О пенитенциарной системе Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару қызметі, оның ішінде қылмыс жасағаны үшін сезікті және айыпталушыларды ұстау және тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаны орындау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне беруді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін құруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін таратуды;
Тармақша 4
4) осы Жарлықтың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органның штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігіне беруді;
Тармақша 5
5) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізуді;
Тармақша 6
6) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                 Н. Назарбаев