Об утверждении Правил учреждения охранных организаций национальными компаниями Күшін жойған
Басқа 0
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 17-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.09 N 1421 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 4 тамыздағы
№ 909 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Ұлттық компания Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұлттық компаниялар тізбесіне енген жағдайда ғана ол күзет ұйымын құруға құқылы.
Тармақ 3
3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құруына мынадай шарттарды сақтаған жағдайда:
Тармақша 1
1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы болып табылса;
Тармақша 2
2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компанияның құрылтайшылары не ұлттық компанияның лауазымды тұлғалары болып табылса;
Тармақша 3
3) күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компания және олармен аффилирленген заңды тұлғалар болса жол беріледі.
Тармақ 4
4. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) алдын ала келісіледі.
Тармақ 5
5. Ұлттық компания күзет ұйымын құруды келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) күзет ұйымын құруды келісу үшін еркін нысандағы өтінішті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің осы Қағиданың 3-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 4
4) объектілердің (атауы, орналасқан жері), оның ішінде құрылатын күзет ұйымына күзетуге беру жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.
Тармақ 6
6. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган тізімдеме бойынша қабылдайды, оның көшірмесін өтініш берушіге береді.
Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жою үшін оларды өтініш берушіге қайтарады. Өтініш беруші кемшіліктерді жойған кезде құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес қаралады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган құжаттардың толық пакеті ұсынылған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды қарайды, одан кейін ұлттық компанияға күзет ұйымын құруға келісуін немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.
Уәкілетті орган ұлттық компанияның күзет ұйымын құруына дәлелді бас тартуды:
Тармақша 1
1) өтініш беруші осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес келмеген;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер шынайы ұсынылмаған жағдайларда береді.
Күзет ұйымын құру жөнінде бас тартылған жағдайда ұлттық компания осы Қағиданың талаптарына сәйкес уәкілетті органға құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
Тармақ 8
8. Ұлттық компания біреуден артық күзет ұйымына құрылтайшы бола алмайды.