Об утверждении Правил регистрации гражданско-правовых сделок, заключаемых казенными предприятиями в рамках выполнения государственного заказа Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2002 N 832 (01.01.2002 бастап күшiне енедi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 44-бабына сәйкес және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасаудың тәртібін анықтасын.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тапсырыстың орындалуына жауапты және оны қазыналық кәсіпорындар арқылы іске асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қаулының жарияланған күнінен бастап 10 күннің ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік тапсырысты орындайтын қазыналық кәсіпорындардың тізбесін ұсынсын және кейіннен оған барлық өзгерістерді ұсынсын.
Тармақ 4
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырысты орындайтын қазыналық кәсіпорындардың тізбесін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарына ұсынсын және кейіннен оған барлық өзгерістерді ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің Ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 11 мамырдағы
N 702 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің Ережесі
Осы Ереже мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайтын қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі - кәсіпорын) өздерінің шығыстар сметасының негізінде ондағы мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шығыстарды бөле отырып, оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органында (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық органы) тіркейді. Смета Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жасалады және оны уәкілетті орган бекітеді.
Кәсіпорын жасасатын мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер (бұдан әрі - шарттар), қазынашылықтың аумақтық органында оларды тіркегеннен кейін, жасалған деп саналады.
Заңнамалық кесімдерде көзделген жағдайларда, кәсіпорынның лауазымды тұлғалары уәкілетті орган бекіткен оның шығыстар сметаларының сомасынан жоғары мемлекеттік тапсырысты орындау бөлігінде шарттық міндеттемелерді қабылдағаны үшін жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Кәсіпорын қазынашылықтың тиісті аумақтық органына уәкілетті орган бекіткен шығыстардың сметасын, онда мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шығыстарды бөле отырып ұсынады. Қазынашылықтың аумақтық органы шығыстардың бұл сметаларын мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттарды тіркеудің тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) (1-қосымша) енгізеді.
Тармақ 3
3. Шартты тіркеу үшін кәсіпорын қазынашылықтың аумақтық органына мынадай құжаттарды:
қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген сәтінен бастап күшіне енетіндігі туралы жағдайы міндетті түрде болатын шартты үш данада;
мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шартты тіркеуге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) (2-қосымша) ұсынады.
Тармақ 4
4. Қазынашылықтың аумақтық органы өтінімнің деректемелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді және кәсіпорын кодының бар-жоғына, өтінімде көрсетілген мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттың сомасы бөлігінің (соманың) мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған сметалық тағайындаулардан асып түспеуіне бақылауды жүзеге асырады. Өтінім мен шарттың бір данасы қазынашылықтың аумақтық органында қалдырылады. Шарттың қалған екі данасында қазынашылықтың аумақтық органы оның тіркелгендігі туралы белгі қояды және оларды кәсіпорынға қайтарады. Қазынашылықтың аумақтық органының, егер өтінімде "оның ішінде, мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттың сомасы" деген жол бойынша сома мемлекеттік тапсырыс бойынша шығыстардың осы түрінің сметалық тағайындауларынан асып түсетін болса, кәсіпорынның шартын тіркеуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Шарттың сомасы немесе оның тараптарының деректемелері өзгерген жағдайда кәсіпорын қазынашылықтың аумақтық органына шартқа тиісті қосымша келісімді және оны тіркеуге арналған өтінімді ұсынады. Тіркеу осы Ереженің 3 және 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген, бірақ ағымдағы қаржы жылы аяқталмаған шарттар, келесі қаржы жылында атқарылуға жатады.
Қаржы жылы аяқталғаннан кейін қазынашылықтың аумақтық органы кәсіпорынға мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты аяқталмаған міндеттемелер туралы, егер мұндайлар орын алатын болса, анықтама (бұдан әрі - анықтама) (3-қосымша) береді. Анықтаманы, ол кәсіпорынға берілгенге дейін, қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты аяқталмаған міндеттемелер туралы анықтамаларды тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) (4-қосымша) тіркейді. Журналдағы жазбаларды анықтамаларды тіркеуге жауапты болып тағайындалған адам жүргізеді. Мемлекеттік тапсырыстың атқарылу тізілімінің деректері (5-қосымша) мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мемлекеттік тапсырыс бойынша оның бюджеттік шотынан, осы шығыс операцияларын жүзеге асыратын қазынашылықтың тиісті аумақтық органы қазыналық кәсіпорынның орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органына ұсынатын қазыналық кәсіпорынның есеп айырысу шотына ақша аударуға арналған төлем тапсырмалары анықтаманы жасау үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік тапсырыстың атқарылуы тізіліміне қазынашылықтың аумақтық органы олардың негізінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша шығыс операциялары жүзеге асырылған, кәсіпорынның төлем тапсырмаларының деректемелерін енгізеді.
Егер, кәсіпорынға екінші деңгейдегі банк қызмет көрсеткен жағдайда, кәсіпорын келесі операциялық күннен кешіктірмей, шарттардың тіркелген орны бойынша "Төлемнің тағайындалуы" мәтіндік кеңістігінде мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шығыстардың түрі мен сомасын көрсете отырып, шығыстарды жүргізуге арналған төлем тапсырмаларының көшірмелерін ұсынады.
Аталған мәтіндік кеңістікте шартты іске асыру жөніндегі барлық төлем тапсырмаларының көрсетілген жалпы сомасы мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған сметалық тағайындаулардың сомасынан және "оның ішінде, мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттың сомасы" деген жол бойынша шартты тіркеуге арналған өтінімде көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
Тармақ 7
7. Шартты бұзған жағдайда, кәсіпорын қазынашылықтың аумақтық органына шарттың бұзылғандығы туралы жазбаша хабарлайды. Қазынашылықтың аумақтық
органы мемлекеттік тапсырысты атқару тізілімінің "Ескерту" бағанына шарттың бұзылғандығы туралы тиісті белгі қояды, 5-қосымша.
Басқа 1. Мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттарды тіркеудің
Тізілімі
1-қосымша
____________________________________________
(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
Мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттарды тіркеудің
Тізілімі
_____________________________________________ бойынша
(қазыналық кәсіпорынның атауы және коды)
_________ жылға
теңге
------------------------------------------------------------------------
жол!Қазыналық кәсіпорын!Шығыстардың сомасы ! Шартты мемлекеттік
N ! шығыстарының түрі ! !
!-------------------!-------------------!----------------------------
!барлығы!оның ішінде!барлығы!оның ішінде! өтінімнің деректемелері
! !мем.тапсыр.! !мем.тапсыр.!----------------------------
! !орындауға ! !орындауға !тіркелген! N__ !мем.тапсырыс
! ! ! ! ! күні ! !тың сомасы
------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !

таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------------
тапсырыс шеңберінде тіркеу
------------------------------------------------------------------------
өтінімнің ! өтінімнің ! өтінімнің !Жиыны
деректемелері ! деректемелері ! деректемелері !
---------------------!---------------------!---------------------!
тіркел-! N_ !мем. !тіркел-! N_ ! мем. !тіркел-! N_ !мем. !
ген ! !тапсыр- !ген ! !тапсыр- !ген ! !тапсыр- !
күні ! !ыстың !күні ! !ыстың !күні ! !ыстың !
! !сомасы ! ! !сомасы ! ! !сомасы !
------------------------------------------------------------------------
9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 ! 15 ! 16 ! 17 ! 18
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! ! ! !

Қазынашылықтың жауапты атқарушысы
Басқа 2. Мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шартты (шартқа қосымша келісімді) тіркеуге арналған
2-қосымша
_____________________________________________
(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
_________________________________________
(қазыналық кәсіпорынның атауы және коды*)
Мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шартты (шартқа қосымша келісімді) тіркеуге арналған
________ жылғы "___"____________
N ____ Өтінім
Шарттың нөмірі ____________________________
Шарттың күні _______ жылғы "___"___________
Шарттың атауы __________________________________________________________
Шарт бойынша жалпы сома ________________________________________________
__________________________________________________________________ теңге
(санмен және жазумен)
оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттың сомасы
__________________________________________________________________ теңге
(санмен және жазумен)
Шығыстар сметасы жолының нөмірі ________________________________________
(жолдың нөмірі және мемлекеттік тапсырысты
________________________________________________________________________
орындауға жұмсалған шығыстардың сметасы көрсеткішінің атауы көрсетіледі)
Қазыналық кәсіпорынның басшысы ________________ ____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Бас бухгалтер ________________ ____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.
___________________
* 7 мәннен тұратын код (алғашқы үш мән - бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің коды, қалған төрт мән - қазыналық кәсіпорынның коды)
Басқа 3. __________________________________________ бойынша
3-қосымша
____________________________________________
(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
__________________________________________ бойынша
(қазыналық кәсіпорынның атауы мен коды)
_________ жылғы "___"___________
мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты
аяқталмаған міндеттемелер туралы
N _______ Анықтама
_________________________________________________________
(10 мәнді коды көрсетілген бюджеттік бағдарламаның атауы)
теңге
------------------------------------------------------------------------
N ! Мемлекеттік ! Бюджеттік бағдарламалар ! Қазыналық ! Мемлекеттік
р/р! тапсырысты ! әкімшісінің мемлекеттік ! кәсіпорынның ! тапсырыс
! орындауға ! тапсырысты төлеуге ! мемлекеттік ! бойынша
! жұмсалатын ! жұмсалатын шығыстары ! тапсырысты ! аяқталмаған
! шығыстар !-------------------------! орындауға ! міндеттеме-
! сметасының ! төлем ! төлем ! байланысты ! лер (4-бағ-
! жалпы сомасы ! тапсырмасы-! тапсырмасы-! шығыстарының ! - 2-бағ.)
! ! ның нөмірі ! ның сомасы ! жалпы сомасы !
! ! мен күні ! ! !
------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
Қазынашылықтың жауапты атқарушысы
Басқа 4. Мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты аяқталмаған
міндеттемелер туралы анықтамаларды тіркеу
4-қосымша
____________________________________________
(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
Мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты аяқталмаған
міндеттемелер туралы анықтамаларды тіркеу
Журналы
_______ жылғы ___________ басталды
_______ жылғы ___________ аяқталды
Жалғасы
Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылсын
____________________ жыл
------------------------------------------------------------------------
N ! Қазыналық ! Қазын. ! Анықтаманың ! Мемлекеттік ! Анықтаманы
р/р! кәсіпорынның ! кәсіп. ! деректері ! тапсырыс !берген тұлғаның
! атауы ! коды !-------------! бойынша !тегі, аты-жөні
! ! !нөмірі !күні ! аяқталмаған !
! ! ! ! ! міндеттемелер!
------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! !

* Осы бағанда мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты
орындалмаған міндеттемелері туралы анықтаманың 6-бағандағы деректер
көрсетіледі.
Басқа 5. Мемлекеттік тапсырыстың атқарылу
Тізілімі*
5-қосымша
____________________________________________
(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)
_________________________________________
(қазыналық кәсіпорынның атауы және коды)
Мемлекеттік тапсырыстың атқарылу
Тізілімі*
________ жылға
теңге
------------------------------------------------------------------------
жол ! Мем. тапсырысты орындауға ! өтінімнің ! Іс жүзіндегі
N ! арналған шығыстар ! деректе- !
! сметасының деректері ! мелері !
!-----------------------------! !------------------------
! мем. тапсыры- ! мем. тапсы- ! ! мем. тапсырыстың
! сты орындауға ! рыс бойынша !------------!------------------------
! арналған ! шығыстардың ! N__ !сомасы! нөмірі! сомасы! нөмірі
! шығыстардың ! сомасы ! ! ! және ! ! және
! түрлері ! ! ! ! күні ! ! күні
------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------------
атқарылуы !Ескерту**
--------------------------------------------------------------!
орындалуы бойынша шығыстарды төлеуге төлем тапсырмасының !
деректемелері !
--------------------------------------------------------------!
сомасы! нөмірі! сомасы! нөмірі! сомасы! нөмірі! сомасы! жиыны!
! және ! ! және ! ! және ! ! !
! күні ! ! күні ! ! күні ! ! !
------------------------------------------------------------------------
9 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 ! 15 ! 16 ! 17
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
Қазынашылықтың жауапты атқарушысы
_________________________________
* Тізілім шарттардың әрбір түрі бойынша жеке жүргізіледі;
** Шарт бұзылған кезде "Шарт бұзылды" деген тиісті белгі жасалады.