Көше атын беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Көше атын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қараспан ауыл округіне қарасты Көлтоған ауылындағы Кеңес көшесіне ауданның Құрметті азаматы Сейітқұлов Шүкірқарының аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Қараспан ауыл округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушысы Т.Медеубековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.