Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых домами-интернатами для умственно-отсталых детей, психоневрологическими интернатами, домами-интернатами для престарелых и инвалидов общего типа Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 3. Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану Ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы N 719 қаулысымен бекітілген Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану Ережесі
Тармақ 1
1. Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражат заңнамаға сәйкес мынадай бағыттар бойынша: қамқорлыққа алынғандарды тамақтандыруды және дәрігерлік көмек көрсетуді жақсартуға; емдеу-еңбек шеберханаларының, қосалқы шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға; ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлерінде және қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлерінде тұратын қамқорлыққа алынғандарды көтермелеуге; емдеу-еңбек шеберханалары, қосалқы шаруашылықтар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге; интернаттарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуге; мәдени шараларды өткізуге және демалысты ұйымдастыруға пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Интернаттардың тауарлар мен ақылы қызмет көрсетулерді сатудан алынатын қаражаты интернаттардың "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына енгізіледі және мақсатты орны бойынша қатаң жұмсалады.
Тармақ 3
3. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты жұмсау үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен, шығыстар сметасы жасалады және бекітіледі.
Тармақ 4
4. Тауарлар мен ақылы қызметтерді сатудан түсетін қаражаттың есебін жүргізу және олардың пайдаланылуы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Тауарлар мен ақылы қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражаттың иелік етушісі, бюджет қаражатына иелік ету құқығы берілген, интернаттардың басшылары болып табылады.
Тармақ 6
6. Тауарлардың және интернаттар көрсететін қызметтердің бағасын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.