Об изменении в административно-территориальном устройстве Абайского района Карагандинской области Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысы Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгеріс туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі мен мәслихаты ұсынған бірлескен қаулы мен шешімді қарастырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгеріс енгізілсін:
елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Есенгелді селолық округінің Пахотное селосының құрамына қоса отырып Сегізінші ауыл селосы таратылсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау "Қарағанды облысы әкімінің орынбасарларын облыстың аймақтарына бекіту туралы" облыс әкімінің 2011 жылғы 29 наурыздағы N 28ө өкіміне сәйкес, облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.