Жаңабазар ауылы округінің Жылыбұлақ елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Жаңабазар ауылы округінің Жылыбұлақ елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңабазар ауылы округі әкімінің пікірін ескере отырып, Жаңабазар ауылы округі, Жылыбұлақ елді мекенінің - 102,0 гектар жеріне қосымша – 2,0 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 104,0 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.