Об упразднении некоторых населенных пунктов Жанибекского района Западно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жәнібек аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 170 және Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 25-2 "Жәнібек ауданының кейбір елді мекендерін тарату және олардың бағыныстылығын өзгерту туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының кейбір елді мекендері таратылсын:
Талов ауылдық округі бойынша Аманат ауылы;
Талов ауылдық округі бойынша Комсомол ауылы;
Тармақ 2
2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.