О переименовании улиц села Терисаккан Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Терісаққан ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Терісаққан ауылы – әкімшілік аумақтық бірлігі халқының конференциясының 2011 жылғы 31мамырдағы № 5 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Терісаққан ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Молодежный көшесі – Жастар көшесі;
Тармақша 2
2) Юбилейный көшесі – Ақтөбе көшесі;
Тармақша 3
3) Ленина көшесі – Желтоқсан көшесі;
Тармақша 4
4) Октябрь көшесі – Астана көшесі;
Тармақша 5
5) Абая көшесі – Абай Құнанбаев көшесі;
Тармақша 6
6) Набережная көшесі – Жағалау көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.