О миграции населения Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың көші-қоны туралы Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Ата жолы» картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 1-1
1-1) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
Тармақша 2
2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету – қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;
Тармақша 3
3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
Тармақша 4
4) еңбек көші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы;
Тармақша 4-1
4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 4-2
4-2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) заңсыз көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасында болуы;
Тармақша 6
6) заңсыз көшіп келуші – келу және болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
Тармақша 6-1
6-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
Тармақша 7
7) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
Тармақша 8
8) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
Тармақша 8-1
8-1) көшіп келушіні тіркеу – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көшіп келушінің уақытша болатын жері мен мерзімі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеде белгілеуі;
Тармақша 9
9) көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы;
Тармақша 10
10) көшіп-қонушы – себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;
Тармақша 10-1
10-1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
Тармақша 12
12) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
Тармақша 12-1
12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
Тармақша 13
13) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
Тармақша 13-1
13-1) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;
Тармақша 13-2
13-2) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
Тармақша 13-3
13-3) қандастар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор – этникалық қазақтар, қандастар және олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;
Тармақша 13-4
13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 13-5
13-5) реадмиссия – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келу, кету, болу немесе тұру мәселелері бойынша заңнаманы бұза отырып, бір мемлекеттің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес бір мемлекеттің құзыретті органдарының беруі (қайтаруы) және екінші мемлекеттің құзыретті органдарының қабылдауы;
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 15
15) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 17
17) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
Тармақша 17-1
17-1) уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай;
Тармақша 18
18) уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған тұрғынжай;
Тармақша 19
19) уақытша тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;
Тармақша 19-1
Тармақша 20
20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 20-1
Тармақша 21
21) шақырушы адам – Қазақстан Республикасында тұратын және осы Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуіне жәрдемдесетін адам;
Тармақша 22
22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
Тармақша 23
23) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 24
24) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 25
25) ішкі көші-қон – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;
Тармақша 26
26) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;
Тармақша 27
27) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 28
28) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері
3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері Қазақстан Республикасының аумағына келу және Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсатына қарай көшіп келудің мынадай негізгі түрлері бар:
Тармақша 1
1) тарихи отанына оралу мақсатында;
Тармақша 2
2) отбасын біріктіру мақсатында;
Тармақша 3
3) білім алу мақсатында;
Тармақша 4
4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;
Тармақша 5
5) гуманитарлық және саяси уәждер бойынша.
Бап 4. 4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасындағы жағдайын реттеу, сондай-ақ олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) көші-қон процестерін реттеу және заңсыз көші-қонға қарсы күрес;
Тармақша 3
3) көшіп-қонушылардың қазақстандық қоғамға интеграциялануы үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) көшіп-қонушылардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбекпен қанауға қарсы күрес.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, қандастардың ұтымды түрде қоныстандырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту;
Тармақша 3
3) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғау;
Тармақша 4
4) Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына интеграциялануын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) халықтың жаппай көші-қонына алып келуі мүмкін жанжалдардың алдын алу және оларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту;
Тармақша 6
6) ішкі көші-қон ағындарын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағы бойынша ұтымды түрде қоныстандырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) шетелде тұратын бұрынғы отандастармен және этностық қазақтармен, оның ішінде мәдени ынтымақтастық және ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынастарды қолдау және дамыту;
Тармақша 8
8) этностық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) көші-қон процестерін реттеу, заңсыз көшіп келудің алдын алу және жолын кесу саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану және оларға кепілдік беру;
Тармақша 2
2) ұлттық мүдделерді қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыру;
Тармақша 4
4) пайдаланылатын ақпараттың жаңартылуы және бірнеше рет қайталануы негізінде көші-қон процестерін реттеудің ашықтығы;
Тармақша 5
5) мемлекеттің көшіп келудің әрқилы түрлерін реттеуге сараланған тәсілі.
Бап 5. 5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:
Тармақша 1
1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім, медициналық және әлеуметтік көмек алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының көшіп келушілердің болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жерін еркін таңдауға;
Тармақша 5
5) өзіне тиесілі мүліктік құқықтарын және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа және мемлекеттік органдарға жүгінуге;
Тармақша 6
6) осы қызмет түрлері ақысыз негізде көрсетілетін қандастарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында ақылы бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасында:
Тармақша 1
1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті;
Тармақша 3
3) жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін ұсынады.
Бап 6. 6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары
6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары
Тармақ 1
1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Еңбек қызметін жүзеге асыруды қоса алғанда, «Астана Хаб» дербес кластерлік қорында және «Астана Хаб» қатысушыларында қызметін жүзеге асыру үшін көшіп келушілердің келу, кету және болу ерекшеліктері «Астана Хаб» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Тармақ 2
2. Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, заңды паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары бойынша келеді.
Тармақ 3
3. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визаны ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері береді. Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визаны ішкі істер органдары береді.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен, жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар визаларды не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алған көшіп келушілерге қолданылмайды. Визасы немесе уақытша тұруға арналған рұқсаты бар көшіп келушілер олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге не болу мерзімі аяқталғанға дейін оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті. Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасына күнтізбелік отыз күннен артық мерзімге келетін көшіп келушілер, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін күнтізбелік отызыншы күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Көшіп келушіні тіркеу кезінде мәлімделген мекенжай өзгерген кезде көшіп келуші бес жұмыс күні ішінде жаңа болатын мекенжайы бойынша тіркелуге міндетті.
Бап 6-1. 6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу
6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу Уақытша тұруға арналған рұқсат:
Тармақша 1
1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;
Тармақша 2
2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;
Тармақша 3
3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушыларды алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;
Тармақша 4
4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;
Тармақша 5
5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді. Бұл ретте көшіп келушіге уақытша тұруға рұқсатты немесе визаны ресімдеу кезінде қабылдаушы тарап көрсеткен уақытша болатын (тұратын) жерінен басқа жерде, сондай-ақ көшіп келушіні тіркеу кезінде мәлімделген жерден басқа жерде тұруға тыйым салынады.
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу
7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған визамен, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты бойынша берілген инвесторлық көпреттік визамен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес берілген визамен Қазақстан Республикасында уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесіне ие шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жүгінген көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге виза не уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) бес тәуліктен аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасына туризм, емделу, жастардың, студенттік және мектептік алмасу бағдарламаларына қатысу, гуманитарлық көмекті алып жүру, келіссөздер жүргізу, шарттар жасасу, аудиторлық және консультациялық қызметтер көрсету мақсаттарымен, сондай-ақ іссапарға келген;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте жүрген;
Тармақша 4
4) дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың құрамына енетін;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылатын;
Тармақша 6
6) теңіз және өзен кемелері, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуе, теміржол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын;
Тармақша 6-1
6-1) Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың мүшелері болып табылатын;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының аумағына қайырымдылық, волонтерлік, діни және (немесе) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келетін;
Тармақша 8
8) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
Тармақша 9
9) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.
Бап 8-1. 8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Тармақша 2-1
Бап 9. 9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары:
Тармақша 1
1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
Тармақша 2-1
Тармақша 3
3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4-1
4-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі, сондай-ақ осы Заңның 48-бабында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақырулар беруден бас тартады;
Тармақша 5
5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 5-1
Тармақша 5-2
5-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 5-3
Тармақша 6
6) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;
Тармақша 6-1
6-1) шығарып жіберу туралы сот актісі өздеріне қатысты шығарылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының шегінен уақтылы кетуін бақылайды;
Тармақша 6-2
Тармақша 6-3
6-3) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6-4
6-4) көшіп келушілерді тіркеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 7
7) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 7-1
7-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;
Тармақша 11
Тармақша 11-1
11-1) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдейді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 13-1
13-1) халықты тіркеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, оның ішінде «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін ескере отырып, астанада уақытша болатын (тұратын) жерге келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді, сондай-ақ есепке қоюды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) уақытша болатын (тұратын) жеріне келген Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды жүзеге асырады;
Тармақша 16-1
Тармақша 16-2
16-2) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті
10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 4-1
4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі;
Тармақша 4-2
4-2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген, этностық қазақтарға, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде «Ата жолы» картасын алуға үміткерлерді қоса алғанда, этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) халықтың көші-қоны саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;
Тармақша 4-1
Тармақша 4-2
4-2) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квотасын белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;
Тармақша 4-3
4-3) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізеді;
Тармақша 4-4
Тармақша 4-5
4-5) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 5
Тармақша 5-1
5-1) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесін құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5-2
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6-1
6-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекітеді;
Тармақша 6-2
6-2) шетелде еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды;
Тармақша 9-1
Тармақша 9-2
9-2) шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібін әзірлейді, бекітеді;
Тармақша 10
10) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарайды;
Тармақша 11
11) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
Тармақша 11-1
11-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) көшіп-қонушылардың және этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
Тармақша 14
14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 14-1
14-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 14-2
14-2) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
Тармақша 14-3
Тармақша 14-4
14-4) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14-5
14-5) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14-6
14-6) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14-7
14-7) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 14-8
14-8) шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін айқындайды;
Тармақша 15
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;
Тармақша 3
3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) этникалық қазақтар мен қандастарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті
Тармақ 1
1. Ұлттық қауіпсіздік органы:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуін және кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпараттық алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;
Тармақша 4
4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келіседі;
Тармақша 7
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ұлттық қауіпсіздік органдары көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келісуден бас тарту үшін негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.
Бап 15. 15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Тармақша 2
2) қандастар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3-1
3-1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 5
5) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6-1
6-1) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
Тармақша 6-2
6-2) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
Тармақша 6-3
6-3) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6-4
6-4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6-5
Тармақша 6-6
6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6-7
6-7) Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияны құрады және оның қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 6-8
6-8) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетеді;
Тармақша 6-9
6-9) «Ата жолы» картасын беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6-10
6-10) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6-11
6-11) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссия құрады;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 8
8) қандас куәлігін береді;
Тармақша 9
9) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
Тармақша 11
11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды бередi немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
Тармақша 11-1
11-1) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 13
13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi;
Тармақша 13-1
13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;
Тармақша 14
14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;
Тармақша 3
3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;
Тармақша 4
4) қандастарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;
Тармақша 4-1
4-1) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;
Тармақша 4-2
4-2) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді, оларды ұзартады және кері қайтарып алады;
Тармақша 4-3
4-3) жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тарау 3. 3-тарау. ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
3-тарау. ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
Бап 16. 16-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы
16-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы
Бап 17. 17-бап. Оралмандардың санаттары
17-бап. Оралмандардың санаттары
Бап 17-1. 17-1-бап. Қандастардың санаттары
17-1-бап. Қандастардың санаттары
Бап 18. 18-бап. Қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі
18-бап. Қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі
Бап 19. 19-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия
19-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия
Бап 19-1. 19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы
19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен қандастардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде алдағы жылға белгілейді.
Бап 19-2. 19-2-бап. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия
19-2-бап. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия Этникалық қазақтардың қандас мәртебесін беруге, ал қоныстандыру өңірлерінде оған қосымша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Бап 20. 20-бап. Қандас мәртебесін беруден және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздер
20-бап. Қандас мәртебесін беруден және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздер Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Тармақша 1
1) үміткерлердің осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) этникалық қазақ мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
Тармақша 3
3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш жасаған этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы;
Тармақша 4
4) этникалық қазақтың «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы;
Тармақша 5
5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
Бап 21. 21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
Бап 21-1. 21-1-бап. Этностық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері
21-1-бап. Этностық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Қандас қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген, қандастың отбасы мүшелері, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары, сондай-ақ ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалар күнтізбелік бір жыл ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандастар, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары өздерінің отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады және олардың осы Заңның 19-1-бабында айқындалған тәртіппен оған енгізілуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Егер қандастар, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары өз отбасы құрамында өзінің отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қандастардың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана қандастар отбасының құрамында енгізіледі. Бұл ретте қандастың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған не оларды ата-ана құқықтарынан айырған жағдайларда, олардың кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін қандастар (қандастың жұбайы (зайыбы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болуға міндетті.
Бап 22. 22-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізудің ерекшеліктері
22-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізудің ерекшеліктері
Бап 23. 23-бап. Қандастарға, этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары
23-бап. Қандастарға, этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары
Тармақ 1
1. Этностық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.
Тармақ 2
2. Қандас мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
Тармақша 1
1) қандастарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, саяжай құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.
Тармақ 4-1
4-1. Қандас мәртебесін алған және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шартына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.
Тармақ 4-2
4-2. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Тармақ 5
5. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.
Тармақ 5-1
5-1. Қандастар немесе оның отбасы мүшелері оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары қандастарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады.
Тармақ 6
6. Қандастар Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған бюджет шығындарын мерзімінен бұрын толық көлемде: қандас мәртебесін алған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныстандыру өңірінің шегінен тыс жерге өзінің еркі бойынша тұрақты тұруға өз бетінше кеткен; Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда өтеуге міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігі екінші абзацының ережесі ғылыми дәрежесі бар қандастарға қолданылмайды.
Бап 24. 24-бап. Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру
24-бап. Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру
Тармақ 1
1. Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерiн қандас мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерге жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары құрылады. Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тұруының тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетудің тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Бап 25. 25-бап. Қандас мәртебесін және «Ата жолы» картасының қолданылуын тоқтату
25-бап. Қандас мәртебесін және «Ата жолы» картасының қолданылуын тоқтату
Тармақ 1
1. Қандастың мәртебесі:
Тармақша 1
1) қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;
Тармақша 2
2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылған не ол күшін жойған жағдайда;
Тармақша 3
3) қандас мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады.
Тармақ 2
2. «Ата жолы» картасының қолданысы:
Тармақша 1
1) «Ата жолы» картасының иегері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;
Тармақша 2
2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылған не ол күшін жойған жағдайда;
Тармақша 3
3) он жыл өткеннен кейін, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге тоқтатылады.
Бап 25-1. 25-1-бап. «Ата жолы» картасын беруден бас тарту үшін негіздер
25-1-бап. «Ата жолы» картасын беруден бас тарту үшін негіздер Жергілікті атқарушы орган «Ата жолы» картасын ұсынудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Тармақша 1
1) үміткерлер осы Заңның 1-бабының 28) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда;
Тармақша 2
2) «Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтініш білдірген этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы бар екені туралы өзге де ақпараттың болуы;
Тармақша 3
3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге этникалық қазақтың келісімінің болмауы.
Бап 26. 26-бап. Қандастардың құқықтары мен міндеттері
26-бап. Қандастардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің:
Тармақша 1
1) жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға;
Тармақша 2
2) жеңілдіктерді, өтемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қолда бар құжаттарының негізінде атын, әкесінің атын (ол болғанда) және тегін қазақ тілінде дұрыстап жазуға;
Тармақша 4
4) дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 5
5) қызметтік немесе өзінің тұрғын үйі болмаған кезде қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қандастар мен олардың отбасы мүшелері:
Тармақша 1
1) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы олардың өтініштерін қарау үшін қажетті анық мәліметтерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық қарап-тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға міндетті.
Тармақша 3
Тармақша 4
Тарау 4. 4-тарау. ОТБАСЫН БІРІКТІРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
4-тарау. ОТБАСЫН БІРІКТІРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
Бап 27. 27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері
27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері
Тармақ 1
1. Мына адамдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан көшіп келушілер мен бизнес-көшіп келушілер шақырушы адамдар болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Шақырушы адамдардың отбасын біріктіру мақсатында шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде кемінде бір жыл тұрған жұбайы (зайыбы);
Тармақша 2
2) он сегіз жасқа толмаған, некеде тұрмайтын және шақырушы адамның асырауындағы және (немесе) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) балалар, оның ішінде асырап алған балалары;
Тармақша 3
3) он сегіз жастан асқан, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына байланысты себептер бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз балалар, оның ішінде асырап алған балалары;
Тармақша 4
4) шақырушы адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз ата-аналары;
Тармақша 5
5) оларды күтіп-бағу шақырушы адамның міндеті болып табылатын, отбасының өзге де мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін шақырушы адамның отбасы мүшелері болып табылады.
Тармақ 4
4. Шақырушы адамның мына отбасы мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына жіберіледі:
Тармақша 1
1) егер Қазақстан Республикасының азаматы шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағында аталған барлық адамдар. Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат кейіннен жыл сайын ұзарту құқығымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі;
Тармақша 2
2) егер уақытша (кемінде екі жыл мерзімге) тұруға рұқсат алған этникалық қазақ немесе бұрынғы отандас шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар. Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі;
Тармақша 3
3) егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келуші немесе Қазақстан Республикасында кемінде бір жыл үзіліссіз тұратын бизнес-көшіп келуші шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар. Тұрақты тұруға арналған рұқсаты бар шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту құқығымен бір жылға беріледі. Бизнес-көшіп келуші болып табылатын шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі. Бұл ретте шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілердің мынадай санаттарының:
Тармақша 1
1) оқу, кәсіптік даярлықтан өту және (немесе) тағылымдамадан өту кезеңіне білім алу мақсатында көшіп келушілердің (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер мен тағылымдамадан өтушілер);
Тармақша 2
2) маусымдық шетелдік қызметкерлердің;
Тармақша 3
3) гуманитарлық уәждер бойынша көшіп келушілердің отбасы мүшелеріне қатысты отбасын біріктіру мақсатында көшіп келуге жол берілмейді.
Бап 28. 28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі
28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі
Тармақ 1
1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза беру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілерге, уақытша тұруға арналған рұқсаттардың берілуі солардың болуына байланысты болатын мән-жайлардың (кәмелетке толуы, біріктіруді сұраған адамның қайтыс болуы, біріктіру жүргізуге негіз болған некенің бұзылуы немесе күшінің жойылуы) қолданылуы тоқтатылған жағдайларда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан кем емес мөлшерде отбасының әрбір мүшесін айына асырап-бағуға бұл үшін қажетті қаржылай қаражатының бар екендігі расталған жағдайда, ішкі істер органдары рұқсатты олардың өтініштері негізінде алты айға дейінгі кезеңге ұзартады.
Бап 29. 29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Шақырушы адамның отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтары шақырушы адамдары болып табылатын, осы Заңның 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен жалпы жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын;
Тармақша 2
2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында санамаланған адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама, сондай-ақ жұмыс берушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жағдайларда, еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Отбасын біріктіру мақсатында келетін көшіп келушілер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, егер оның бұдан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.
Тарау 5. 5-тарау. БІЛІМ АЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
5-тарау. БІЛІМ АЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
Бап 30. 30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер
30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер Қазақстан Республикасының аумағына білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оның ішінде оқушылар алмасудың және даярлық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша қабылданған білім алушылар жатады.
Бап 31. 31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары
31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер:
Тармақша 1
1) этникалық қазақтарды қоспағанда, көшіп келуші мен қабылдаушы білім беру ұйымдарының арасындағы шартқа сәйкес тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеуге қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға;
Тармақша 2
2) таңдаған мамандығы бойынша білім алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға және медициналық сақтандыруы болуына;
Тармақша 3
3) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға;
Тармақша 4
4) оқу орнына оқуға қабылданғаны туралы растаманы табыс етуге және (немесе) Қазақстан Республикасына келгенге дейін кәсіптік даярлықтан өтуге шақырған тараптың келісімін растауға міндетті.
Бап 32. 32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге арналған визаны, уақытша тұруға арналған рұқсатты беру шарттары
32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге арналған визаны, уақытша тұруға арналған рұқсатты беру шарттары
Тармақ 1
1. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келуіне визаларды кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының келісімімен қабылдаушы білім беру ұйымының өтінішхаты негізінде айқындалатын бір жылдан аспайтын мерзімге оқу орнының немесе білім беру жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты негізінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруына арналған рұқсатты қабылдаушы білім беру ұйымының қолдаухаты негізінде айқындалатын оқу мерзіміне оқу орнының қолдаухаты негізінде ішкі істер органдары береді.
Тармақ 2
2. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің келуіне визаны және уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары қабылдаушы білім беру ұйымы растаған жағдайда оқуды аяқтауға қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге жыл сайын ұзартып отырады.
Тармақ 3
3. Қабылдаушы білім беру ұйымдары білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге олардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіруді және оларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ уақытша тұруға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған соң олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағы бойынша жүріп-тұру және Қазақстан Республикасынан кету құқықтарына арналған құжаттарды уақтылы ресімдемегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 4
4. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің уақытша тұруына арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.
Бап 33. 33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер
33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер
Тармақ 1
1. Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады. Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтар оқуға түскеннен кейін:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) тұрақты тұруға және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;
Тармақша 2
2) оқудың және (немесе) кәсіптік даярлықтың толық курсын аяқтағаннан кейін, егер одан әрі болу үшін заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.
Тарау 6. 6-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
6-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
Бап 34. 34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары
34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) мыналар: экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген; Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер;
Тармақша 2
2) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;
Тармақша 3
3) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
Тармақша 4
4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер.
Бап 35. 35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары
35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер:
Тармақша 1
1) кәмелеттік жаста болуға;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 3
3) алдағы атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі болуға;
Тармақша 4
4) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға;
Тармақша 5
5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруы болуға міндетті.
Бап 36. 36-бап. Шетелдік жұмыскерлерге келуге арналған визаларды, уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары
36-бап. Шетелдік жұмыскерлерге келуге арналған визаларды, уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары
Тармақ 1
1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша береді.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015№ 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.
Тармақ 4
4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде, ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша бір жылға ұзартады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне келу визаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тиісті мемлекеттік органмен жасалған еңбек шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне береді.
Бап 36-1. 36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота
36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота
Тармақ 1
1. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беру туралы нормалары:
Тармақша 1
1) дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және жоғары білімі бар мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен расталған құжаттармен мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарды жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсіптер тізбесіне және сандарына сәйкес басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ білікті жұмысшылар ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі (оның ішінде іздестіру және жобалау қызметі, инжинирингтік қызметтер) саласында көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Тармақша 4
4) құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ аталған арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы мен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік орталық органдардың өкілдерінен тұратын комиссия айқындайтын санаттар мен сандар тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
Тармақша 5
5) экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
Тармақша 7
7) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде көзделген;
Тармақша 9
9) «Астана Хаб» дербес кластерлік қорында немесе «Астана Хаб» қатысушыларында басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшіне пайыздық қатынаста белгіленеді және ол:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;
Тармақша 3
3) еңбек мигранттарын тартуға арналған квотаны қамтиды.
Тармақ 5
5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырады және белгілейді.
Тармақ 6
6. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданысының тоқтатылуына байланысты тартылатын шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Жұмыс беруші өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде тартылатын шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау және (немесе) олармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;
Бап 37. 37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі
37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі
Тармақ 1
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін квота шегінде жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады. Өз аумағы және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жергілікті атқарушы орган беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың берілгені немесе ұзартылғаны үшін жұмыс берушілерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.
Тармақ 2
2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлер уақытша еңбек қызметін келу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш айдан аспайтын мерзімге жергілікті атқарушы орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алған жағдайда, келе алады.
Бап 37-1. 37-1 бап. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуы
37-1 бап. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуы
Тармақ 1
1. Жұмыс берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартады.
Тармақ 2
2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды береді немесе ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілуге жатпайды, жұмыс берушінің рұқсаты алынған шетелдік жұмыскерлерді бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан ұйымдарға іссапарға жіберуді қоспағанда, рұқсатта көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қолданылады.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алымдар төленген кезде беріледі немесе ұзартылады. Бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алған немесе ұзартқан кезде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне төленеді. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алымды төлеу бөлігіндегі осы тармақтың ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беруді немесе ұзартуды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны персоналды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасқа сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға немесе Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сай келуі тиіс.
Тармақ 8
8. Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.
Бап 37-2. 37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
Тармақ 1
1. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы жергілікті атқарушы органдар үш айдан аспайтын мерзімге берген анықтаманың негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады.
Тармақ 2
2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.
Тармақ 3
3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, ол өтініште көрсетілген жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінеді. Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама берілген күннен бастап үш ай ішінде оны еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
Бап 37-3. 37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
Тармақ 1
1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілер тартатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беру шарттары мен тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға мыналар:
Тармақша 1
1) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар тартылатын ел мен ұйымдар;
Тармақша 2
2) тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсете отырып, тартылатын шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың саны, әрқайсысының білім деңгейі, біліктілігі, кәсібі және жұмыс тәжірибесі;
Тармақша 3
3) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат жібереді.
Тармақ 4
4. Менеджерлерді және мамандарды корпоративішілік ауыстыру халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін, тартылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді.
Бап 38. 38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері
38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жеңілдетілген тәртіппен береді.
Бап 39. 39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары
39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары
Тармақ 1
1. Келуге арналған визаны немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты алу үшін бизнес-көшіп келушілер:
Тармақша 1
1) кәмелеттік жаста болуға;
Тармақша 2
2) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруы болуға;
Тармақша 4
4) соттылығының болуы не болмауы және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынбағаны жөніндегі растаманы ұсынуға міндетті.
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014№ 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Бизнес-көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге визаны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері екі жылға дейінгі мерзімге береді. Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсаттарды ішкі істер органдары жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға береді. 3. Этностық қазақтар қатарындағы бизнес-көшіп келушілерге келуге арналған визалар мен уақытша тұруға арналған рұқсаттар үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Бап 40. 40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары
40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары
Тармақ 1
1. Бизнес-көшіп келушілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының аумағында болуының міндетті шарты болып табылады.
Тармақ 2
2. Бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағына келген күнінен бастап екі ай мерзім ішінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдар қатысушыларының (акционерлерінің) құрамына енуге;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ақша сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне енгізуге міндетті. Бизнес-көшiп келушiлер осы бапта белгiленген мiндеттердi орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуіне қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды. Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бар көшіп келушілерді қоспағанда, бизнес-көшіп келушілер ретінде келуге арналған визаларды немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлғаларға қатысушылардың құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Бизнес-көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін жабдықтар әкелуі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруына ашық аумақтары бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерін таңдай алады.
Бап 41. 41-бап. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту, олардың келу және болу шарттары
41-бап. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту, олардың келу және болу шарттары
Тармақ 1
1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттар негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шарттарда және тәртіппен экономиканың жекелеген салаларына жұмысқа тартылады.
Тармақ 2
2. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үй беруге міндетті.
Тармақ 3
3. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерге келуге арналған визаларды шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың негізінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік жұмыскерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары береді.
Тармақ 5
5. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер:
Тармақша 1
1) кәмелеттік жаста болуға;
Тармақша 2
2) еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптар сақтала отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруы болуға міндетті.
Бап 42. 42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары
42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары
Бап 43. 43-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері
43-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;
Тармақша 2
2) рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін, егер одан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген маусымдық қызметкерден басқа шетелдік қызметкер:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 2
2) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартқан қызметкер, рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін - жұмысқа орналасуға рұқсатты ұзарту туралы өтініш беруге құқылы.
Бап 43-1. 43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары
43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары
Тармақ 1
1. Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылуы;
Тармақша 2
2) кәмелеттік жаста болуы;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) соттылығының бар не жоқ екендігінің растамасын ұсынуы;
Тармақша 5
5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі болатын ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтамасын ұсынуы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуы;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге тиіс.
Тармақ 2
2. Еңбекші көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді және еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне ұзартады. Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.
Бап 43-2. 43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі
43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі
Тармақ 1
1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріледі және ол бір айдан он екі айға дейінгі мерзімді құрауы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс. Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын, сондай-ақ рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.
Тармақ 2
2. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат алдыңғы кезеңде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде ұзартылады.
Тармақ 3
3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3-1
3-1. 01.01.2024 дейін қолданылды – ҚР 29.06.2021 № 58-VII Заңымен.
Тармақ 4
4. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат көшіп келушінің жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шартын жасасуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) құқық береді.
Тарау 7. 7-тарау. ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ УӘЖДЕР БОЙЫНША КӨШІП КЕЛУ
7-тарау. ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ УӘЖДЕР БОЙЫНША КӨШІП КЕЛУ
Бап 44. 44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары
44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:
Тармақша 1
1) волонтерлер – Қазақстан Республикасына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласында өтеусіз негізде қызмет көрсету үшін келетін көшіп келушілер;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасына қайырымдылық, гуманитарлық көмек көрсету және гранттар беру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың шеңберінде келетін көшіп келушілер жатады.
Бап 45. 45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер
45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:
Тармақша 1
1) босқындар;
Тармақша 2
2) саяси пана берілген адамдар жатады.
Бап 46. 46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары
46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасына гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келуіне визаны Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйым өкілдігінің не ол орналасқан елде осы елдің заңнамасына сәйкес ресми тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қордың) өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері бір жылға дейінгі мерзімге береді.
Тармақ 2
2. Гуманитарлық уәждер бойынша келген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында келудің мақсаттарында көзделмеген қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Бап 47. 47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары
47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары
Тармақ 1
1. Пана іздеп жүрген адамдардың келу және болу шарттары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға пана беру және оларға босқын мәртебесін беру жөніндегі қатынастар, босқындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 2
2. Саяси пана берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Тарау 8. 8-тарау. ШЕТЕЛДІККЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КЕЛУІНЕН БАС ТАРТУ ҮШІН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА АРНАЛҒАН РҰҚСАТТЫ АЛУ ҮШІН ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕР
8-тарау. ШЕТЕЛДІККЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КЕЛУІНЕН БАС ТАРТУ ҮШІН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА АРНАЛҒАН РҰҚСАТТЫ АЛУ ҮШІН ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕР
Бап 48. 48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер
48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер Көшіп келушінің Қазақстан Республикасына келуіне:
Тармақша 1
1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
Тармақша 2
2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
Тармақша 3
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
Тармақша 4
4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;
Тармақша 5
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
Тармақша 6
6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса; 6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;
Тармақша 7
7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;
Тармақша 7-1
7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;
Тармақша 7-2
7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;
Тармақша 7-3
7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;
Тармақша 8
8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпеген болса;
Тармақша 9
9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
Тармақша 10
10) егер ол келу туралы өтiнiш хат жолдаған кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
Тармақша 10-1
10-1) егер ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімінен өтуден бас тартса;
Тармақша 11
11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде;
Тармақша 12
12) егер ол «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан болса;
Тармақша 13
13) егер ол «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған болса;
Тармақша 14
14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады. Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған көшіп келушілердің шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады. Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
Бап 49. 49-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер
49-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер Мынандай:
Тармақша 1
1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;
Тармақша 2
2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
Тармақша 3
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
Тармақша 3-1
3-1) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған;
Тармақша 4
4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;
Тармақша 6
6) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыртқан;
Тармақша 7
7) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
Тармақша 9
9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;
Тармақша 9-1
9-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
Тармақша 10-1
10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;
Тармақша 12
12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алған және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз уақыт тұрып жатқан;
Тармақша 13-1
13-1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 13-2
13-2) тұрақты тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің негізінде алған және тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн ішінде көрсетілген тізбеде көзделген кәсіп бойынша жұмыс істемеген;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
Тармақша 14-1
14-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық және еңбек заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
Тармақша 14-2
14-2) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;
Тармақша 16
16) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
Тармақша 17
17) егер бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тартылады не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады. Тұруға ықтиярхатты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз рұқсат беруге тыйым салынады. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты не 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаты негізінде азаматтығы жоқ деп танылған адамдарға, «Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылатын әйелдерге қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 13 және 14-1) тармақшаларының күші қолданылмайды. Әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты осы баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасының ережесі қолданылмайды.
Тарау 9. 9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАР
9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАР
Бап 50. 50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар
50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударатындар;
Тармақша 2
2) өзінің ерік қалауымен өз бетінше қоныс аударушылар болып бөлінеді.
Бап 51. 51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері
51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Ішкі көшіп-қонушылардың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңында жазылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұруға, тұрғылықты жерін еркін таңдауға;
Тармақша 2
2) тұрғылықты жерінен немесе уақытша болатын (тұратын) жерінен мәжбүрлі түрде қоныс аудартудан қорғалуға;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға;
Тармақша 2-2
2-2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерге уақытша орналастыру орталықтарына бастапқы орналасуға;
Тармақша 3
3) жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуге құқығы бар. Жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген негіздер бойынша мәжбүрлі түрде қоныс аудартуға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Ішкі көшіп-қонушылар:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге; Астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Тұрғынжай меншік иесінің жұбайын (зайыбын), жекжаттарын, жақын туыстарын, олардың жұбайлары (зайыптары) мен балаларын, өзінің қамқорлығындағы немесе қамқоршылығындағы адамдарды, сондай-ақ астанада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерді тіркейтін жағдайларды қоспағанда, осы тұрғынжайда тіркелген, жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын адамдар болмаған жағдайда, астананың аумағында белгіленген нормативтерден асырып тіркеуге жол берілмейді;
Тармақша 1-1
1-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, уақытша орналастыру орталығына жолдама алған кезде күнтізбелік үш күн ішінде оған орналасуға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін ұсынылған үй-жайды босатуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде қайтаруға міндетті.
Тарау 10. 10-тарау. ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ
10-тарау. ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ
Бап 52. 52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу
52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу
Тармақ 1
1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде белгілейді.
Тармақ 2
2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қоныс аударушының халықты жұмыспен қамту орталықтарына берген өтініші негізінде, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 53. 53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек
53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Тарау 11. 11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЕЛДЕН ТЫС ЖЕРГЕ КЕТУІНІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ. ЗАҢСЫЗ КӨШІП КЕЛУДІҢ АЛДЫН АЛУ
11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЕЛДЕН ТЫС ЖЕРГЕ КЕТУІНІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ. ЗАҢСЫЗ КӨШІП КЕЛУДІҢ АЛДЫН АЛУ
Бап 54. 54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары
54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:
Тармақша 1
1) басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 2
2) басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтары болып екі санатқа бөлінеді. Басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің персоналы, Қазақстан Республикасына бекітіп берілген квоталарға сәйкес халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған, шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, бітімгершілік парызын орындаушы әскери қызметшілер, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады.
Бап 55. 55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі
55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі
Тармақ 1
1. Әркімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына кедергісіз қайтып оралуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету ішкі істер органдары кетуге арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтінішті ішкі істер органдарына:
Тармақша 1
1) әрекетке қабілетті азаматтар - өздері;
Тармақша 2
2) балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар атынан олардың заңды өкілдері береді.
Тармақ 4
4. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтініш берген азаматтардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуінен бас тарту үшін негіздердің болмауына тексеру жүргізеді. Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтініш берген азаматтарға қатысты ішкі істер органдарының сауалдарын күнтізбелік он күн ішінде қарайды. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен қабылданады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуімен байланысты шығындарды қаржыландыру кетушілердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, басқа да көздерден жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұрғылықты жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне және өздерінің отбасы мүшелеріне меншік құқығымен тиесілі мүлікті өз қаражаты есебінен әкетуге құқылы.
Тармақ 7
7. Азаматтардың мемлекет үшін мәдени, тарихи немесе өзге де құндылығы бар заттарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұрғылықты жеріне кеткен адамдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 55-1. 55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі
55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің:
Тармақша 1
1) жүгінген адамдарға консультация беруге және ел ішінде де, шетелде де жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беруге, сондай-ақ еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге;
Тармақша 2
2) бір елден екінші елге жұмысқа орналасу үшін жұмыскерлерді жинауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) жүгінген адамдарды кейіннен ел ішінде және шетелде жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;
Тармақша 4
4) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкетуге рұқсат беру құжаттарын ресімдеуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
Тармақша 1
1) кемсітушіліктің кез келген нысанына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) жүгінген адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) жүгінген адамдармен ел ішінде және шетелде жұмыс істеу үшін еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға;
Тармақша 4
4) халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін жүгінген және ел ішінде және шетелде жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты жазбаша немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкетуге байланысты қызметті жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жүзеге асырады. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне жұмыскердің атына кепілдік жарна енгізу арқылы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыскердің өз еліне оралуына жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі кепілдік берген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету кезінде шетелдік жұмыс берушілердің банктерге кепілдік жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасымен реттеледі.
Бап 56. 56-бап. Қазақстан Республикасының азаматына елден тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер
56-бап. Қазақстан Республикасының азаматына елден тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер Қазақстан Республикасының азаматына мынадай жағдайларда, егер ол:
Тармақша 1
1) мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді білетін болса және өзінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету фактісі туралы тиісті уәкілетті органдарды хабардар етпеген болса – осы мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғанға дейін;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алынған не күдікті, айыпталушы ретінде жауапқа тартылған болса, не оған қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса - іс бойынша шешім шығарылғанға немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
Тармақша 3
3) қылмыс жасағаны үшін сотталған болса – жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін;
Тармақша 4
4) өзіне сот жүктеген міндеттемелерді орындаудан жалтарған болса – осы мән-жайлар тоқтатылғанға дейін;
Тармақша 5
5) мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген болса – осы қызметті өткеру аяқталғанға дейін немесе "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес одан босатылғанға дейін;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасынан кету үшін құжаттарды ресімдеу кезінде өзі туралы көрінеу жалған деректерді хабарлаған болса – бас тартуға және беруге негіз болған себептер жойылғанға дейін және дәйекті деректерді ұсынғанға дейін;
Тармақша 7
7) азаматтық сот ісін жүргізуде жауапкер болып табылса – сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін;
Тармақша 8
8) салықтық берешегі болса – оны толық өтегенге дейін;
Тармақша 9
9) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуден уақытша бас тартылады. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер: сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісімді; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге де талабының орындалғанын растайтын құжаттарды; атқарушылық құжат беруге негіз болған, тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігі 9) тармақшасының талабы қолданылмайды. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету құқығын шектеудің барлық жағдайларында ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматына хабарлама береді, онда шектеудің негіздемесі мен мерзімі және осы шешімге шағымданудың тәртібі көрсетіледі.
Бап 57. 57-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері
57-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтары мен бостандықтары бар, сондай-ақ олар Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген міндеттерді атқарады. Қазақстан Республикасы өз азаматтарын одан тыс жерде қорғауға және оларға сүйеу болуға кепілдік береді.
Бап 58. 58-бап. Заңсыз көшіп келудің алдын алу және құқықтық мәртебесі реттелмеген көшіп келушілерді заңдастыру шаралары
58-бап. Заңсыз көшіп келудің алдын алу және құқықтық мәртебесі реттелмеген көшіп келушілерді заңдастыру шаралары
Тармақ 1
1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келуі, олар келу, кету, болу және транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын орындаған жағдайда мүмкін болады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 11-1. 11-1-тарау. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау
11-1-тарау. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау
Бап 58-1. 58-1-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау
58-1-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) аумақтық ішкі істер органдары бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көзделген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын және (немесе) шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) болып табылады.
Бап 58-2. 58-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
58-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Аумақтық ішкі істер органының басшысы тағайындайтын жоспардан тыс тексеруге (бұдан әрі – тексеру) мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз болуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзатын Қазақстан Республикасының азаматтары туралы куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
Тармақша 2
2) прокурордың талаптары;
Тармақша 3
3) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз болуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзатын Қазақстан Республикасының азаматтары туралы куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
Тармақша 4
4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары.
Тармақ 3
3. Аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) осы баптың 7-тармағында аталған құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес және мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алуға;
Тармақша 3
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 2
2) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
Тармақша 3
3) тексерілетін субъектінің не оның уәкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
Тармақша 4
4) тексерілетін субъектіге не оның уәкілетті өкіліне тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
Тармақша 1
1) тексеру жүргізу үшін келген аумақтық полиция органдарының лауазымды адамын (лауазымды адамдарын) мынадай: осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен; осы баптың 7-тармағында көзделген құжаттар болмаған; тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған; тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше бақылау субъектісі көрсетілген; тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған; сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша бұрын тексеру жүргізілген бақылау субъектісіне тексеру тағайындалған; өтініште (хабарламада) көрсетілген уақыт кезеңінен асатын кезеңге тексеру тағайындалған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
Тармақша 3
3) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға;
Тармақша 4
4) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектілерінің өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
Тармақша 1
1) аумақтық полиция органдары лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып және тексеру нысанасына сәйкес аумақтық полиция органдарының лауазымды адамына (лауазымды адамдарына) тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
Тармақша 3
3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің тексерілетін құжаттарына (мәліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне жол бермеуге;
Тармақша 5
5) зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы акт екі данада жасалады. Тексеруді тағайындау туралы актінің бір данасы – тексерілетін субъектіге, екіншісі тексеру басталғаннан кейін құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға беріледі. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеу күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) аумақтық ішкі істер органының атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі. Заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі тексерілген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі.
Тармақша 6
6) тексеру нысанасы;
Тармақша 7
7) тексеру жүргізу мерзімі;
Тармақша 8
8) тексерілетін кезең;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізудің негіздемесі;
Тармақша 10
10) бақылау субъектісінің осы баптың 4-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 11
11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
Тармақша 12
12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және аумақтық ішкі істер органының мөрі. Тексеруді тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеруді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады, бұл ретте бақылау субъектісін тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету талап етілмейді.
Тармақ 8
8. Тексеру кезінде аумақтық ішкі істер органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) бақылау субъектісіне:
Тармақша 1
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
Тармақша 2
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
Тармақ 9
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру жүргізу мерзімі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақпарат алу;
Тармақша 2
2) өзіне қатысты тексеру жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау қажет болған жағдайларда ғана он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Тексеру мерзімін ұзарту аумақтық полиция органы басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісі хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталардан бір жұмыс күні бұрын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсыныла отырып, тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі. Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны аумақтық полиция органы табыс ету туралы хабарламамен бірге, ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді. Тексеруді тоқтата тұруға жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық полиция органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеру нәтижелері туралы акт жасайды. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) аумақтық полиция органының атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылған мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;
Тармақша 7
7) тексеру жүргізілген мерзім;
Тармақша 8
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар мен олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) бақылау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;
Тармақша 10
10) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы. Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар болған кезде сол құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 11
11. Тексеру нәтижелері туралы акт үш данада жасалады. Аумақтық полиция органы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшіншісі аумақтық полиция органында қалады. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға) оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады. Аумақтық полиция органы бақылау субъектісінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның) тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және қабылданған шаралар туралы уәжді жауапты он жұмыс күні ішінде беруге тиіс. Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімін бұзу бақылау субъектісінің пайдасына шешіледі. Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам (лауазымды адамдар) және бақылау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға) қол қояды. Бақылау субъектісі бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар тексеру жүргізу кезінде болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
Тармақ 13
13. Тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бақылау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Тексеру қорытындылары бойынша әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында не Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шаралар қолданылады.
Тарау 12. 12-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
12-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
Бап 59. 59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 60. 60-бап. Заңсыз көшіп келушілерді шығарып жіберу
60-бап. Заңсыз көшіп келушілерді шығарып жіберу
Тармақ 1
1. Заңсыз көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шегінен тыс өздерінің шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматтығын алған немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарып жіберілуге жатады. Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды. Заңсыз көшіп келушілерді ұстап алуға және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен мұндай адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге оларды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға жол беріледі.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шығарып жіберу немесе реадмиссия бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін немесе реадмиссияланатын заңсыз көшіп келушілер, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болу фактісі анықталған кезде оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу немесе реадмиссия бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте шығарып жіберуге немесе реадмиссияға жұмсалған қаражат мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға талап қоюлары бойынша сот тәртібімен өтелуге жатады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге осы адамдарды алып келген көлік ұйымы жауапты болып табылады.
Тармақ 3
3. Шет мемлекеттен Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға заңды негіздері жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасы мен осындай адам азаматы болып табылатын не тұрақты (көбіне) тұратын мемлекет арасында Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарт болмаса, шығарып жіберілуге жатады.
Бап 60-1. 60-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілердің құқықтарын қорғау
60-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілердің құқықтарын қорғау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну процесі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс өздерінің шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматтығын алған елге) шығарып жіберілуге жатпайды, оның барысында құқық қорғау органдарына жүгіну және олармен ынтымақтастық жасау туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушіге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушіге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұруға рұқсат беріледі.
Бап 61. 61-бап. Дауларды шешу
61-бап. Дауларды шешу Уәкілетті органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға (жоғары тұрған лауазымды адамға) және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
Тарау 13. 13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 62. 62-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі
62-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенінен кейін туындаған халықтың көші-қоны саласындағы қатынастарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті мемлекеттік органдар берген құжаттар өзінің күшін сақтайды.
Бап 63. 63-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
63-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 3) тармақшасын, 50-баптың 1) тармақшасын және 10-тарауды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағы 7) тармақшасының, 48-бабының бірінші бөлігі 10-1) тармақшасының, 49-бабының бірінші бөлігі 10-1) тармақшасының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Тармақ 2
2. "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 117-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат) күші жойылды деп танылсын.