О присвоении наименования микрорайону в Турксибском районе города Алматы Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы ықшамауданға атау беру туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясы қорытындысының негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Николай Федосеев көшесінің шығысында, Бейімбет Майлин көшесінің оңтүстігінде орналасқан ықшамауданға «Жас қанат» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ықшамауданның есім көрсеткіштерін жасауға және орнатуға Алматы қаласы бюджетінен көзделген қаржы есебінен қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. Түрксіб ауданының әкімі (В.Н. Устюгов) осы нормативтік құқықтық актіні іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Б. Тәжиевке және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т. Сейдумановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы нормативтік құқықтық акті алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.