Об упразднении некоторых населенных пунктов Чингирлауского района Западно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шыңғырлау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 40 және Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 28-2 "Кейбір елді мекендерді тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының кейбір елді мекендері таратылсын: Ақбұлақ селолық округі бойынша Ағатан селосы; Қызылкөл селолық округі бойынша Үлгілі селосы; Лубен селолық округі бойынша Юбилейное селосы; Лубен селолық округі бойынша Отрадное селосы.
Тармақ 2
2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.