О наименовании некоторых улиц поселка Жангала Жангалинского района Қолданыста
Басқа 0
Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы кейбір көшелерге атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, халықтың пікірін ескере отырып, Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 3 ақпандағы хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы кейбір көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 63 көшеге - "Бақтығали Уәлиевтің атындағы" атау берілсін;
№ 66 көшеге - "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" атау берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Бигалиевке жүктелсін.