О присвоении наименования улице в селе Дайыр Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дайыр ауылындағы көшеге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Дайыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Дайыр ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Утебаев Акрамның есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.