Об утверждении Правил обеспечения питанием экипажей морских судов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова____________ 2011 жылғы 25 мамыр
Басқа 0. Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырда № 280 бұйрығымен бекітілген Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 52) тармақшасына сәйкес әзірленген және кеме иесінің теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Теңіз кемелерінің экипаждарын кеме иесі тәулік бойы вахтада тұрмайтын және жағалау инфрақұрылымына қолжетімділігі бар теңіз порттарының акваториясы шегінде жұмыс істейтін порт (қосалқы) флоты кемелері экипажының мүшелерін қоспағанда, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тамақтану рационымен қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Кеме иесі жүріс уақыты мен портта тұру уақытын қоса, теңіз кемелерін пайдалану кезінде, сондай-ақ кеме экипажы мүшелері өз күштерімен немесе зауыттық жағдайда жүзеге асыратын жөндеу жұмыстары кезінде олардағы экипаждар мүшелеріне тамақ рационын ұсынады. Тамақ рационы сондай-ақ теңіз кемелері экипажы мүшелеріне олардың кеме бортында ауруы кезінде ұсынылады.
Тармақ 4
4. Кемелер экипаждарының жұмыс режимін ескере отырып, теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін:
Тармақша 1
1) үш рет – теңіз кемелері экипажының мүшелері кемеде тәулік ішінде болған кезде;
Тармақша 2
2) екі рет - теңіз кемелері экипажының мүшелері кемеде 12 сағат шегінде болған кезде;
Тармақша 3
3) бір рет - теңіз кемелері экипажының мүшелері жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегіңде (8 сағат) болған кезде.
Тармақ 5
5. Вахталық қызметті және түнгі уақыттағы жұмысты атқарған кезде тәуліктің түнгі уақытында қызмет атқаратын теңізшілер мен қызметкерлер үшін қосымша тамақтану ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Камбуз жұмысының кестесі жұмыстың кемелік кестемен үйлестіріледі.
Тармақ 7
7. Еңбектің ерекше зиянды жағдайымен байланысты адамдар үшін емдік-профилактикалық тамақ көзделеді.
Тармақ 2. 2. Теңіз кеме экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібі
2. Теңіз кеме экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 8
8. Кеме иесі теңіз кемелері экипажының бір мүшесіне тамақ рационының тәуліктік құнын, олар белгілеген нормаларды, өнімдер атауларын және олардың нақты бағасын негізге ала отырып белгілейді.
Тармақ 9
9. Жүзу құрамына тамақ рационынның құны ақшамен өтелмейді.
Тармақ 10
10. Кеме иесі теңіз кемелері экипаждары мүшелерінің тамағын ұйымдастыруды, сумен, ас үйлік және асханалық жабдықпен, азық-түлікті алу және сақтауға арналған ыдыспен жарақтауды қамтамасыз етеді. Кеме иесі анық сапасыздық белгісі бар (бүлінген, бұзылған, ластанған) тамақ өнімдерінің қауіпсіз екенін куәландыратын және оның тегін растайтын құжаттар болмаған кезде, белгіленген жарамдылық мерзімдері немесе өткен жарамдылық мерзімдері болмаған кезде, таңбалауы болмаған кезде, ұсынылған ақпаратқа сәйкес келмеуі кезінде оларды қабылдауға және іске асыруға жол бермейді.
Тармақ 11
11. Теңіз кемелері экипаждары мүшелерінің тамағын ұйымдастыруды кеме иесі кеме капитаны арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Кеме иесі теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін тамақ рационымен қамтамасыз ету үшін өнімдерді сатып алуға арналған ақша қаражатын кеме капитанына береді.
Тармақ 13
13. Өнімдерді ұқсас тамақ өнімдеріне консервіленген түрде ауыстыруға, сондай-ақ теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін шарттарға сәйкес қоғамдық тамақтанудың жағалау ұйымдары арқылы ұжымдық тамақтандыруды ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
Басқа 0. Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлігінің тегін рационы және нормалары
Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасына қосымша Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлігінің тегін рационы және нормалары Азық-тү­лік­тер­дің ата­уы Тәу­лі­гіне бір адам­ға ар­нал­ған нор­ма (грамм) Нан – бар­лы­ғы 550 со­ның ішін­де: қа­ра нан 200 би­дай нан 300 тәт­ті нан 50 Ұн­ға шақ­қан­да­ғы нан 375 Жо­ғар­ғы және бі­рін­ші сорт би­дай ұны фор­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған (бай­ы­ты­л­ған) 10 Крах­мал 5 Жар­ма­лар 60 Бұр­шақ­тар 20 Ма­ка­рон бұй­ым­да­ры 40 Са­ры май 60 Май­лар бас­қа да 10 Мар­га­рин 10 Өсім­дік майы 20 Сүт және сүт өнім­де­рі - бар­лы­ғы 200 со­ның ішін­де: сүт 125 қай­мақ 25 ірім­шік 30 сыр 20 жұ­мырт­қа (да­на) 1 Ет және ет өнім­де­рі - бар­лы­ғы 290 со­ның ішін­де: ет 250 шұ­жық бұй­ым­да­ры 30 ет кон­сер­ві­ле­рі 10 Ба­лық, ба­лық өнім­де­рі және те­ңіз өнім­де­рі - бар­лы­ғы 110 со­ның ішін­де: ба­лық 60 сельдь 20 ба­лық кон­сер­ві­ле­рі 20 те­ңіз өнім­де­рі 10 Қант және кон­ди­тер­лік бұй­ым­да­ры 120 Шай 5 Ко­фе 3 Ка­као 2 Кар­топ 400 Кө­кө­ні­стер - бар­лы­ғы 500 со­ның ішін­де: пи­яз 60 көк (ас­сор­ти­ментт­те) 80 жас қы­за­нақ 50 жас қи­яр 50 жас қы­рық­қа­бат 60 сә­біз 60 қы­зы­л­ша 60 са­рым­сақ 5 қы­за­нақ-па­с­та 25 тұз­дал­ған өнім­де­рі 50 Кеп­ті­рі­л­ген же­міс-жи­дек­тер 30 Же­міс-жи­дек­тер - бар­лы­ғы 260 со­ның ішін­де ли­мон­дар 10 Шы­рын­дар 100 Йод­тал­ған тұз 30 Дәм­де­уіш­тер және дәм қо­сар­лар 8 Жас ашыт­қы­лар 15 Өнер­к­ә­сіп­тік өн­ді­рі­л­ген тұз­дық­тар 10