О создании комиссии по развитию малого предпринимательства при акиме области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмiнiң жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиясын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 19.04.2001 № 149 шешімімен. Кәсiпкерлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн және "Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және даму белсендiлiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы", "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметпен айналысу бостандықтарын қорғау туралы" Жарлықтарын орындауда және мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдардың кәсiпкерлiк құрылымдардың жұмысына заңсыз араласуына тиым салу мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыс Әкiмiнiң жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде жұмыс iстейтiн комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыс Әкiмiнiң жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде жұмыс iстейтiн комиссияның құрамы бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыс Әкiмiнiң жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде жұмыс iстейтiн комиссияның Ережесi бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Т.Қ.Дүйсеноваға жүктелсiн.
Басқа 5
Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегі № 46 шешiмiне № 1 қосымша Облыс әкiмiнiң жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның құрамы Дүйсенова Тамара Қасымқызы - Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң орынбасары, төрайым Назарбекова Роза Төлепбекқызы - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң кәсiпкерлiктi, орта және шағын бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi комитетiнiң төрайымы, төрағаның орынбасары Сүгiрбеков Қайрат Кеңесұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң, кәсiпкерлiктi, орта және шағын бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары, хатшы Бәшенов Ұлықпан Мүсiнұлы - облыс әкiмшiлiгiнiң бiлiм беру департаментiнiң бастығы Әмiрбеков Қайрат Асқарұлы - облыс әкiмшiлiгiнiң стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi департаментiнiң бастығы (келiсiмi бойынша) Iлесов Қайрат Тәжiбайұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi төрағасының мiндетiн атқарушы (келiсiмi бойынша) Нұрмәдиева Нәсима Сләмқызы - Оңтүстiк Қазақстан облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң төрайымы (келiсiмi бойынша) Торғауытов Берiк Көмекбайұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының санитарлық- эпидемиологиялық стансасының бас дәрiгерi (келiсiмi бойынша) Меңлiбаев Iлес Iсмаилұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының астық инспекциясының бастығы (келiсiмi бойынша) Алматов Асылбек Тұрлыбекұлы - Шымкент қаласы Әкiмiнiң орынбасары Бекжiгiтов Асылбек Асқарбекұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң бастығы (келiсiмi бойынша) Тұрсынқұлов Исмат Тұрсынқұлұлы - облыс әкiмшiлiгiнiң ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы Крипулевич Вера Анатольевна - Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық комитетiнiң төрайымы (келiсiмi бойынша) Ахметов Абулла Ахметұлы - облыс Әкiмшiлiгiнiң еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң бастығы Садырбаев Сабит Сұлтанғалиұлы - облыс әкiмшiлiгiнiң сәулет және аумақтарда құрылыс салу жөнiндегi комитетiнiң бастығы Өзбекғалиев Райымхан Халилұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер Бас басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша) Шайманов Бағдат Шайманұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша) Адреа Хорлахер - Еуропа жаңғырту және даму банкiсiнiң өкiлi (келiсiмi бойынша) Төлеметов Қонақбай Төлеметұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" мемлекеттiк кәсiпорнының бастығы (келiсiмi бойынша) Есенов Бақытжан Жұманәлiұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет басқармасының орынбасары (келiсiмi бойынша) Қонысбеков Байдулла Қонысбекұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысының телерадио-компаниясының төрағасы (келiсiмi бойынша) Кирюхин Юрий Георгиевич - "Южный Казахстан" газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша) Ораз Нұрғали Балтақарайұлы - "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша)
Басқа 6
Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегі № 46 шешiмiне № 2 қосымша Облыс әкiмiнiң жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс Әкiмiнiң жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) облыс Әкiмiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесу органдары мен Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi
2. Комиссияның мiндеттерi
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Тармақ 4
4. Заңдарда белгiленген тәртiппен кәсiпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру, заңды құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жобаларын қабылдау кезiнде олардың пiкiрлерiн ескеру.
Тармақ 5
5. Кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң конструктивтi бастамаларын қолдау, әр кәсiпкердiң экономикалық дамыған мемлекет құрудағы және республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсендi өмiрлiк позицияларын насихаттау.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы үкiметiнiң шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi бастамашылықты дайындау және оларды сараптауға қатысу.
Тармақ 7
7. Шағын кәсiпкерлдiктi қолдау және қорғау жөнiндегi мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу.
Тарау 3. 3. Комиссияның құрамы
3. Комиссияның құрамы
Тармақ 8
8. Комиссияның Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң орынбасары басқарады.
Тармақ 9
9. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң кәсiпкерлiктi, орта және шағын бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi комитетiнiң төрағасы лауазымы бойынша Комиссияның төрағасының орынбасары болып табылады. 10.Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң кәсiпкерлiктi, орта және шағын бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi комитетiнiң төрағасының орынбасары лауазымы бойынша Комиссияның хатшысы.
Тармақ 11
11. Комиссияның жеке құрамын Комиссия хатшысының ұсынуы бойынша Оңтүстiк Қазақстан облысының Әкiмi бекiтедi.
Тармақ 12
12. Комиссияның жұмысшы органдарының функциялары Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң кәсiпкерлiктi, орта және шағын бизнестi қолдау және дамыту комитетiне жүктеледi.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және, егер оған комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе қабылданған деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешiмiне Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 15
15. Комиссия мүшелерiнiң, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс ерекше пiкiрге құқығы бар.
Тармақ 16
16. Комиссияның хатшысы: Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныс дайындайды; Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды; Комиссияның мүшелерi мен оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметiнiң негiзгi бағыттары
4. Комиссия қызметiнiң негiзгi бағыттары
Тармақ 17
17. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес: - шағын бизнестi салалық, кәсiби және аумақтық одақтармен, ассоциациялармен және шағын бизнес бiрлестiктерiмен, басқа да кәсiпкерлiк құрылымдармен өзара iс-қимыл жасайды; - келiсiлген шешiмдердi пысықтау және шағын бизнес саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттiк органдармен тұрақты өзара iс-қимылды жүзеге асырады; - департаменттермен, комитеттермен, басқармалармен және атқарушы өкiметтiң басқа да аумақтық органдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады. Осы мақсатта оларға тиiстi органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн шақыра отырып, комиссияның бiрлескен тақырыптық отырыстарын ұйымдастырады; - заңдарда белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiктiң өкiлдерiн Қазақстан Республикасының үкiметi шешiмдерiнiң жобасын дайындауға, шағын кәсiпорындарға, шағын бизнес саласындағы кәсiпкерлердiң одақтарына, бiрлестiктерiне, ассоциацияларына ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық көмектер көрсету жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге тартады; - заңдарда белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын бастамашылдықты дайындау мен сараптауды жүзеге асырады; - шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк, аумақтық және салалық бағдарламаларын әзiрлеуге, оларды үйлестiрудi және iске асыруды қамтамасыз етуге қатысады; - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, олардың бiрлестiктерiнiң, одақтарының, ассоциацияларының оларды iске асыруға қатысуымен шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады; - шағын кәсiпкерлiк саласындағы жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргiзедi және оларды қаржыландыру мен iске асыруға ұсыным жасайды.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Комиссия өз қызметiн жүзеге асыру үшiн: - заңдарда белгiленген тәртiппен комиссияның жұмысы үшiн ғалымдардың, беделдi кәсiпкерлердiң, басқару органдары өкiлдерiнiң және басқа да мамандардың қатарынан сарапшылар мен консультанттарды тартады; - уақытша және тұрақты iстейтiн сараптамашылар мен жұмыс топтарын ұйымдастырады; - белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнен және өкiметтiң атқарушы органдарынан қажеттi ақпараттар, талдаулық, анықтамалық-статистикалық материалдар, сондай-ақ ведомстволық және нормативтiк құқықтық актiлер алады; - шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жергiлiктi комиссиялардың қызметiн үйлестiредi.
Тармақ 19
19. Комиссия өзiнiң жұмысын реттейтiн iшкi құжаттарды дербес қабылдайды.
Тармақ 20
20. Комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс тобы Комиссия шешiмдерiнiң, Комиссия төрағасының нұсқаулары мен өкiмдерiнiң негiзiнде және оларды атқару үшiн қызмет жасайды. Топқа басшылықты Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Комиссияның отырысын қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет комиссияның төрағасы шақырады.