О присвоении наименовании улицам без названия в селе Карлыгаш, Ушкайын Екпендинского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екпінді ауылдық округіне қарасты Қарлығаш, Үшқайың ауылдарындағы атаусыз көшеге ат қою туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Екпінді ауылдық округінің әкімі ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Екпінді ауылдық округіне қарасты Қарлығаш ауылындағы атаусыз көшелерге Әнуар Әлімжанов, Кәмәси Өмірзақов, Кәрім Ақшолақов, Қалибек Абдраханов, Тәуелсіздік аттары және Үшқайың ауылындағы атаусыз көшелерге Төлеген Абдолдинов, Әбілмәжін Әлібеков, Сазанбай Малтабаров аттары қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.