Об организации "Молодежной практики" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жастар іс - тәжірибесін" ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылға арналған жұмыссыз жастарға «Жастар іс - тәжірибесі» ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «Жастар іс - тәжірибесі» ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ә.Әбдіхалықова) 2011 жылға «Жол картасы» аясында жергілікті және республикалық бюджеттен қаралған қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қарақия ауданының әкімдігінің 18.03.2011 жылғы № 64 «2011 жылға жұмыссыз жастарға «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыруға және әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Төлешовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. КЕЛІСІЛДІ: «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ - нің бастығы Ә.Әбдіхалықова 05 мамыр 2011 жыл «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - нің бастығының міндетін атқарушы М.Б.Балықбаева 05 мамыр 2011 жыл
Басқа 7
Қарақия ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 06 маусымдағы № 92 қаулысына Қосымша «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі № Кент,село атаулары Жастар іс-тәжірибесі 1 адамға төленетін қаржы Барлығы 1 Құрық селосының әкім аппараты 6 26000 850,0 2 Жетібай кентінің әкім аппараты 10 26000 1415,0 3 Мұнайшы кентінің әкім аппараты 4 26000 550,0 4 Сенек селолық әкім аппараты 5 26000 650,0 5 Бостан селолық әкім аппараты 2 26000 300,0 6 Құланды селолық әкім аппараты 3 26000 400,0 7 МКК "Тұрмыс -Сервис" 10 26000 1415,0 8 МКК "Мұнайшы -Сервис" 30 26000 4100,0 Аудан бойынша 70 9680,00