О соблюдении законодательства о труде и охране труда в организациях области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс ұйымдарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдылықтарды сақтау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 31 шешімімен.
Облыс ұйымдарында еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдылықты сақтау жағдайын талдау, азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтiк кепiлдiктерi заңдылықтарын жұмыс берушiлердiң жол беретiн көптеген бұзушылықтары мен қысымшылық көрсетулерi, өндiрiстiк жарақаттану деңгейi аудан және қала әкiмдерiнiң қолданатын ұйымдық шараларының, құқықтық қорғау және мемлекеттiк бақылау-қадағалау органдарының жүргiзетiн профилактикалық жұмыстарының оңды нәтиже бермейтiнiн көрсетуде.
Барлық меншiк түрлерiнiң, соның iшiнде шетелдiк басқарудағы, кәсiпорындары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" , "Еңбектi қорғау туралы" заңдарын және еңбек қатынастары мәселелерi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн бұлжытпай сақтау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң, құқық қорғау және мемлекеттiк бақылау-қадағалау органдарының облыс кәсiпорындарында еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдылықтарды орындауды және оның бұзылуының алдын алуды ұйымдастыру жөнiндегi жүргiзiп отырған жеткiлiксiз жұмысы атап көрсетiлсiн.
Тармақ 2
2. Ұлан (Әубәкiров А.А.), Абай (Төлеубеков Қ.Қ.), Жарма (Белихин И.В.), Қатонқарағай (Сейiтов А.С.), Күршiм (Сiләмов Б.Б.) аудандары әкiмдерiнiң назары облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 664 шешiмiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторлары лауазымын енгiзу туралы бөлiгiнiң орындалуы жөнiндегi атқарушылық нашар тәртiпке аударылсын.
Тармақ 3
3. Облыс аудандары мен қалаларының әкiмдерi, облыстық комитеттер мен басқармалардың басшылары аймақтардың аумақтарында орналасқан кәсiпорындар мен ведомстволық ұйымдарда еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдылықты сақтау мәселесi бойынша мамыр-маусымда кеңейтiлген кеңестер, алқалар өткiзуге мiндеттелсiн. Орын алған заң бұзушылықтарды жою және оның алдын алу, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң қауiпсiз еңбек жағдайларын және оны қорғауды жақсартуы мен жасауы жөнiндегi iс-шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асырсын. Барлық жерлерде жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарын кеңiнен қолдана отырып, халықтың құқықтық жалпы оқуын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Барлық меншiк түрлерi кәсiпорындарының басшыларына "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", "Еңбектi қорғау туралы" заңдардың және еңбек қатынастары саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң сөзсiз сақталуын қамтамасыз ету, еңбек қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiби аурулардың алдын алуға ерекше назар аудару ұсынылсын.
Ұжымдық еңбек шарттарын жасасқан кезде еңбек жағдайлары мен қорғауды жақсарту жөнiндегi iс-шаралар көзделсiн.
Тармақ 5
5. Облыстың мемлекеттiк еңбек инспекциясы (Замятин И.П.) еңбеккерлердi еңбектiң қауiпсiз түрлерiне оқыту, қауiпсiздiк техникасы жөнiнде оларға нұсқау беру және бiлiмдерiн тексеру, шағын кәсiпкерлiктiң жұмыс берушiлерiне iс жүзiнде көмек көрсету мақсатында кәсiпорын құру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 6
6. Облыстың мемлекеттiк еңбек инспекциясы (Замятин И.П.), облыстық төтенше оқиғалардың алдын алу мен жою және тау-кен техникалық қадағалау жөнiндегi инспекция (Құнанбаев Н.С.) құқық қорғау органдарымен бiрлесiп еңбек, еңбектi қорғау және техникалық қауiпсiздiк туралы заңдылықтар мен нормативтiк актiлердiң сақталуына мемлекеттiк қадағалау мен бақылау жасауды күшейтсiн. Берiлген құқықтарға сәйкес өндiрiстегi бақытсыз оқиғаларды және еңбекшiлердiң денсаулықтарына басқа да зиян келулерiн дер кезiнде тексермегенi (жасырғаны) үшiн басшыларға және басқа да лауазымды адамдарға талап қатайтылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (Шерубаев А.С., Замятин И.П.) таратылатын заңды тұлғада мүлiктiң болмауына немесе жеткiлiксiздiгiне байланысты төлемдердiң капитализациясын жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда өндiрiсте зиян шеккендерге өтемақылық төлемдер төлеу жөнiнде нормативтiк құжат қабылдау туралы Қазақстан Республикасының °кiметiне хат әзiрлесiн.
Тармақ 8
8. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi, облыстық ұйымдардың басшылары
атқарылған жұмыс туралы 2000 жылғы 16 маусым мен 15 желтоқсанға ақпарат
түсiрсiн.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары
Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн. Ақпарат жинау және қорытындылау облыстық
еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына
(Шерубаев А.С., Замятин И.П.) тапсырылсын.