Об переименовании улиц села Акжаик Акжаикского сельского округа Теректинского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық ауылы тұрғындар жиналысының 2010 жылғы 6 сәуірдегі хаттамасын және ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 13 қазандағы № 1 хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылындағы мына көшелерінің атаулары: Центральная көшесі - "Мұрат Насимуллин атындағы көше"; Набережная көшесі – "Желтоқсан көшесі"; Мир көшесі – "Бейбітшілік көшесі"; В. И. Ленин көшесі – "Ақжайық көшесі"; Глубинка көшесі – "Көкмешіт көшесі"; Лесхозная көшесі – "Тәуелсіздік көшесі" деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.