Об утверждении Правил пользования субъектами научной и (или) научно-технической деятельности услугами научных лабораторий коллективного пользования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесін бекіту туралы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 наурыздағы Заңының 6-бабы 2-тармағының екінші бөлімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ғылым комитеті (Б.А. Қасымбеков):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 201 бұйрығымен бекітілген Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі
Тармақ 1
1. Осы ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізу үшін жабдықтарға және қол жеткізу шартын анықтайды.
Тармақ 2
2. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар (бұдан әрі – Зертхана) өз қызметтерін «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар туралы үлгі ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7013 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Зертхана қызметкерлері жабдықтардың сақталуын, олардың жұмысқа жарамдылығын сақтауды, сондай-ақ тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі салаларындағы талаптарды, құрал-жабдықтарды және талдамалық, ғылыми-зерттеу жабдықтарын өндірушілердің ұсынымдарын орындайды.
Тармақ 4
4. Зертхана құрылымында зертхана орналасқан ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, жас ғалымдарына және қызметкерлеріне құралдарды пайдалануға және (бекітілген ғылыми бағыттар шеңберінде) зерттеулерді орындауға қолжетімдікті қамтамасыз етеді. Басқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қол жеткізуі шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Зертхана меңгерушісінің жазбаша келісімімен сабақ жетекшісінің және жабдыққа жауапты инженердің қатысуымен техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау берілгеннен кейін ғылыми жабдықтарды пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 6
6. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) ҒЗТКЖ қызметтерін жүргізуге өтінімді осы Ережеге 1-қосымшадағы нысанға сәйкес береді.
Тармақ 7
7. ҒЗТКЖ қызметтерін жүргізудің міндеттеріне сәйкес өтінім ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларға зерттеуді анықтауға және орындау үшін беріледі.
Тармақ 8
8. Зертхана меңгерушісі тапсырыс берілген жұмыстардың орындалу мүмкіндігі мен олардың санын келісу үшін өтінімге талдау жасайды, осының негізінде орындалар жұмыстың нәтижелерін беру күнін анықтайды. Қажет болған жағдайда Тапсырыс берушімен кеңеседі. Егер тапсырысты орындау мүмкін болмаған жағдайда Зертхана меңгерушісі өтінім келіп түскен сәттен бастап жазбаша түрде бас тартудың себебін жазып, түсініктеме береді.
Тармақ 9
9. Келісілген жағдайда Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында ҒЗТКЖ қызметтерін көрсетуге арналған шарт осы Ережеге 2-қосымшадағы нысанға сәйкес жасалады.
Тармақ 10
10. Зертхана жүргізілетін ҒЗТКЖ құпиялылығын, тапсырыс берушінің зияткерлік меншік құқығының сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Тапсырыс беруші талдамалық және зерттеу жұмыстарының кейбір түрлерін орындау кезінде қатыса және ғылыми жабдық инженеріне зерттеу саласы, зерттеу әдістері жөнінде ұсыныстар жасайды.
Тармақ 12
12. Тапсырыстардың орындалуына Зертхана меңгерушісі бақылау жасай алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін меңгеруші орындаушы (лар) мен бірге есепті осы Ережеге 3-қосымшадағы нысанға сәйкес және орындалған жұмыс нәтижесі бойынша ҒЗТКЖ қызметтерін көрсету хаттамасы түріндегі қорытынды есепті осы Ережеге 4-қосымшадағы нысанға сәйкес үш күн ішінде дайындап, тапсырыс берушіге ұсынады.
Тармақ 13
13. Орындалған жұмыс екі жақтың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылған орындалған жұмыс актісі арқылы осы Ережеге 5-қосымшадағы нысанға сәйкес беріледі. Тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішінде қабылдау-табыстау актісіне қол қояды немесе қабылдаудан бас тартатыны туралы дәйекті түсініктеме береді. Егер белгіленген мерзімде (үш күн ішінде) қабылдаудан бас тартатыны туралы дәйекті түсініктеме түспесе, жұмыс толық көлемде орындалды деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Тапсырыс беруші ҒЗТКЖ бойынша көрсетілетін қызмет нәтижелеріне қанағаттанбаса, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша арыз түрінде өз наразылығын білдіре алады.
Тармақ 15
15. Тапсырыс берушіге төлем төлеу-келісім негізінде қолма-қол есептесу немесе ақша қаражатын кассаға төлеп, ақшасыз есеп айырысу арқылы немесе Орындаушының есеп шотына аудару арқылы жүзеге асады.
Басқа 23. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша қызмет көрсетуге арналған Өтінім
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 1 қосымша Нысан ________________________________ ға ________________________________ дан (субъектінің толық атауы) Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша қызмет көрсетуге арналған Өтінім ______________________________________________________________ зертхананың атауы _______________________________________________________________ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне келесі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) орындау үшін __________________________________________________________ жұмыстың атауы 20__ж. «____» «_____________» Заңды тұлға/жеке тұлға басшысы _____________________________________________________________ (Қолы) (Т.А.Ә.)
Басқа 24. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша қызмет көрсетуге арналған ҮЛГІЛІК ШАРТ
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 2 қосымша Нысан Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша қызмет көрсетуге арналған ҮЛГІЛІК ШАРТ 20__ ж «_____» ___________ № ____ Астана қ. Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________________________ атынан _______________________, бір жағынан және бұдан әрі Орындаушы деп аталатын __________________________________ атынан _______________, екінші жағынан, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты: 1. ШАРТТЫҢ МӘНІ 1.1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы өз мойнына алады: Бағыты: Тақырыбы: 2. БІЛІКТІЛІК БЕЛГІСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР 2.1. Жұмыстардың бағыты: 2.2. Қолдану саласы: 2.3. Соңғы нәтиже: 2.4. Ғылыми-техникалық деңгейі (жаңалығы): 3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТАЛАПТАРЫ 3.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер ескеріліп, қызмет көрсетуге жұмсалатын барлық шығындар құнын қоса есептегенде, ____________ (сөзбен) теңгені құрайды. 3.2. Орындаушының қызметтерін Тапсырыс беруші төмендегідей ретпен төлейді: Тапсырыс беруші өтінім берілген сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде шарт сомасының 30%-ы көлемінде алдын ала төлем жасайды. Бұдан әрі Тапсырыс берушінің төлем жасауы Орындаушы орындалған жұмыстар (қызметтер) актісін ұсынып, Тараптар аталған актілерге қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады. 3.3. Осы тармақтың талаптары құрамында Зертханалары бар ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, жас ғылымдары мен қызметкерлеріне таратылмайды. 4. ЖҰМЫСТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАП АЛУ ТӘРТІБІ 4.1. Орындаушы шарттың орындалуының жекелеген кезеңдерінде және аяқталған соң ресімдеуге және тапсыруға тиісті ғылыми, техникалық және басқа да құжаттамалардың тізбесі Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық саладағы қолданыстағы нормативтік құжаттарында анықталған. 4.2. Шарттың жекелеген кезеңдері бойынша белгіленген тәртіпте ресімделген құжаттаманы тапсыру Орындаушының аннотацияланған есебімен жүзеге асырылады. 4.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі – жұмыстар) туралы есепті ұсынады. 4.4. Жұмыстар мерзімінен бұрын орындалған жағдайда Тапсырыс беруші жұмысты мерзімінен бұрын қабылдап, төлеуге құқылы. 4.5. Егер жұмыстарды орындау процесінде теріс нәтиже алуға мәжбүр болатындығы немесе жұмысты әрі қарай жүргізудің мақсатқа сай еместігі анықталса, Орындаушы оны тоқтатып, жұмыс тоқтатылған күннен кейін 5 күн ішінде Тапсырыс берушіні хабардар етуге міндетті. Мұндай жағдайда тараптар жұмысты жалғастырудың мақсатқа сәйкестігі және бағыттары туралы мәселені қарастырады. 5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 5.1. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптарға қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарда және тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. 5.2. Жұмыстар көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда Орындаушы әрбір мерзімі өткен жұмыс күні үшін осы шарттың 3.3-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда шарттың жалпы сомасының 0,03%-ы көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді. 5.3. Орындаушы бағдарламаның жекелеген жобалары бойынша жұмыстарды тиісті түрде орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші жобаларды олардың орындалуының кез келген кезеңінде қаржыландыруды тоқтатуға құқылы. 1. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ Орындаушы:                             Тапсырыс беруші: ___________________                    _________________________ Орындаушының атынан:                   Тапсырыс берушінің атынан ___________________                    _________________________ (қолы)                                     (қолы) М.О.                                         М.О.
Басқа 25. Ұйымның атауы Зертхананың атауы
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 3 қосымша Нысан Ұйымның атауы Зертхананың атауы «Бекітемін» Ғылым жөніндегі проректор ____________ Т.А.Ә. 20___ ж. «___» ____________ ЕСЕП _____________________________________________ _____________________________________орындалған жұмыс бойынша (20___ ж. «__»       №____ орындалған жұмыстың актісіне қосымша) Үлгі: ___________________________ Тапсырыс беруші: _______________________________ Шарт № __________________________ Зертхана меңгерушісі _______________/Т.А.Ә./ Инженер-зерттеуші _______________/____________/ Зерттеулер жүргізілді ________________ Қаланың атауы 20___ жыл
Басқа 26. Ұйымның атауы Зертхананың атауы
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 4 қосымша Нысан Ұйымның атауы Зертхананың атауы «Бекітемін» Ғылым жөніндегі проректор ____________ Т.А.Ә. 20___ ж. «___» ____________ Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша қызмет көрсету хаттамасы _____________________________________________ _____________________________________________ үшін (20___ ж. «  »       №    орындалған жұмыстың актісіне қосымша) Үлгі: ___________________________ Тапсырыс беруші: _______________________________ Келісім № __________________________ Зертхана меңгерушісі _______________/Т.А.Ә./ Инженер-зерттеуші _______________/____________/ Зерттеулер жүргізілді ________________ Қаланың атауы 20___ жыл
Басқа 27. Орындалған жұмыстар АКТІСІ
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану ережесіне № 5 қосымша Нысан Орындаушының атауы:                  Тапсырыс берушінің атауы:___________________________              ____________________________ Мекенжай: _________________              Мекенжай:___________________ ЖСК________________________              ЖСК:________________________ ___________________________              ____________________________ БСК________________________              БСК_________________________ КБЕ________________________              КБЕ_________________________ СТН________________________              СТН_________________________ БСН/ЖСН____________________              БСН/ЖСН_____________________ Орындалған жұмыстар АКТІСІ _________________ж. ______ шарт бойынша (20__ж. ____) ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ «___» _______________ ж. Біз, төменде қол қоюшылар, _________________атынан Орындаушы ________________________, бір жағынан және Тапсырыс беруші ______________________________, екінші жағынан, ғылыми-техникалық өнімнің шарт талаптарын қанағаттандыратыны және тиісті тәртіпте ресімделгені туралы акт жасадық. Орындалған жұмыстардың түрлері: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Келісім-шарт бойынша шарттық баға ____________құрайды (сөзбен) Орындаушыға аударылған алдын ала төлем сомасы: __________(сөзбен) теңге. Орындалған жұмыстар бойынша бұрын актіленген сома: ______________(сөзбен) теңге. Орындаушының көрсетілген жұмыстар түрін орындауы үшін жұмсалған нақты шығыстардың сомасы: ______________(сөзбен) теңге. Орындаушының аударуы қажет сомасы: _____________(сөзбен)теңге. ОРЫНДАУШЫДАН жұмысты тапсырды    ТАПСЫРЫС БЕРУШІДЕН жұмысты қабылдады _____________________________    _________________________________ _____________________________    _________________________________