О присвоении одной из улиц села Кеген имени Рабата Мамбетова Қолданыста
Басқа 0
Кеген ауылындағы бір көшеге Рабат Мәмбетовтың есімін беру туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес және Райымбек аудандық ономастикалық кеңесінің келісімі мен Кеген ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеген селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кеген ауылындағы Б. Атыханұлы атындағы көшесімен және Кеген-Тюпь трассасымен қиылысатын көшеге еңбек ардагері Рабат Мәмбетовтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Кеген селолық округі әкімінің орынбасары М. Сопабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.