О наименовании и переименовании улиц и составных частей села Сарбулак Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Сарбұлақ ауылының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарбұлақ ауылының тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 2 маусымдағы
№ 3 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сарбұлақ ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Абай Құнанбаев тұйық көшесі;
Тармақша 2
2) Виктор Пацаев тұйық көшесі.
Тармақ 2
2. Сарбұлақ ауылының келесі көшелері мен тұйық көшелерінің атауы өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Ленин көшесі – Астана көшесі;
Тармақша 2
2) Тарас Шевченко көшесі – Алматы көшесі;
Тармақша 3
3) Белоруская тұйық көшесі – Балдырған тұйық көшесі;
Тармақша 4
4) 60 лет Октября тұйық көшесі - Желтоқсан тұйық көшесі;
Тармақша 5
5) Новая тұйық көшесі – Жастар тұйық көшесі.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.