О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 10-баптың он үшінші абзацындағы "резервтік қорынан" деген сөздер "резервінен" деген сөзбен ауыстырылсын; 11-баптың екінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "резервтік қорынан" деген сөздер "резервінен" деген сөзбен ауыстырылсын; 13-бапта: екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "- төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты бөлігінде көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет құрамындағы резервінің көлемі туралы, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құру туралы шешімдер қабылдайды;"; он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "- бекітілген бюджет нысаналарына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрып, пайдаланады;"; 29-бап алып тасталсын.