О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам совершенствования деятельности органов внутренних дел в сфере обеспечения общественной безопасности Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1) тармақшасының жетінші, отыз төртінші, отыз бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарын, 8-тармағының 1-тармақшасының төртінші абзацын, 9, 10-тармақтарын, 11-тармағының үшінші, он үшінші абзацтарын, 12, 13-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысында: 1-тармақта: 1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Жеке күзет ұйымдары пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесі; 2) күзетші құжатының нысаны мен үлгісі;»; 2-тармақ алынып тасталсын; 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жеке күзет ұйымының қызметкерлері санының мынадай нормативтері:» 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың күзет бөлімшелері және ведомстволық күзет бөлімшелері пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке күзет ұйымдары пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесі»; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлері құжаттарының нысандары мен үлгілерінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі»; 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісі»; 2-тармақ алынып тасталсын; 5) көрсетілген қаулымен бекітілген Күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұнында, бағдарламасында және біліктілік талаптарында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке күзет ұйымдарының басшыларын және күзетшілерін мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары»; бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке күзет ұйымдарының күзетші және басшы лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және мынадай талаптар сай келетін мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі: сабақтар өткізу үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін үй-жайлардың болуы; оқыту бағдарламасында көзделген арнайы және техникалық құралдардың болуы; атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін арнайы жабдықталған атыс тирінің болуы; оқытылатын пәнге сәйкес біліктілігі мен білім беру деңгейі бар оқытушылар құрамының болуы. Бір оқыту курсының ұзақтығы өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілер және жеке күзет ұйымының басшылары үшін 99 оқу сағатын, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 146 оқу сағатын құрайды.»; «Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда* атқаратын күзетшілерді даярлаудың оқу жоспары» деген бөлімде: бірінші абзацта «,жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің» деген сөздер алынып тасталсын; үшінші және төртінші абзацтарда «, бөлімшенің», «, бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; Жеке күзет ұйымдарының, жеке-кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінің басшыларын даярлаудың оқу жоспарында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлаудың оқу жоспары»; кестеде: «Бөлімнің тақырыбы » деген бағанда: реттік нөмірі 2-жолда «, жеке күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 3-жолда «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; «1. Құқықтық білім негіздері» деген бөлімде: «Бөлімнің тақырыбы» деген бағанда: реттік нөмірлері 4 және 5-жолдарда «,күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; «2. Жеке күзет ұйымының, жеке күзет бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру негіздері» деген бөлімде: тақырыбында «, жеке күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; кестеде: «Тақырыптың тақырыбы» деген бағанда: реттік нөмірі 1-жолда «, бөлімшелерінің» деген сөз алынып тасталсын; реттік нөмірі 5-жолда «, бөлімшесінің» деген сөз алынып тасталсын; реттік нөмірі 7-жолда «, бөлімшелеріндегі» деген сөз алынып тасталсын; «3. Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері» деген бөлімде: тақырыбында «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; Жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлаудың оқу жоспарында: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Күзетшілердің біліктілігін арттыру жыл сайын лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда және бір жылдан артық өтілі үзілген жағдайда жұмысқа қайта қабылданған кезде жүргізіледі. Бұл ретте біліктілікті арттырудың ұзақтығы ішкі және сыртқы посттарда қызмет өткеретін күзетшілер үшін - 36 оқу сағатын, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін - 72 оқу сағатын құрайды. Жеке күзет ұйымының басшылары лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда екі жылда бір рет ұзақтығы 19 оқу сағат біліктілігін арттырудан өтеді.»; Өзінің функцияларын ішкі және сыртқы посттарда атқаратын күзетшілердің біліктілігін арттырудың оқу жоспарында: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке күзет ұйымы басшыларының біліктілігін арттыру арнайы курсының бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі: құқықтық даярлық - 4 сағат; жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру - 7 сағат; кәсіби даярлау - 4 сағат; психологиялық даярлық - 2 сағат; терроризмге қарсы даярлық - 2 сағат.»; Жеке күзет ұйымдары, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттырудың оқу жоспарында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың оқу жоспары»; кестеде: «Бөлімнің тақырыбы » деген бағанда: реттік нөмірі 2-жолда «, жеке күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 3-жолда «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; «2. Жеке күзет ұйымының, жеке күзет бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру негіздері» деген бөлімде: тақырыбында «, жеке күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; «3. Жеке күзет ұйымының, күзет бөлімшесінің қызметкерлерін кәсіби даярлау негіздері» деген бөлімде: тақырыбында «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын; Жеке күзет ұйымдары мен күзет бөлімшелері басшыларының даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісінде: тақырыбында «мен күзет бөлімшелері» деген сөздер алынып тасталсын; «, күзет бөлімшесінің» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 6
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 7
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.09 N 1421 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 8
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.06 № 1554 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 9
9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 10
10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 11
11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 12
12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 13
13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысына 1-қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысына 2-қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысына 3-қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысына 4-қосымша
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысына 5-қосымша