О реорганизации акционерного общества "Республиканская телерадиокорпорация "Казахстан" и акционерного общества "Национальная компания "Казахское информационное агентство" и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамын және "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы оған «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде: реттік нөмірі 66-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінде: реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде: «Ұлттық компаниялар» деген бөлімде реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 21 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 168-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                             К. Мәсімов