV "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімін (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-7-123 болып тіркелген) басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне орай жергілікті бюджеттен 100 000 (жүз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек төленсін.
Тармақ 2
2. "Мақат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі материалдық көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Сағиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.