Об упразднении некоторых населенных пунктов Акжаикского и Зеленовского районов Западно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Зеленов аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Ақжайық аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 10 тамыздағы № 24-2 және Ақжайық аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 шілдедегі № 202 "Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерін тарату және есепті деректерден шығару туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде, сонымен қатар Зеленов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 107 және Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 21-5 "Зеленов ауданының кейбір елді мекендерін тарату мен олардың бағыныстылығын өзгерту туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Зеленов аудандарының кейбір елді мекендері қосымшаға сәйкес таратылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың ұйымдастыру, құқық мәселелері және мәдени саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ақжайық ауданы бойынша:
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 17 қаулысы мен
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 32-3 шешіміне
қосымша
Батыс Қазақстан облысының
Ақжайық және Зеленов аудандары бойынша
таратылатын кейбір елді мекендер тізімі
Ақжайық ауданы бойынша:
Есенсай ауылдық округіне қарасты "Ақшкол" ауылы;
Жамбыл ауылдық округіне қарасты "Бұлан"ауылы;
Қабыршақты ауылдық округіне қарасты "Үшқұдық" ауылы;
Зеленов ауданы бойынша:
Дариян ауылдық округіне қарасты "Галицин" ауылы;
Железнов ауылдық округіне қарасты "Соколовка"ауылы;
Зеленый ауылдық округіне қарасты "Асерчев" ауылы;
Краснов ауылдық округіне қарасты "Щучкин" ауылы;
Мичурин ауылдық округіне қарасты "Абай" ауылы;
Мичурин ауылдық округіне қарасты "Садовое" ауылы;
Первосовет ауылдық округіне қарасты "Белоглинка" ауылы;
Рубежин ауылдық округіне қарасты "Чулпан" ауылы.