О повышении эффективности работы акимов сель и поселковых округов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Селолық (ауылдық) және поселкелік округтар жұмыстарының тиімділігін арттыру туралы "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2000 жылғы ақпандағы агроөнеркәсіп кешені қызметшілерінің республикалық кеңесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың сөзінен туындаған міндеттерді іске асыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру, селолық (ауылдық) және поселкелік округтардағы жергілікті және аумақтық атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жақсарту мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) білім мекемелерінің орталықтандарылған бухгалтериялары қызметкерлерінің санын қысқарту есебінен № 1 қосымшаға сәйкес еңбек ақы қоры 6295,1 мың теңгелік 119 бірліктегі жергілікті бюджет төлемдерін есепке алу және бақылау жөніндегі бас мамандар лауазымдарын селолық (ауылдық) және поселкелік округтар әкімдері аппараттарының штаттарына енгізсін.
Тармақша 2
2) тиісті қалалық, аудандық бюджеттер қаржыларының шегінде № 2 қосымшаға сәйкес еңбек ақы қоры 5679,0 мың теңге қосымша 96,5 бірлік енгізу және 103,5 бірліктегі жалпы еңбек ақы қоры 6285,7 мың теңге селолық (ауылдық) және поселкелік округтардағы ветеринарлық инспекторлардың штатын беру арқылы 200 бірліктік "Аудандық (қалалық) ветеринарлық станса" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық ішкі істер басқармасының штатына 2000 жылдың наурыз-желтоқсанындағы еңбек ақы қорының көлемі 2064,8 мың теңге полиция учаскелік инспекгорларының қосымша 17 бірлігі енгізілсін және олардың селолық (ауылдық) және поселкелік округтардагы жалпы саны еңбек ақы қоры 21620,0 мың теңге құрайтын 178 бірлікке жеткізілсін.
Тармақ 3
3. Селолық (ауылдық) және поселкелік округтардың әкімдері аумақтық салық комитеттерімен бірге жергілікті бюджет төлемдерін есепке алу және бақылау жөніндегі бас мамандардың нақты міндеттерін белщесін.
Тармақ 4
4. Селолық (ауылдық) және поселкелік округтардың әкімдері селолық (ауылдық) және поселкелік окруттар әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы "Аудандық (қалалық) ветеринарлық станса" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының үлгі Жарғысын бекітсін.
Тармақ 6
6. Полиция учаскелік инспекторларын тағайындау, босату және орындарын ауыстыру тиісті селолық (ауылдық) және поселкелік округтар әкімдерінің ұсынысы негізінде өзінің 2000 жылғы 2-ақпандағы № 27 өкіміне сәйкес жүзеге асырылатындығы туралы облыстық ішкі істер басқармасы бастығының хабарламасы есепке алынсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Қ. Ж. Елеусізовке және Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне жүктелсін.
Басқа 10
Облыс Әкімінің 2000 жылғы «18» ақпандағы № 28-а шешіміне № 1 қосымша Жергілікті бюджет төлемдерін есепке алу және бақылау жөніндегі бас мамандардың штаттық саны № т/т Аудандардың атаулары Бірлік саны 10 айдағы еңбек ақы қоры 1 Әйтеке би 13 687700 2 Алға 10 529000 3 Байғанин 7 370300 4 Ырғыз 5 264500 5 Қарғалы 7 370300 6 Мәртөк 12 634800 7 Мұғалжар 11 581900 8 Темір 6 317400 9 Ойыл 6 317400 10 Қобда 15 793500 11 Хромтау 12 634800 12 Шалқар 10 529000 13 Ақтөбе қаласы 5 264500 Барлығы: 119 6295100 Ескерту: Еңбек ақы мөлшері қызмет өткерген жылдарын есептемегенде-5290 теңге
Басқа 11
Облыс Әкімінің 2000 жылғы «18» ақпандағы № 28-а шешіміне № 2 қосымша Коммуналдық қазыналық кәсіпорындар жанындағы ветеринарлық инспекторлардың штаттық саны № т/т Аудандардың атаулары Инспекторлар саны 10 айдағы еңбек ақы қоры 1 Әйтеке би 20 1234850 2 Алға 15 873240 3 Байғанин 14 804070 4 Ырғыз 10 542350 5 Қарғалы 14 879840 6 Мәртөк 22 1314770 7 Муғалжар 16 977260 8 Темір 12 732690 9 Ойыл 12 627370 10 Қобда 23 1327550 11 Хромтау 15 908780 12 Шалқар 17 1147980 13 Ақтөбе қаласы 10 593990 Барлығы: 200 11964740