Об упразднении некоторых населенных пунктов Теректинского района Западно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Теректі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 410 және Теректі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы № 33-17 "Ауданның кейбір елді мекендерін тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының кейбір елді мекендері таратылсын:
Долин селолық округі бойынша Ақсай ауылы;
Долин селолық округі бойынша Жаңаталап ауылы;
Төңкеріс селолық округі бойынша Алебастрово ауылы;
Федоровка селолық округі бойынша Шарақап ауылы.
Тармақ 2
2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.