Об утверждении Положения о деятельности медицинских организаций, оказывающих травматологическую и ортопедическую помощь Күшін жойған
Басқа 0
Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағиданы бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексiнің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 352 бұйрығымен бекітілген
Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағида
Тармақ 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және травматологиялық және ортопедиялық медициналық ұйымдардың статусы мен өкілеттілігін анықтайды.
Тармақ 2
2. Халыққа (ересек адамдар мен балаларға) травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдар (бұдан әрі - Ұйымдар) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды анықтауға, емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. Ұйымдардың жұмысын (республиканың, облыстың, қаланың) штаттан тыс бас травматолог – ортопед маманы үйлестіреді.
Тармақ 4
4. Травматологиялық және ортопедиялық көмек жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды уақтылы анықтауды, емдеуді және медициналық оңалтуды қамтиды.
Тармақ 5
5. Халыққа (ересек адамдар мен балаларға) травматологиялық және ортопедиялық көмек консультациялық-диагностикалық және/немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетіледі.
Тармақ 2. 2. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
2. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Халыққа травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) балалар мен ересектер арасында жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 2
2) диагностиканың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын ерте диагностикалау;
Тармақша 3
3) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес емдеу;
Тармақша 4
4) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, жарақаттанудың профилактикасы бойынша іс-шаралар өткізу;
Тармақша 5
5) «Стационарды алмастыратын көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 798 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5951 тіркелген) тәулік бойы медициналық қадағалауды қажет етпейтін науқастарға стационарды алмастыратын және оңалту көмегін көрсету (бұдан әрі – медициналық айғақтары болған жағдайда стационарды алмастыратын көмек көрсету) мынадай жағдайларда белгіленеді:
- емделушіні дәрігер тексеріп-қарауы үшін гипстік байлауды қою, ауыстыру немесе алу, деформацияларды түзету кезеңінен кейінгі медициналық айғақтардың болуы;
- ұзақ мерзім бойы кешендік тексеру жүргізуді талап ететін аурудың диагнозын қою және/немесе нақтылау;
- пациентке белгілі дайындықты талап ететін күрделі диагностикалық зерттеуді жүргізу үшін медициналық айғақтардың болуы;
- амбулаторлық жағдайда (операциядан кейінгі жараны таңып-байлау, медикаменттік препараттарды буынға егу, буыннан пункция алу, диагностикалық биопсия) дәрігерлер орындайтын емдеу манипуляцияларын жүргізу үшін медициналық айғақтардың болуы;
- диагностикалық артроскопия және ангиография;
- миниинвазивтік операциялық әрекеттерді орындау;
- оңалту және қайта қалпына келтіру емдеу курсын жүргізу;
- науқас тәулік бойы болған стационардан шыққаннан кейін динамикалық қадағалау үшін медициналық айғақтардың болуы болып табылады.
Тармақ 7
7. Жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары анықталған жағдайда немесе олардың асқынған жағдайында бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының дәрігерлері және басқа мамандық дәрігерлері науқастарды амбулаторлық-емханалық ұйымдардың немесе стационарлық медициналық ұйымдардың травматолог–ортопед дәрігеріне консультацияға және емдеуге жібереді.
Тармақ 3. 3. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
3. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
Тармақ 8
8. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ТОҒЗИ);
Тармақша 2
2) құрылымында оған жүктелген функцияларға байланысты мынадай медициналық ұйымдар:
Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті;
Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі;
стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі;
стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі;
орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі;
стационарлық медициналық ұйымдардың травматологиялық пункті жатады.
Тармақ 4. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортпедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортпедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Тармақ 9
9. ТОҒЗИ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, кәсіпорын Жарғысын басшылыққа алады және өзінің қызметін медициналық қызметке мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. ТОҒЗИ қызметінің негізгі мәні мен мақсаты травматология және ортопедия саласында ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың профилактикасының, диагностикасының, емдеуі мен оңалтуының қазіргі заманғы, жоғары технологиялық және тиімді тәсілдерін практикаға енгізу, халыққа білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріне жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға көмек беру жөнінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 5. 5. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті
5. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті
Тармақ 11
11. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті (бұдан әрі – Кабинет) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға амбулаториялық жағдайда консультациялық және емдеу–диагностикалық көмекті қамтамасыз ету үшін құрастырылған.
Тармақ 12
12. Кабинеттің негізгі қызметтері:
Тармақша 1
1) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету;
Тармақша 2
2) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды стационарлық емдеуге іріктеу және жіберу;
Тармақша 3
3) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге іріктеу және жіберу;
Тармақша 4
4) кезеңдік гипс қою көмегімен санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ балаларға консервативтік емдеу жүргізу;
Тармақша 5
5) жарақаттардың салдарымен және сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды: санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ, сколиоз, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелі аурулары, қаңқаның даму аномалияларымен ауыратын балаларды, остеопороз және ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі науқастарды диспансерлік бақылау;
Тармақша 6
6) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
Тармақша 7
7) медициналық–әлеуметтік сараптама комиссиясына тұрақты еңбекке қабілеті жойылған белгілері бар науқастарды жіберу;
Тармақша 8
8) учаскелік дәрігер-терапевттің, жалпы тәжірибелік дәрігер (отбасылық дәрігер), дәрігер–хирург, сонымен қатар (құрамында травматология және ортопедия кабинеті жоқ) медициналық ұйымдардың дәрігерлерінің жолдамасымен келген, жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға консультациялық, диагностикалық - ем шараларын жүргізу;
Тармақша 9
9) өңірлерде ересектер мен балалар арасындағы сүйек–бұлшықет жүйесі аурушаңдығы мен жарақаттанушылығын төмендету, оның алдын алуға бағытталған мемлекеттік және өңірлік нысаналы бағдарламаларды орындауға қатысу;
Тармақша 10
10) қызмет көрсететін ауданда ересектер мен балалар арасындағы жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының аурушаңдық, мүгедектік, өлім-жітім негізгі медициналық–статистикалық айғақтарына мониторинг және сараптама жасау;
Тармақша 11
11) қызмет көрсететін ауданда жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға жарақаттың алдын алу, диагностикалау, оңалту және диспансерлік бақылау бойынша ұсыныстарды құрастыру;
Тармақша 12
12) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды емдеу, диагностикалау және алдын алу жаңа әдістерін енгізу;
Тармақша 13
13) тәжірибелік травматология және ортопедия мәселелері бойынша медициналық алдын алу кабинеттерінің дәрігерлік және орта медициналық жұмыскерлерінің, учаскелік дәрігер-терапевтердің, дәрігер-педиатрлардың, дәрігер-неонатологтардың, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің, дәрігер-хирургтердің балалар хирургі дәрігерлерінің біліктілігін көтеру бойынша іс–шараларға қатысу;
Тармақша 14
14) жарақаттанушылықтың барлық түрлерінің алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізуге қатысу;
Тармақша 15
15) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 16
16) медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.
Тармақ 13
13. Кабинеттің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлемінен, қызмет көрсетілетін халық санына және «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген) (бұдан әрі – денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері) штат нормативтеріне сүйене отырып, Кабинет құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.
Тармақ 14
14. Кабинет осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жабдықтардың амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинетіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6. 6. Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі
6. Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі
Тармақ 15
15. Консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі (бұдан әрі - Емханалық бөлімше) облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда ұйымдастырылады.
Тармақ 16
16. Емханалық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тексерудің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, қажетті зертханалық, аспаптық және диагностикалық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 3
3) науқастарды стационарлық тексеріске және емдеуге іріктеу және жіберу;
Тармақша 4
4) амбулаторлық-емханалық және стационарлық ұйым жағдайларында пациенттерді әрі қарай емдеу ұсынымдарын белгілеу;
Тармақша 5
5) жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету және оларды қолдану тиімділігіне талдау жүргізу саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді клиникалық практикаға енгізу;
Тармақша 6
6) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жарақаттар мен сүйек–бұлшықет жүйесі ауруларын, оның ішінде балалар жарақаттанушылығының алдын алу жөнінде халықпен санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;
Тармақша 8
8) кезеңдік гипс қою көмегімен санның туа біткен шығуы және туа біткен маймақ аяқ балаларға консервативтік емдеу жүргізу;
Тармақша 9
9) санның туа біткен шығуы бар және туа біткен маймақ аяқ, сколиоз, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелі аурулары, қаңқаның даму аномалияларымен ауыратын балаларды, остеопорозы бар және ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі пациенттерді диспансерлік бақылау;
Тармақша 10
10) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 11
11) медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.
Тармақ 17
17. Емханалық бөлімшенің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.
Тармақ 18
18. Емханалық бөлімше осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жабдықтардың амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинетіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 7. 7. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі
7. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі
Тармақ 19
19. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі (бұдан әрі - Стационарлық бөлімше) халыққа (ересек адамдар мен балаларға) көп бейінді мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) құрамында ашылады.
Тармақ 20
20. Амбулаториялық-емханалық жағдайда тиімді медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде сараланған диагностика, қажетті мамандандырылған емнің тәсілдерін әзірлеу және жүргізу үшін науқастар медициналық ұйымның Стационарлық бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 21
21. Стационарлық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға терапиялық және/немесе хирургиялық, оның ішінде микрохирургиялық емдеу әдістерін қолдану арқылы мамандандырылған, оның ішіде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) басқа аурулармен зертханалық және аспаптық диагностика және сараланған диагностика жүргізу;
Тармақша 3
3) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және профикалтиканың қазіргі заманғы әдістерін клиникалық практикаға енгізу және меңгеру;
Тармақша 4
4) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды оңалтудың госпиталдық кезеңін жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) мамандандырылған, соның ішінде жоғары технологиялық травматологиялық және ортопедиялық медициналық көмектің емдеу және диагностикалау мәселелері бойынша көп бейінді стационардың қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысу;
Тармақша 7
7) жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелерінде стационардың басқа бөлімшелері дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 8
8) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 9
9) медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету.
Тармақ 22
22. Стационарлық бөлімше орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 23
23. Стационарлық бөлімшенің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.
Тармақ 24
24. Стационарлық бөлімше осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жабдықтардың стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8. 8. Стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі
8. Стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі
Тармақ 25
25. Стационарлық медициналық ұйымдардың көп және байланысқан жарақат бөлімшесі (бұдан әрі - Бөлімше) халыққа (ересек адамдар мен балаларға) көп бейінді мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) құрамында ашылады.
Тармақ 26
26. Бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарға диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) басқа аурулармен зертханалық және аспаптық диагностика және сараланған диагностика жүргізу;
Тармақша 3
3) шұғыл стационарлық (тексеру, емдеу және оңалту) медициналық көмек көрсету және кейіннен көптеген (тірек-қимыл жүйесінің екі немесе одан да көп сегменттерінің зақымдануы) және/немесе үйлескен (басқа жүйелері мен органдардың - бассүйек жарақаттарымен, ішперде қуысымен, ірі тамырмен үйлескен тірек-қимыл аппаратының және нервтердің зақымданулары) жарақаттарды емдеу;
Тармақша 4
4) симультантты (кезеңдік) операциялар жасау;
Тармақша 5
5) көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды оңалтудың емдеуге жатқызу кезеңдерін жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Бөлімше құрамына кіретін емдеу-алдын алуды ұйымдастыру бөлімшесінде көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу мәселелері бойынша басқа маман дәрігерлердің консультациялық көмек көрсетуі;
Тармақша 7
7) Бөлімшеде емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыру және көп және байланысқан жарақаттар кезінде ауруханалық өлім-жітімді төмендету үшін іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
Тармақша 8
8) көп және байланысқан жарақаттармен ауыратын науқастарды диагностикалау және медициналық көмек көрсету мекемелері бойынша емдеу-алдын алу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби біліктігін арттыруға қатысу;
Тармақша 9
9) көп және байланысқан жарақаттармен ауыратын науқастарды профилактикалау, диагностикалау, емдеу және оңалтудың жаңа тиімді әдістерін жүйелі меңгеріп, практикаға енгізу;
Тармақша 10
10) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 12
12) медициналық айғақтары бойынша науқастарға стационарды алмастыратын көмек көрсету.
Тармақ 27
27. Бөлімшенің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.
Тармақ 28
28. Стационарлық бөлімше орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 29
29. Бөлімше осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жабдықтардың стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 9. 9. Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі
9. Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі
Тармақ 30
30. Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесі (бұдан әрі – Травматологиялық бөлімше) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мемлекеттік жағдайда көлік жолдарына жақын орналасқан орталық аудандық (ауданаралық) ауруханаларда апаттық-қауіпті жол учаткілерінде жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге білікті және мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында құралған.
Тармақ 31
31. Травматологиялық бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) жол-көлік оқиғаларында (кейін – ЖКО) көптеген және/немесе байланысқан жарақаттармен зардап шеккен науқастарға шұғыл жағдайларда жедел медициналық жәрдем көрсету және әрі қарай емдеу;
Тармақша 2
2) көптеген және байланысқан жарақаттары бар науқастарға оңалтудың емдеуге жату кезеңін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ЖКО зардап шеккен көп және байланысқан жарақаттар кезінде ауруханалық өлім-жітімді төмендету және емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыру іс-шараларын әзірлеу және өткізу;
Тармақша 4
4) ЖКО зардап шеккен көп және байланысқан жарақаттары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалаудың, оңалтудың емдеумен жаңа тиімді әдістерін жүйелік игеру және практикаға енгізу;
Тармақша 5
5) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
Тармақша 6
6) ЖКО зардап шеккен науқастарға шұғыл жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша басқа медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Тармақша 7
7) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызметі туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 8
8) медициналық айғақтары бойынша науқастарға стационарды алмастыратын көмек көрсету.
Тармақ 32
32. Травматологиялық бөлімшенің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.
Тармақ 33
33. Травматологиялық бөлімше осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жабдықтардың орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10. 10. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматологиялық пункті
10. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматологиялық пункті
Тармақ 34
34. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматологиялық пункті (бұдан әрі – Травмпункт) шұғыл жағдайларда жарақат алған пациентке амбулаториялық жедел медициналық жәрдем көрсету мақсатында құрылады.
Тармақ 35
35. Жарақат алған пациент өздігінен немесе жедел медициналық жәрдем арқылы Травмпункте қаралады. Травмпункттің травматолог дәрігері зардап шегушінің жалпы жағдайын, оның травматологиялық-ортопедиялық мәртебесін бағалайды, диагнозын нақтылау және кейіннен шұғыл айғақтары бойынша пациентке шұғыл жедел медициналық жәрдем көрсету үшін қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулердің қажеттілігін анықтайды, оны медициналық айғақтары бойынша бейінді стационарға білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін емдеуге жатқызу қажеттігін анықтайды.
Тармақ 36
36. Травмпункттің пандустармен жабдықталған және келесі функциялық қосалқы үй-жайларымен жеке есігі бар:
Тармақша 1
1) тіркеу бөлімі;
Тармақша 2
2) күту залы;
Тармақша 3
3) дәрігерлік қабылдау үшін екі кабинет (алғашқы және қайталама);
Тармақша 4
4) таза операциялық;
Тармақша 5
5) екі таңу бөлмесі: таза және іріңді таңулар үшін;
Тармақша 6
6) гипстік кабинет;
Тармақша 7
7) егу кабинеті;
Тармақша 8
8) рентген кабинеті;
Тармақша 9
9) Травмпункт меңгерушісінің кабинеті.
Тармақ 37
37. Травмпункттің негізгі қызметі болып табылады:
Тармақша 1
1) диагностикалық іс-шаралармен қамтамасыз ету, жарақаттары бар пациентке терапиялық және/немесе хирургиялық ем көрсету. Шұғыл жағдайларда травматология және ортопедия бойынша жедел медициналық жәрдем көрсету үшін мынадай жағдайлар медициналық айғақтар болып табылады:
- зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болған жағдайда жұмсақ тіндердің сіңірлердің, бұлшықеттердің, нерв діндерінің және ірі тамырлардың зақымданбай инфекцияланбаған жарақаттары;
- соғып алу; асқынбаған гемартрозбен, буындардың байланысқан аппаратының созылуы;
- қол, қол ұшы және аяқ бастары буындарындағы жарақаттық шығу;
- өкпеқабын зақымдамай қабырғалардың бірлі-жарым сынуы; кеуденің, омыртқалардың және т.б. соғылуы;
- сүйектердің жабық сынықтары (орнына салуға және ұстатуға болатын сынықшалардың ығысқан немесе ығыспаған);
- хирургиялық араласуларды талап етпейтін шектелген күйіктер мен үсулер (дене бетінің кемінде 5%);
Тармақша 2
2) медициналық айғақтары болған жағдайда пациентті республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, облыстық және қалалық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдем ауруханаларының, орталықтардың, орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың бейінді бөлімшелеріне емдеуге жатқызуға жіберу;
Тармақша 3
3) нормативтік құқықтық актілеріге сәйкес есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, тізілімдер үшін деректер жинақтау болып табылады.
Тармақ 38
38. Травмпункте шұғыл жағдайларда шұғыл медициналық жәрдем пациенттерге оның тұрғылықты мекенжайына қарамастан тәулік бойы көрсетіледі.
Тармақ 39
39. Травмпункттің құрылымы мен медициналық қызметкерлердің штат санын емдеу-диагностикалық жұмысын жүргізу көлеміне, қызмет көрсетілетін халық санына және денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтеріне сүйене отырып, құрамында ол құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.
Тармақ 40
40. Травмпункт осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес жабдықтардың травматологиялық пунктіне арналған минимал тізбесімен қамтамасыз етіледі.
Басқа 132. Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинетіне арналған жабдықтардың минимал тізбесі
Травматологиялық және
ортопедиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қызметі
туралы қағидаға 1-қосымша
Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинетіне арналған жабдықтардың минимал тізбесі
№ п/п
Жабдықтар атауы
Саны (дана/жинақ)
1
Медициналық таразы
1
2
Бой өлшеуіш
1
3
Жиналмалы бұрыш өлшеуіш
1
4
Негатоскоп
1
5
Электрлік дрель
1
6
Электрлік сорғыш
1
7
Электрлік коагулятор
1
8
Ортопедиялық операция үстелі
1
9
Таңу үстелі
1
10
Гипс салатын үстел
1
11
Аспаптық жылжымалы үстелше
1
12
Гипс салуға арналған үстелше
1
13
Медициналық жылжымалы шам
1
14
Бактерицидті стационарлық сәулелеуші
2
15
Эбониттік воронкалы оттегі жастықшасы
1
16
Зарарсызданған аспапты сақтауға арналған камера
1
17
Бастапқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған жиынтық
1
18
Гипсті алу және салуға арналған аспаптар жиынтығы
1
19
Қаңқаны тартып созуға арналған аспаптар жиынтығы
1
20
Плевраға пункция жасауға арналған жиынтық
1
21
Қол және аяқ сынықтарына арналған аспаптар жиынтығы
1
22
Сымдардың әртүрлі диаметр мен көлемдегі жиынтығы
1
23
Балалардың бұғана сынықтарын емдеуге арналған таңғыш
2
24
Қол ұшы мен саусақтарды бекітуге арналған таңғыш
1
25
Қол және аяққа арналған сым таңғыш (Крамера)
2
26
Аяққа арналған көліктік таңғыш (Дитерихса)
1
Басқа 133. Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесіне арналған жабдықтардың минимал тізбесі
Травматологиялық және
ортопедиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қызметі
туралы қағидаға 2-қосымша
Стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесіне арналған жабдықтардың минимал тізбесі
№ п/п
Жабдықтар атауы
Саны (дана/жинақ)
1
Негатоскоп
1
2
Көлеңкесіз жылжымалы шам
2
3
Қарқынды терапия кереуеті
бөлімшенің төсек көлемінің 50 %
4
Ортопедиялық операция үстелі
1
5
Гипс салатын үстел
1
6
Диагностикалық жылжымалы рентген аппараты
1
7
Эбониттік воронкалы оттегі жастықшасы
1
8
Бастапқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған жиынтық
2
9
Сіңір зақымдануына арналған аспаптар жиынтығы
2
10
Қол және аяқ сынықтарына арналған аспаптар жиынтығы
2
11
Қаңқаны тартып созуға арналған аспаптар жиынтығы және жүктеме
1
12
Қаңқаны тартып созуға арналған Белер таңғышы
1
13
Балканский рамасы
1
14
Сымдардың әртүрлі диаметр мен көлемдегі жиынтығы
1
15
Остеосинтезге арналған әртүрлі диаметр мен көлемдегі бұранда жиынтығы
1
16
Остеосинтезге арналған әр түрлі диаметр мен көлемдегі канюлирленген бұранда жиынтығы
1
17
Шор сүйек остеосинтезге арналған әр түрдегі және көлемдегі пластиндердің жиынтығы
1
18
Сүйек ішінен остеосинтездеуге арналған әр түрдегі және көлемдегі стерженді жиынтық
1
19
Сүйек арқылы остеосинтезге арналған әр түрдегі және көлемдегі аппараттар жиынтығы (спицалы және стерженді)
1
20
Остеосинтездеуге арналған жабдықтардың күштеу жиынтығы (электрлік дрель, электрлік коагулятор, электрлік сорғыш және басқалары)
1
21
Жамбас сүйектерінің сынықтарындағы аспаптар жиынтығы
1
22
Жамбас сүйегін шор сүйек остеосинтездеуге арналған әр түрлі түрдегі және көлемдегі пластиндер жиынтығы
1
23
Жамбас сүйегін сүйек арқылы остеосинтездеуге арналған әртүрлі түрдегі және көлемдегі (стерженді) аппараттар жиынтығы
1
24
Бас сүйегін тесуге арналған аспаптар жиынтығы
1
25
Декомпрессиялық ляминэктоминге арналған аспаптар жиынтығы
1
26
Сүйектерді өңдеуге арналған күштеу жабдықтар жиынтығы
1
27
Омыртқа сынықтарындағы аспаптар жиынтығы
1
28
Ортопедиялық операция жасауға арналған аспаптар жиынтығы
1
29
Балалардың ортопедиялық пластина жиынтығы
1
30
Ұзын сүйектерді сүйек арқылы ұстатуға және буындарды қозғалтуға арналған әр түрдегі және көлемдегі аппараттар жиынтығы
1
31
Буындарды эндопротездеуге арналған аспаптар жиынтығы
1
32
Түрлі буындарды эндопротездеуге арналған әр түрдегі және көлемдегі эндопротездер жиынтығы
1
33
Артроскопиялық баған
1
34
Майда буындарға арналған артроскопиялық жиынтық
1
35
Шынтақ, иық және тізе буындарына арналған артроскопиялық жиынтық
1
36
Омыртқаға операция жасауға арналған аспаптар жиынтығы
1
37
Микрохирургиялық операцияларға арналған аспаптар жиынтығы
1
Басқа 134. Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесіне арналған жабдықтаудың минимал тізбесі
Травматологиялық және
ортопедиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қызметі
туралы қағидаға 3-қосымша
Орталық аудандық (ауданаралық) ауруханалардың ауданаралық травматология бөлімшесіне арналған жабдықтаудың минимал тізбесі
№ п/п
Жабдықтар атауы
Саны (дана/жинақ)
1
Ортопедиялық операция үстелі
1
2
Таңу үстелі
1
3
Гипс салатын үстел
1
4
Аспаптық жылжымалы үстелше
1
5
Гипс салуға арналған үстелше
1
6
Көлеңкесіз стационарлық шам
1
7
Бактерицидті стационарлық сәулелеуші
1
8
Негатоскоп
1
9
Электрлік дрель
1
10
Дерматом
1
11
Эбониттік воронкалы оттегі жастықшасы
1
12
Бастапқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған жиынтық
1
13
Гипсті алу және салуға арналған аспаптар жиынтығы
1
14
Қаңқаны тартып созуға арналған аспаптар жиынтығы
1
15
Қол және аяққа арналған сым таңғыш (Крамера)
1
16
Аяққа арналған көліктік таңғыш (Дитерихса)
1
17
Қаңқаны тартып созуға арналған Белер таңғышы
1
18
Балканский рамасы
1
Басқа 135. Травматологиялық пунктіне арналған жабдықтаудың минимал тізбесі
Травматологиялық және
ортопедиялық көмек көрсететін
медициналық ұйымдардың қызметі
туралы қағидаға 4-қосымша
Травматологиялық пунктіне арналған жабдықтаудың минимал тізбесі
№ п/п
Жабдықтар атауы
Саны (дана/жинақ)
1
Ортопедиялық операция үстелі
1
2
Таңу үстелі
1
3
Гипс салатын үстел
1
4
Аспаптық жылжымалы үстелше
1
5
Көлеңкесіз стационарлық шам
1
6
Бактерицидті стационарлық сәулелеуші
2
7
Негатоскоп
1
8
Электрлік коагулятор
1
9
Эбониттік воронкалы оттегі жастықшасы
1
10
Ультрафиолеттік камера
1
11
Жиналмалы бұрыш өлшеуіш
1
12
Гипс салуға арналған үстелше
1
13
Электрлік дрель
1
14
Бастапқы хирургиялық көмек көрсетуге арналған жиынтық
2
15
Гипсті алу және салуға арналған аспаптар жиынтығы
1
16
Сіңір зақымдануына арналған аспаптар жиынтығы
1
17
Қол және аяқ сынықтарына арналған аспаптар жиынтығы
1
18
Сымдардың әртүрлі диаметр мен көлемдегі жиынтығы
1
19
Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған жиынтық
1
20
Білек сүйектерін реппозициялауға арналған аппарат
1
21
Тобық және табан сүйектерін реппозициялауға арналған аппарат
1
22
Балалардың бұғана сынықтарын емдеуге арналған таңғыш
2
23
Қол ұшы мен саусақтарды бекітуге арналған таңғыш
2
24
Қол және аяққа арналған сым таңғыш (Крамера)
2