Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе научной организации Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ғылым комитеті (Б.А. Қасымбеков):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. «Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 707 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3948 болып тіркелген, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 173-174 (798) «Заң газеті») күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 202 бұйрығымен бекітілген Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы Ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңес (бұдан әрі – Кеңес) болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметіне 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, салалық бағдарламаларды, ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ ғылыми ұйымның Жарғысын және осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ғылыми ұйымның ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтері мәселелерін қарастыру, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және тиісті ұсынымдар енгізу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басым бағыттарын іске асыруға көмектесу;
Тармақша 3
3) ғылыми ұйым қызметтерінің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын қарастыру;
Тармақша 4
4) ғылыми ұйымның бірыңғай мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу бойынша басқа ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимыл мәселелерін қарастыру;
Тармақша 5
5) ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу;
Тармақша 6
6) ұйымның инновациялық қызметін дамыту мәселелерін қарастыру;
Тармақша 7
7) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін дәріптеу мен насихаттауға қатысу, оларды коммерцияландыруға көмектесу;
Тармақша 8
8) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға көмектесу;
Тармақша 9
9) ғылыми ұйымдардың және оның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысы бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Тармақ 3. 3. Кеңес қызметтері
3. Кеңес қызметтері
Тармақ 4
4. Кеңес өз міндеттерін орындау үшін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында ғылыми ұйымның негізгі бағыттары бойынша ұсынымдарды талқылайды және әзірлейді;
Тармақша 2
2) ғылыми тұжырымдамаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық даму бағдарламаларына, ғылым саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік актілерге ұсыныстарды қарастырады;
Тармақша 3
3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың және олардың нәтижелерін практикалық іске асыру, ғылыми кадрларды даярлау, ғылыми еңбектерді шығару жоспарларын бекіту және іске асыру бойынша ұсынымдарды қарастырады және әзірлейді;
Тармақша 4
4) ғылыми ұйымның ғылыми, ғылыми-ұйымдастыру және өндірістік қызметі бойынша есептерді бекіту бойынша ұсынымдарды қарастырады және әзірлейді;
Тармақша 5
5) ғылыми ұйымды басқаруды жетілдіру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) қаржылық қаражаттарды тиімді пайдалану бойынша мәселелерді талқылайды және ұсынымдар енгізеді;
Тармақша 6
6) басқа ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселелерін қарастырады;
Тармақша 7
7) құрылымдық бөлімшелердің, олардың басшыларының және жекелеген ғылыми қызметкерлерінің ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметі туралы есептерін тыңдайды;
Тармақша 8
8) ғылыми ұйымның халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін, шетелдік ұйымдармен бірлесе өткізген ғылыми зерттеулердің орындалу барысын талқылайды, қызметкерлердің шетелдік ғылыми іссапарлары бойынша есептерін тыңдайды;
Тармақша 9
9) ғылыми кадрларды даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен байланысты мәселелерді талқылайды; ғалымдардың ғылыми кадрларды даярлау бойынша жұмыстары туралы хабарламаларын жүйелі түрде тыңдайды;
Тармақша 10
10) мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарға ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтарды және өнертабыстарды ұсынады;
Тармақша 11
11) ұйымның ғылымды дамытуға үлес қосқан ғылыми қызметкерлеріне ғылыми және құрметті атақтарды беруге кандидатураларды ұсынады;
Тармақша 12
12) Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына ұсынылған ғалымдардың кандидатураларын қарастырады;
Тармақша 13
13) ғылыми құрылымдардың, зертханалардың меңгерушілері, бас және жетекші, аға және кіші ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарын орналастыру мәселелері бойынша ұсынымдарды талқылайды және әзірлейді;
Тармақша 14
14) жекелеген авторлардың, ұжым және қызметкерлердің ғылыми еңбектерін жариялауға ұсынады;
Тармақ 5
5. Ғылыми ұйым кеңесінің дербес құрамын ғылыми ұйымның басшысы екі жыл мерзімге бекітеді. Кеңестің мүшелері ұйымның ғылыми қызметкерлері ұжымының жалпы жиналысында көпшілік дауыспен сайланады.
Тармақ 6
6. Кеңестің төрағасы ғылым ұйымның басшысы, ол болмаған жағдайда басшының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып табылады.
Тармақ 7
7. Кеңес қажеттілігіне қарай жиналады, бірақ тоқсанына бір реттен жиі емес. Егер отырыста Кеңес құрамының 2/3 қатысып отырса, Кеңес шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Егер отырысқа қатысқан кеңес мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, Кеңес шешімі қабылданды деп саналады. Егер Кеңес құпия дауыс беру туралы шешім қабылдамаса, шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 9
9. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие және ғылыми ұйымның басшысы бекіткеннен кейін күшіне енеді.