О переименовании некоторых улиц города Шалкар Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шалқар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына және Шалқар қаласының Айшуақ, Тұтынушылар тұйығы, Пионер, Минеральные воды, Орман тұйық көшелерінің тұрғындарының конференция хаттамаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шалқар қаласының Айшуақ көшесі Дәрменқұл Қалағанов көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Шалқар қаласы Тұтынушылар тұйығы көшесі Жаржан Жармағамбетов тұйық көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Шалқар қаласы Пионер көшесі Үркінбай Адилшинов көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 4
4. Шалқар қаласы Минеральные воды көшесі Ырзағазы Нұртаев көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 5
5. Шалқар қаласы Орман тұйық көшесі Бисенов Өнербай Бисенұлы тұйық көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 6
6. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімнің орындалуын бақылау Шалқар қаласының әкімі Е. Данағұловқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысы мен шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.