Об упразднении некоторых населенных пунктов Каратюбинского и Таскалинского районов Западно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Тасқала аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Қаратөбе аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 232 және Қаратөбе аудандық мәслихатының 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-6 "Кейбір елді мекендерді тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде сонымен қатар, Тасқала аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 400 және Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 30-1 "Тасқала ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Тасқала аудандарының кейбір елді мекендері қосымшаға сәйкес таратылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың ұйымдастыру, құқық мәселелері және мәдени саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қаратөбе ауданы бойынша:
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 17 қаулысы мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 30 мамырдағы № 32-4 шешіміне қосымша Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Тасқала аудандары бойынша таратылатын кейбір елді мекендер тізімі Қаратөбе ауданы бойынша: Егіндікөл селолық округіне қарасты "Жігерлен" ауылы; Тасқала ауданы бойынша: Қосшы ауылдық округіне қарасты "Комсомольск" селосы; Қазақстан ауылдық округіне қарасты "Жұмалы" селосы; Мереке ауылдық округіне қарасты "Жайықбай" селосы; Мереке ауылдық округіне қарасты "Карташово" селосы.