Көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Шұбарсу ауыл округiне қарасты, Атамекен елді мекеніндегі атаулары жоқ көшелерге Бәйтерек, Көктем, Жас алаш, Аль-Фараби, Арыстанбаб, Абай, Отырар, Бейбітшілік, Бостандық, Нұрлыжол, Болашақ, Бірлік, Ержар, Ақжайық, Еділ, Сардаба, Достық, Береке, Жеңіс, Егеменді, Ынтымақ, Ноғайлы, Алғабас, Тыныштық, Мырзашөл, Жаңадала, Ақбұлақ, Қазақстан, Асық ата атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау Шұбарсу ауылы округi әкiмiнің орынбасары А.Бердешовке жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiлсін.