Об упорядочении учета объектов потребительского рынка и услуг Карагандинской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарағанды облысының қызмет көрсету және тұтынушылар нарығы объетілерін есепке алуды реттеу туралы» 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен. ҚР қолданылып жүрген Заңдар тыйым салмаған іс-қимылдарды жүзеге асыратын кәсіпкерлер құқығы олардың экономика саласы бойынша кәсіпкерліктің барлық түрлерін тіркеу тәртібіне сәйкес бір ғана тіркеу органдарына келу арқылы, ҚР Заңдарына сәйкес ешқандай рұқсатсыз – ақ, лицензия берілетін түрлерінен басқа, кәсіпкерлікпен шұғылдану мүмкіндігін қорғайды:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы аумағында қызмет көрсету және тұтынушылар нарығы саласының кәсіпкерлікпен шұғылданатын шаруашылық тұлғалардың есебін алудың бірынғай құжаты болып аудан, қала салық комитеттері тіркейтін объект паспорты есептелсін.
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитеті (Нұрпейісов К.К) қалалар, аудандар әкімдеріне объект паспортын алған шаруашылық тұлғалар туралы ақпараттар алуға көмектессін.
Тармақ 3
3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ж.С.Таласпековке жүктелсін.