О мерах по борьбе с волками Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қасқырлармен күресу жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2003 № 262 қаулысымен. Қасқырлармен ұйымдасқан түрде күрес жүргiзiлмеудiң салдарынан, оның саны соңғы жылдары облыс аумағында белгiленген нормадан бiрнеше есе асып түстi. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң "Республикада жыртқыш аңдардың жекеленген түрлерiнiң санын реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 5 қыркүйектегi N 1230 қаулысына сәйкес, жыртқыштың облыстың экономикасына, фаунасы мен тұрғындарына келтiретiн зиянын және онымен күресу жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар алудың қажеттiгiн ескерiп, ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Айналадағы ортаны қорғау облыстық қорының шығыстар сметасынан 2000 жылы қасқырларды атуды ұйымдастыру үшiн 800 (сегiз жүз мың) теңге бөлу қаралсын. Алдағы уақытта облыстық арнайы өкiлдi органдардың ұсынысын ескерiп, осы мақсатқа жыл сайын қаржы бөлу қарастырылсын.
Тармақ 2
2. Аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында ауланған әрбiр ересек қасқырға (терiсiнiң бағасынсыз) екi мың теңге, әр қаншық қасқыр үшiн бiр мың теңге көлемiнде сыйлық белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Аудандардың, ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi, облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, аңшылар мен балықшылардың облыстық және аудандық қоғамдары, "Динамо" спорт қоғамы (келiсiмi бойынша) тұрақты жұмыс iстейтiн аңшылар бригадаларына қоғамның мүшелерiн, жергiлiктi және басқа да бұған тартылған аңшыларды кеңiнен қатыстыра отырып, қасқырларды атуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Арнайы өкiлдi органдардың және айналадағы ортаны қорғау қорының қасқырлармен күрестi ұйымдастыруға және аңшыларды материалдық ынталандыруға арналған қаржы бөлудiң тәртiбi туралы ұсыныстары қосымшадағыға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 5
5. Аңшылар мен балықшылардың облыстық қоғамына ауланған жыртқыш аңның терiлерiн жинау, қабылдап алу, өткiзу, өңдеу және оның құнын аңшыларға төлеу мәселесiн шешу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандардың әкiмдерi, облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, аңшылар мен балықшылардың облыстық қоғамы және "Динамо" спорт қоғамы (келiсiмi бойынша) жүргiзiлген жұмыстар туралы жыл сайын 1 шiлдеде және 1 қаңтарда облыс әкiмi аппаратына хабарлап отырсын.
Тармақ 7
7. Шешiм облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндалып жариялансын.
Тармақ 8
8. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсiн.
Тармақ 9
9. Облыс әкiмiнiң "Қасқырлармен және шибөрiмен күресу жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 24 қазандағы N 10 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 10. Аңшыларға қасқырлармен күрестi ұйымдастыруға бөлiнген материалдық ынталандыру қаржысының ТӘРТIБI
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 13 шешiмiне қосымша Аңшыларға қасқырлармен күрестi ұйымдастыруға бөлiнген материалдық ынталандыру қаржысының ТӘРТIБI
Тармақ 1
1. Жыртқыш аңдармен күресуге арналып айналадығы ортаны қорғау облыстық қорынан бөлiнген қаржы тендерде жеңiп алған қызмет көрсетушiге (бұдан әрi "Орындаушы") тиiстi шарт жасалғаннан соң аударады. "Орындаушы" қасқырларды атуды ұйымдастырады, олардың терiлерi мен құйрықтарын жинастырып экспертизге апарады, есебiн жүргiзiп аңшыларды мадақтап отырады.
Тармақ 2
2. "Орындаушы" айнала ортаны қорғау қорына қаржының өз мақсатында жұмсалғанын анықтайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақша а
а). Орындалған жұмыстың келiсiм шартта көрсетiлгендей актiсi.
Тармақша б
б). Төленген құжаттардың көшiрмесi
Тармақша в
в). Қасқырдың атылғандығын анықтайтын құжаттардың көшiрмесi.
Тармақ 3
3. Қасқырды атқандығын анықтайтын құжаттар экспертиз актiсi облыстық комиссия, оның құрамында ортаны қорғау, орман, балық және аңшылар шаруашылығы облыстық басқармалары, мемлекеттiк бақылау күзетi басқармасы, жануарлармен және өсiмдiк әлемiн қайта көтерумен, облыстық аңшылар және балықшылар, айнала ортаны қорғау орталығы және облыс әкiмi аппараты айналысуға тиiстi.
Тармақ 4
4. Өлтiрiлген жыртқыштың терiсi аңшының жеке меншiгi болып саналады, сондықтан онымен қалай пайдаланса да өз еркi, экспертизге әкелiнген терiлер тобына (құйрықтар) реестр толтырылып аңшының аты-жөнi, мекен-жәйі, қызмет көрсететiн жинақ кассасы, жинақ кiтапшасының счет номерi, терi (құйрық) саны, тапсырылған биркiнiң номерi көрсетiлуi керек.
Тармақ 5
5. Екiншi рет көрсетiлуге әкелiнген терiлер, экспертиз комиссиясының шешiмiмен жойылады, ол жөнiнде экспертиз актiсiнде көрсетiледi.
Тармақ 6
6. "Орындаушы" ортаны қорғау қорынан ақша қаражатын алған бойда мадақтауларды төлейдi, аңшының жеке өзiне немесе сенген адамына, егер ол өзiнiң жеке куәлiгiн және экспертиз актiсiн, керектi құжаттарын көрсетсе почтамен үш күн мерзiмнен қалдырмай аударады.