Об утверждении Положения о деятельности центров по профилактике и борьбе с синдромом приобретенного иммунодефицита Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 маусымдағы № 355 бұйрығымен бекітілген Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Ереже адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ) мен жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (бұдан әрі – ЖИТС) (бұдан әрі – ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар) саласында көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.
Тармақ 3
3. ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар АИТВ инфекциясының профилактикасына, диагностикалауға және емдеуге бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.
Тармақ 4
4. ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.
Тармақ 5
5. ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес бастапқы медициналық құжаттама нысандарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЖИТС РО);
Тармақша 2
2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі – өңірлік ЖИТС орталықтары).
Тарау 2. 2-тарау. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі
2-тарау. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі
Тармақ 1. 1-параграф. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары
1-параграф. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары
Тармақ 7
7. ЖИТС РО АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-тің профилактикасы, диагностикалау және емдеуді ұйымдастыратын денсаулық сақтау субъектісі болып табылады.
Тармақ 8
8. ЖИТС РО мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) АИТВ (ЖИТС) саласындағы негізгі стратегиялық даму бағыттары, нормативтік құқықтық актілердің, әдістемелік ұсынымдардың, хаттамалардың (стандарттардың), тіркеу-есептеу нысандарының жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Министрлікке «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8421 болып тіркелген) сәйкес есептерді ұсынады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен (бұдан әрі – 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлық) бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде АИТВ (ЖИТС) мәселелері, өңірлік ЖИТС орталықтарының қызметі бойынша іс-шараларды мониторингілеуді және бағалауды жүргізеді;
Тармақша 4
4) өңірлік ЖИТС орталықтарының жұмысына ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты және үйлестіруді, ведомствоаралық, сектораралық өзара іс-қимылды, Қазақстан Республикасының аумағында АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық Үйлестіру кеңесінің отырыстарында, Министрліктің алқаларында, ведомствоаралық және сектораралық кеңестерде қарау үшін АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ұйымдармен, оның ішінде, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында өңірлік ЖИТС орталықтарына сапарларды жүргізеді;
Тармақша 8
8) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша өңірлік ЖИТС орталықтарымен кеңес өткізеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасында халықтың әртүрлі топтарының скринингін, эпидемиологиялық жағдайының талдауын және мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) халықтың осал топтарының арасында АИТВ инфекциясының таралушылығына эпидемиологиялық бақылау жасауға (бұдан әрі – ТЭБ) мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) халық, оның ішінде, осал топтар үшін профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыруды және мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша дәрігерлерді және орта медицина қызметкерлерін даярлауға консультациялық көмек көрсетеді, семинарларды, тренингтерді, кеңестерді және ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 14
14) АИТВ мен АИТВ-ға ұқсас ауруларға диагностика жүргізеді, емнің тиімділігіне зертханалық мониторингті жүзеге асырады, оның ішінде, диагностикада қиындық туындаған жағдайда басқа да зертханалық зерттеулерді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) осал топтардағы АИТВ-инфекциясына ТЭБ серологиялық кезеңінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау сапасына сыртқы және ішкі бақылауды, сарысулардың оң үлгілерін мұрағаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) зертханалық үрдісті автоматтандыруды және ақпараттандыруды енгізу бойынша өңірлік зертханалардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) АИТВ генотиптеуді және Қазақстан Республикасында субтиптер мен АИТВ-1 дәріге көнбейтін штамдарының таралушылығына мониторингті жүргізеді;
Тармақша 20
20) өңірлік орталықтармен антиретровирустық препараттарды жоспарлауды мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) антиретровирустық терапияны (бұдан әрі – АРТ) ұсынуға және АИТВ-ның анадан балаға берілуінің профилактикасы (бұдан әрі – АББП) жөніндегі іс-шараларға мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) АИТВ-ны және АИТВ-ға ұқсас ауруларды емдеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 23
23) электрондық базаның жұмысын (АИТВ инфекциясының жағдайларына электрондық бақылау, осал топтарда АИТВ инфекциясының таралушылығына эпидемиологиялық бақылау, АИТВ инфекциясы бойынша іс-шараларға мониторинг және бағалау, профилактикалық бағдарламалардың клиенттерін есепке алу) қамтамасыз етеді, сондай-ақ, деректердің толықтығы мен сапасына бағалау жүргізеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Өңірлік ЖИТС орталықтарының функциялары
2-параграф. Өңірлік ЖИТС орталықтарының функциялары
Тармақ 9
9. Өңірлік ЖИТС орталықтары АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-тің профилактикасын, диагностикасын және емдеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.
Тармақ 10
10. Өңірлік ЖИТС орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, сондай-ақ, ЖИТС РО-ға АИТВ (ЖИТС) негізгі стратегиялық даму бағыттары бойынша, нормативтік құқықтық актілердің, әдістемелік ұсынымдардың, хаттамалардың (стандарттардың), тіркеу-есеп беру нысандарының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) өңірде АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және емдеу бойынша іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) АИТВ инфекциясының профилактикасы және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының үйлестіру кеңестеріне, алқаларға, ведомствоаралық, сектораралық кеңестерге ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен, әртүрлі ведомстволармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп АИТВ инфекциясы бойынша профилактикалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;
Тармақша 7
7) 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлықпен бекітілген іс-шараларды және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасын, халықтың әртүрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және танымдық бағдарламаларды іске асырады;
Тармақша 8
8) АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына, қоғамдық бірлестіктерге және әртүрлі ведомстволарға әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 9
9) халықтың осал топтарына қызметтердің кешенді пакетін ұсынады, сондай-ақ, профилактикалық бағдарламалардың тиімділігіне мониторингті және бағалауды жүргізеді;
Тармақша 10
10) АИТВ инфекциясымен сырқаттанушылық пен таралушылығына эпидемиологиялық мониторингті ұйымдастыру мен жүргізуді, өңірлерден эпидемиологиялық жағдайға талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) халықтың осал топтарының арасында АИТВ инфекциясына ТЭБ ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) медицина қызметкерлерін АИТВ инфекциясының мәселелері бойынша оқытуды жүргізеді, медициналық ұйымдарда персоналдар мен науқастарға АИТВ инфекциясын жұқтырудың профилактикасы бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 13
13) медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілімдері бойынша АИТВ-ға тексерілу үшін тиісті контингентті іріктеудің толықтығы мен сапасына талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен профилактикасы шаралары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарлауды, халықтың әртүрлі топтары үшін ақпараттық материалдарды әзірлеуді және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) сапа менеджменті жүйесінің іс-шараларын, сарысудың оң үлгілерін мұрағаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) АИТВ мен АИТВ-ға ұқсас ауруларға диагностиканы, емнің тиімділігіне зертханалық мониторингті, басқа да зертханалық зерттеулерді жүргізеді;
Тармақша 17
17) осал топтардағы АИТВ инфекциясына ТЭБ серологиялық кезеңін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) АИТВ жұқтырғандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) тестілеуге дейінгі және кейінгі консультациялық қызметті ұсынуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) көрсетілімдер болған кезде халықтың байланыстан кейінгі антиретровирустық профилактикаға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) АИТВ инфекциясының анадан балаға берілу қауіпін төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) қолданыстағы диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес АИТВ инфекциясымен ауыратын науқастарға динамикалық бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 23
23) антиретровирустық емнің бейілділігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 24
24) АИТВ-ға ұқсас аурулардың химиопрофилактикасы мен емін қамтамасыз етуде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) АИТВ жұқтырғандарға паллиативтік көмекті, психологиялық қолдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) медициналық қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүргізеді және пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын қамтамасыз етеді;
Тармақша 27
27) электрондық базаның жұмысын (АИТВ инфекциясының жағдайларына электрондық бақылау, осал топтарда АИТВ инфекциясының таралушылығына эпидемиологиялық бақылау, АИТВ инфекциясы бойынша іс-шаралардың мониторингі мен бағалау, профилактикалық бағдарламалардың клиенттерін есепке алу) қамтамасыз етеді, сондай-ақ, деректердің толықтығы мен сапасына бағалау жүргізеді.