О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам электронных денег Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат;№ 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
Тармақша 1
1) мынадай мазмұндағы 169-2-баппен толықтырылсын:
«169-2-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу
талаптарын бұзу
Тармақ 1
1. Эмитенттің өзі қабылдаған міндеттемелердің сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығаруы, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тармақ 2
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай іс-әрекеттер, -
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тармақ 3
3. Эмитенттің электрондық ақша иесін сәйкестендірмей, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығаруы, сондай-ақ бір операцияның ең жоғарғы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде эмитенттің электрондық ақша жүйесіндегі электрондық ақшаны пайдалануға жол беруі, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тармақ 4
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай іс-әрекеттер, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тармақ 5
5. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттің өтемеуі, уақтылы және толық өтемеуі, -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тармақ 6
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған сондай іс-әрекеттер, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
Тармақша 2
2) 572-баптың бірінші бөлігі «169,» деген цифрлардан кейін «169-2,» деген цифрлармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):
Тармақша 1
1) 248-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы «төлем карточкаларымен» деген сөздерден кейін «және электрондық ақшамен» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 250-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы «төлем карточкаларымен,» деген сөздерден кейін «электрондық ақшамен,» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14,55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
8-бап мынадай мазмұндағы з-2) тармақшамен толықтырылсын:
«з-2) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығарудың, пайдаланудың және өтеудің тәртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілейді;».
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
8-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 3-3
«3-3) электрондық ақшаны шығару, өткізу, сатып алу және өтеу, сондай-ақ электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша ақпаратты жинау және өңдеу жөнінде қызметтер көрсету;».
Тармақ 5
5. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат):
Тармақша 1
1) 3-бапта:
Тармақша 17
17) тармақша «құжатын беру» деген сөздерден кейін «не электрондық ақша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 26
«26) электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесінде жүйенің басқа да қатысушылары төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің шартсыз және қайтарылмайтын ақшалай міндеттемесі;
Тармақша 27
27) электрондық ақша жүйесі - электрондық ақшамен төлемдерді және өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығын;
Тармақша 28
28) электрондық ақша жүйесінің қатысушысы – жасалған шартқа сәйкес электрондық ақшаның белгілі бір жүйесі шеңберінде электрондық ақшаны шығару, беру, қабылдау, пайдалану, сатып алу, өткізу немесе өтеу жөніндегі құқық немесе міндеттеме туындайтын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 29
29) электрондық ақша жүйесінің операторы (бұдан әрі – оператор) – электрондық ақша пайдаланылатын операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электрондық ақша жүйесінің қатысушысы;
Тармақша 30
30) электрондық ақшаны өтеу – электрондық ақшаның иесі ұсынған не оны иесі ұсынбай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтелуге тиіс электрондық ақшаны номиналдық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау жөнінде эмитент жүзеге асыратын операция;
Тармақша 31
31) электрондық ақшаны пайдалану – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемдер және (немесе) электрондық ақшаға меншік құқығының ауысуына байланысты өзге де операциялар жүргізу мақсатында электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны оның иесі – жеке тұлғаның электрондық ақша жүйесінің басқа қатысушысына беруі;
Тармақша 32
32) электрондық ақшаны шығару – эмитенттің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға және электрондық ақша эмитентінің агенттеріне оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау арқылы беруін көздейтін операция;
Тармақша 33
33) электрондық ақша эмитенті (бұдан әрі – эмитент) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны шығаруды және өтеуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;
Тармақша 34
34) электрондық ақша эмитентінің агенті (бұдан әрі – агент) – эмитентпен жасалған шарттың негізінде электрондық ақшаны кейіннен жеке тұлғаларға өткізу үшін эмитенттен және ақша иелерінен - жеке тұлғалардан оны сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
Тармақша 2
2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 5-1
«5-1) электрондық ақшаны беру;»;
Тармақша 3
3) 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «не электрондық ақшаны беру» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
«2. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, ақша аудару арқылы жүргiзiлсе, онда ақша аудару аяқталған сәтте төлем аяқталады.
Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, төлем құжатын беру арқылы жүргiзiлсе, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға ақшаны алған сәтте төлем аяқталады.
Егер төлем электрондық ақша беру арқылы жүргізілсе, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға электрондық ақшаны алған кезде төлем аяқталады. Қабылданған электрондық ақшаның сомасы туралы, оның басқа тұлға-бенефициардың пайдасына түскенін растайтын ақпараттың электрондық ақша жүйесінде көрсетілуі электрондық ақшаны алу кезі болып табылады.»;
Тармақша 5
5) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Электрондық ақша
36-1-бап. Электрондық ақшаны шығару және өткізу
Тармақ 1
1. Электрондық ақша шығаруды эмитент өзіне қабылдайтын міндеттемелердің номиналдық құнына тең ақша сомасында жеке тұлғалардан немесе агенттерден ақша алғаннан кейін растама бере отырып, жүзеге асырады.
Эмитент өзі шығарған электрондық ақшаны оның теңгедегі номиналдық құнына сәйкес өтеу жөнінде шартсыз және қайтарылмайтын ақшалай міндеттеме қабылдайды.
Тармақ 2
2. Эмитент электрондық ақшаны шығару кезінде комиссиялық сыйақы, сондай-ақ шарттың талаптарына сәйкес эмитент көрсететін қосымша қызметтер үшін ақы алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) эмитенттен, агенттен немесе өзге де жеке тұлғалардан электрондық ақша алған жеке тұлғалар;
Тармақша 2
2) агенттер;
Тармақша 3
3) азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемақы ретінде жеке тұлғалардан электрондық ақша алған дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар электрондық ақша иелері болып табылуы мүмкін.
Электрондық ақша иесінің құқықтары электрондық ақшаны алған сәттен бастап туындайды.
Тармақ 4
4. Электрондық ақша эмитентінің және иесінің – жеке тұлғаның арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың арасында жасалған шарт негізінде туындайды.
Тармақ 5
5. Эмитент пен жеке тұлға арасында жасалатын шартта:
Тармақша 1
1) эмитенттің атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері;
Тармақша 2
2) электрондық ақша шығару не сатып алу талаптары;
Тармақша 3
3) электрондық ақшаны пайдалану үшін белгіленетін шектеулерді қоса алғанда, электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру талаптары;
Тармақша 4
4) электрондық ақша иесінің электрондық ақшаны пайдалана отырып, операциялар жүргізуге арналған құқықтарын куәландыру тәртібі;
Тармақша 5
5) иесінің электрондық ақшаны өтеуге ұсыну тәртібі мен тәсілдері және оны өтеу тәртібі;
Тармақша 6
6) операцияларды жүргізу үшін электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитенті және иесі арасында ақпарат алмасу тәртібі, оның ішінде эмитентке электрондық тасығыштың жоғалғаны немесе оны уәкілетті емес тұлғаның пайдаланғаны туралы хабарлау тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 7
7) электрондық ақша иесінің электрондық ақшаны пайдалану жөніндегі өтінішін қарау тәртібі, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану кезінде туындайтын дауларды шешу тәртібі;
Тармақша 8
8) комиссиялық сыйақы төлеу, сондай-ақ қосымша қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу мөлшері және тәртібі;
Тармақша 9
9) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 10
10) тараптардың өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершілігі;
Тармақша 11
11) шартты өзгерту және бұзу тәртібі, сондай-ақ оны қолдану мерзімі қамтылуы тиіс.
Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Эмитент тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен асатын сомаға электрондық ақша шығарылған жағдайда электрондық ақша иесін сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті.
Электрондық ақша иесі – жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің куәлігі.
Тармақ 7
7. Эмитенттер Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын электрондық ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана номиналдануы (көрсетілуі) тиіс.
Тармақ 8
8. Жеке тұлғаларға электрондық ақшаны өткізуді не жеке тұлғалардан электрондық ақшаны сатып алуды тараптардың құқықтары мен міндеттері, электрондық ақшаны өткізу және сатып алу тәртібі мен талаптары айқындалатын эмитентпен жасалған шарт негізінде агент жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Эмитенттің өзі не эмитентпен жасалған тиісті шарттың негізінде өзге де заңды тұлға оператор болуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Эмитент операторға электрондық ақша иелерімен, оның ішінде агенттермен эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша шарттар жасасуға уәкілеттік беруге құқылы.
Тармақ 11
11. Иелері мен оларға тиесілі электрондық ақша сомалары туралы мәліметтерді, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәліметтерді эмитент тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген негіздер бойынша және шекте береді.
36-2-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу
Тармақ 1
1. Электрондық ақшаны оның иесі – жеке тұлға азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оның эмитенті айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін талаптарда өзге де операцияларды жүргізу үшін пайдаланады.
Тармақ 2
2. Дара кәсіпкердің және (немесе) заңды тұлғаның электрондық ақшаны азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде төлемақы ретінде қабылдауы эмитентпен не электрондық ақша жүйесінің қатысушысы болып табылатын өзге де банкпен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақша алған дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада эмитентке қабылданған төлем сомасында ақшаны талап ету құқығы туындайды.
Тармақ 3
3. Эмитент электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін осы Заңда, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды және шектеулерді ескере отырып, қамтамасыз етуге міндетті.
Эмитент электрондық ақша иесінің алдында электрондық ақша жүйесіне санкциясыз енген, сондай-ақ эмитенттің тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысында (жұмыс істеуінде) қателесу орын алған немесе іркіліс болған жағдайларда электрондық ақша иесіне келтірілген зиян үшін олардың арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 4
4. Электрондық ақшаның иесі – сәйкестендірілген жеке тұлға жүргізетін бір операцияның ең жоғары сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
Электрондық ақшаның иесі – сәйкестендірілмеген жеке тұлға жүргізетін бір операцияның ең жоғары сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауы тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары электрондық ақшаны өтеу жөніндегі операцияларға қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Электрондық ақшаны өтеуді эмитент оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын электрондық ақшаның иесі – жеке тұлғаның банк шотына аудару не оған қолма-қол ақша беру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Егер эмитент пен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалған шартта өзге мерзім көзделмесе, эмитент дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жеке тұлғалардан азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде алған электрондық ақшаны өз пайдасына электрондық ақша түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеуді жүзеге асыруға міндетті.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақша аудару кезінде ақшаны қайтару үшін осы Заңда көзделген негіздер бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәміле бұзылған жағдайда, оны ақы төлеуші – жеке тұлғаға қайтару кезінде өтеуге жатпайды.
Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар иелері болып табылатын электрондық ақшаны өтеу заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің банк шотына оның номиналдық құны бойынша тең ақшалай сомасын аудару жолымен жүзеге асырылады.».
Бап 2
2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 5) тармақшасының жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін:
«Электрондық ақша иесі – жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат табыс етіледі.».