О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Жарыкского сельского округа Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жарық ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы №1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қанай ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін:
Тармақша 1
1) Қуаныш Бекеев көшесі;
Тармақша 2
2) Қобыланды батыр көшесі.
Тармақ 2
2. Ащығара ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:
Тармақша 1
1) Басығара Баядилов көшесі.
Тармақ 3
3. Ортақ ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін:
Тармақша 1
1) Достық көшесі;
Тармақша 2
2) Жақан Мұқатов көшесі.
Тармақ 4
4. Жаманкөл ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:
Тармақша 1
1) Шәріп Иржанов көшесі
Тармақ 5
5. Жарық ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Степная көшесіне – Абдолла Жанзақов көшесі;
Тармақша 2
2) Тоқтар Аубакиров көшесіне – Астана көшесі;
Тармақша 3
3) Строительная көшесіне – Алия Молдағұлова көшесі;
Тармақша 4
4) Октябрь көшесіне – Желтоқсан көшесі;
Тармақша 5
5) Комсомольская көшесіне – Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
Тармақша 6
6) Зеленая көшесіне – Әжіғали Орынбаев көшесі;
Тармақша 7
7) Новая көшесіне – Балдай Танабаев көшесі;
Тармақша 8
8) Мира көшесіне – Мұқан Тәжіғұлов көшесі.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.