Об утверждении Правил организации и проведения аукционов и конкурсов коммерческих предложений по продаже имущества ликвидируемых банков и страховых (перестраховочных) организаций в Республике Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесi Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40   қаулысымен . ______________________________ Ескерту: Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы  N 82  қаулысымен. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді тарату ісін бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жіберсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесін ерікті және еріксіз түрде таратылатын банктердің тарату комиссиясына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
Басқа 7. Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі Ескерту: Ереженiң 2-тармағынан бастап бүкіл мәтін бойынша "банктердiң", "банктің" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру ұйымдарының", ", сақтандыру ұйымының" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы  N 82  қаулысымен. Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкiн сату жөнiнде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау мақсатында әзiрлендi және ықтиярсыз және өз еркiмен таратылатын банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүлкiн сату тәртiбiн айқындайды. Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы  N 82 ; ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 99  қаулыларымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде ықтиярсыз және ерiктi түрде таратылатын банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрi - таратылатын банктер, сақтандыру ұйымдары) мүлкiн сату жөнiнде сауда-саттық - аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, таратылатын банктерде, сақтандыру ұйымдарында ақша жетiспеген жағдайда таратылатын банктердің, сақтандыру ұйымдарының мүлкін сату жөнінде аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсына қатысушылардың құқықтары мен мiндеттері белгіленеді. Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы  N 82  қаулысымен.
Тармақ 2
2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банктің, сақтандыру ұйымының басқа да мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету мақсатында таратылатын банктердің, сақтандыру ұйымдарының мүлкiн сату жөнiндегi аукциондар мен коммерциялық ұсыныстар конкурсын өткiзу жөнiндегi шешiмдi банктiң тарату комиссиясы қабылдайды, ол тарату комиссиясы мәжiлiсiнiң хаттамасымен бекiтiледi. Аукцион өткiзген кезде сауда-саттық өткiзудiң ағылшындық және/немесе голландық әдiсiн таңдауды банктiң, сақтандыру ұйымының тарату комиссиясының өзi жүзеге асырады. Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы  N 82  қаулысымен.
Тармақ 3
3. Банктердi ықтиярсыз және ерiктi түрде таратқан кезде таратылатын банктердiң, сақтандыру ұйымдарының мүлкiн сату кезiнде Сатушы болып саналатын тарату комиссиясы осы Ереженiң талаптарын орындауға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымдарының аукцион немесе конкурс арқылы сатылуға тиiстi мүлкiн бағалау бағалау қызметіне арналған лицензиясы бар бағалаушының көмегiмен жүзеге асырылады. Көпшiлiк сауда-саттық арқылы сатылатын мүлiктiң бастапқы (старттық) бағасы бағалау құнынан төмен болмауға тиiс. Таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының үйлерi мен ғимараттары, олардың құнына қарамастан, бағалау құны 500 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен асатын көлiк құралдары, мүлiк бiрлiгiнiң бағалау құны 150 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен асатын басқа да мүлiктерi тек қана көпшiлiк сауда-саттықта сатылуға тиiс. Банктiң, сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының мүлiк бiрлiгiнiң бағалау құны 150 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен аз басқа мүлкiн көпшiлiк сауда-саттығын өткiзбей-ақ сатуға құқылы. Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы  N 82 ; ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 99  қаулыларымен.
Тарау 2. 2-тарау. Осы ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар
2-тарау. Осы ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар
Тармақ 5
5. Мүлiктi аукцион арқылы сату - Сатушыдан банктiң, сақтандыру ұйымының сатылатын мүлкiне қатысты қандай-да бiр шарттар орындау талап етiлмеген кезде, таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымдарының мүлкiн неғұрлым қымбат баға ұсынған аукцион қатысушысына сату.
Тармақ 6
6. Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi - бастапқы (старттық) бағаны алдын ала жарияланған қадам бойынша жоғарылата отырып, ең жоғары баға ұсынған бiр қатысушы қалғанға дейiнгi сауда-саттық.
Тармақ 7
7. Сауда-саттықтың голландық әдiсi - бастапқы (старттық) бағаны алдын ала жарияланған қадам бойынша төмендете отырып, қатысушылардың бiрi объектiнi жарияланған баға бойынша сатып алуға келiсiм берген кезге дейiнгi сауда-саттық. Мұндай баға сауда-саттыққа қойылған объектiнiң (мүлiктiң) бағалау қызметіне арналған лицензиясы бар бағалаушының көмегiмен банктiң, сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы белгiлеген бағалау құнының 50 процентiнен төмен болмауға тиiс ең аз бағасынан төмен болмауы керек. Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы  N 82  қаулысымен.
Тармақ 8
8. Мүлiктi коммерциялық ұсыныстар конкурсы (бұдан әрi - конкурс) негiзiнде сату - таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымдарының мүлкiн конкурс жарияланған кезеңде неғұрлым қымбат баға ұсынған және мүлiктiң құнын белгiленген мерзiмде төлеудi мiндетiне алған конкурс қатысушысына сату.
Тармақ 9
9. Сауда-саттық өткiзетiн Ұйымдастырушы (бұдан әрi - Ұйымдастырушы) - Сатушы не оған уәкiлеттiк берiлген делдал.
Тармақ 10
10. Таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының мүлкiн көпшiлiк сауда-саттықта сататын сатып алушылар - сауда-саттыққа қатысу туралы өтiнiш берген және сауда-саттықтың ұйымдастырушылары оларды қатысушылар ретiнде тiркеген заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрi - Сатып алушы).
Тармақ 11
11. Таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының мүлкiн сатушы - банктiң, сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы (бұдан әрi - Сатушы).
Тарау 3. 3-тарау. Тарату комиссиясының көпшiлiк сауда-саттығын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi өкiлеттiктерi
3-тарау. Тарату комиссиясының көпшiлiк сауда-саттығын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi өкiлеттiктерi
Тармақ 12
12. Тарату комиссиясы көпшiлiк сауда-саттықта таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының мүлкiн сатуға байланысты мәселелердi өзi шешуге, сондай-ақ сатылатын мүлiктiң нақты тiзiмiн және осы Ереженiң 4-тармағын ескере отырып оны сату нысанын (аукцион немесе конкурс) белгiлеуге құқылы. Мұндайда банктiң, сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы таратылатын банктiң мүлкiн белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай шарттар мен мақсаттарға орай жүргiзедi: Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 82 қаулысымен.
Тармақша 1
1) банктiң, сақтандыру ұйымының мүлкiн мүмкiндiгiнше неғұрлым жоғары бағаға сату;
Тармақша 2
2) банктiң, сақтандыру ұйымының мүлкiн сату шығынын барынша азайту;
Тармақша 3
3) қалыпты бәсекенi ұстап тұру.
Тармақ 13
13. Сатушы және ұйымдастырушы Сатып алушылардың келiсiмiнсiз олар туралы мәлiметтердi жария етуге құқығы жоқ.
Тармақ 14
14. Сатушы сауда-саттық Ұйымдастырушының мiндетiн делдалға беруге құқылы. Мұндайда олардың арасында шарт жасалады, онда:
Тармақша 1
1) объектiлердiң саны, сапасы және құны көрсетiлген, сатылатын мүлiктiң тiзiмi бар сатылатын объектiлер жөнiнде ақпараттық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) делдалға комиссиялық сыйақы төлеу мөлшерi және тәртiбi;
Тармақша 3
3) Сатушының қалауы бойынша басқа да шарттар көзделедi.
Тарау 4. 4-тарау. Аукцион ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi
4-тарау. Аукцион ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Аукцион өткiзуге дайындық
Тармақ 15
15. Сатушы немесе кредиторлар комитетi аукционда объект сату шарттарын белгiлеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Ұйымдастырушы аукцион өткiзiлетiн күннен кем дегенде 10 күн бұрын республикалық немесе облыстық ресми баспа органдарында қазақ және орыс тiлдерiнде аукционда мүлiк сатылатыны туралы хабарландыру жариялайды. Аукцион ол туралы жарияланған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей өткiзiлуге тиiс. Ақпараттық хабарламада мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
Тармақша 1
1) аукцион арқылы сатуға ұсынылған сату объектiсiнiң атауы;
Тармақша 2
2) сату объектiсiнiң бастапқы (старттық) бағасы;
Тармақша 3
3) аукцион өткiзу күнi, уақыты және орны;
Тармақша 4
4) сатып алынған сату объектiсi бойынша төлем шарттары;
Тармақша 5
5) сауда-саттыққа қатысу құқығы үшiн кепiлдiк жарнаның мөлшерi және төлеу мерзiмi және оны аудару үшiн Сатушының банктiк есепшотының деректемелерi;
Тармақша 6
6) мекен-жайы, аукционға қатысуға өтiнiш қабылдау уақыты және мерзiмi;
Тармақша 7
7) сату объектiсiмен танысу күнi, уақыты және тәртiбi;
Тармақша 8
8) аукцион өткiзу әдiсi;
Тармақша 9
9) Сатушының қалауы бойынша басқа да мәлiметтер.
Тармақ 2
2. Сатып алушылардың аукционға қатысу шарттары
Тармақ 17
17. Таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының аукцион арқылы сатылатын мүлкiн сатып алғысы келетiн сатып алушылар аукцион басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрмей кепiлдiк жарнасын төлеуге тиiс. Сатып алушы аукционға қатысу үшiн Ұйымдастырушыға өтiнiм және кепiлдiк жарнасын төлегенi туралы төлем тапсырмасын бередi. Аукционға қатысушылар сауда-саттыққа қатысушылардың еркiн нысанда жасалған тiркеу журналына тiркелiп отырады.
Тармақ 18
18. Кепiлдiк жарна Сатушының тиiстi банктiк есепшотына сату объектiсiнiң бастапқы (старттық) бағасының 5 процентiнен кем болмайтын мөлшерде ақша аудару жолымен төленедi. Егер Сатып алушы аукциондағы бiрнеше объектiлерге қатысқысы келсе, бастапқы (старттық) бағасы ең көп бiр объект үшiн бастапқы (старттық) бағаның 10 процентi мөлшерiнде кепiлдiк жарна төлейдi. Сауда-саттықта жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасаған қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты жөнiндегi тиiстi төлемдер есепшотына жатқызылады.
Тармақ 19
19. Сауда-саттық Ұйымдастырушы аукционға қатысушылардың билеттерiн дайындайды, онда мынадай мәлiметтер болады:
Тармақша 1
1) Сатып алушының сауда-саттыққа қатысу номерi;
Тармақша 2
2) Сатып алушының сауда-саттыққа қатысқан объектiсiнiң атауы;
Тармақша 3
3) сауда-саттық өткiзу шарттары. Сауда-саттық барысында басқа адамдардың аукцион билеттерiн пайдалануына тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Сатып алушы қатысушы билетiн алған кезден бастап аукционға қатысушы мәртебесiн алады, бiрақ билеттi сауда-саттық өткiзiлетiн күнге дейiн кем дегенде 2 күн бұрын алуы керек. Аукционға қатысушының:
Тармақша 1
1) сауда-саттыққа өзiнiң немесе өз өкiлдерi арқылы қатысуына;
Тармақша 2
2) сауда-саттыққа шығарылатын сату объектiсi жөнiнде қосымша мәлiметтердi, түсiнiктеменi тегiн алуға;
Тармақша 3
3) сауда-саттықта сатылатын объектiнi алдын ала көруге;
Тармақша 4
4) оның құқығы бұзылатын болса, сотқа беруге;
Тармақша 5
5) жазбаша хабарлай отырып аукционға қатысу туралы өз өтiнiмiн қайтарып алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда кепiлдiк жарнасының сомасы аукцион өткiзiлетiн күннен үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан адамдарға қайтарылады.
Тармақ 21
21. Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша аукционның қатысушысы болып саналмайтын адамдарға кiру ақысын белгiлеп, кiру билетiнiң санын және бағасын анықтауға құқылы. Аукционның қатысушылары кiру ақысын төлеуден босатылады және аукцион қатысушыларының билетi бойынша аукционға кiредi.
Тармақ 3
3. Аукцион өткiзу тәртiбi
Тармақ 22
22. Аукцион оған кем дегенде екi Сатып алушы қатысқан жағдайда болады. Егер бастапқыдан (старттық) төмен емес баға бойынша мүлiк сатып алуға тiлек бiлдiрген бiр қатысушы ғана қатысса, аукцион өтпедi деп саналады. Осы аталған жағдай қайталанған жағдайда мүлiк Сатушы мен Сатып алушы арасында сатып алу-сату шартын жасау жолымен бастапқыдан (старттық) төмен емес баға бойынша сатылады. Аукцион өткiзу жөнiндегi әрбiр факт және оның нәтижелерi тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қоятын хаттама (акт) түрiнде жеке ресiмделуге тиiс.
Тармақ 23
23. Аукциондағы сауда-саттықты өзара жасалған шарт негiзiнде Ұйымдастырушы жалдаған жеке тұлға (бұдан әрi - Аукционшы) немесе Сатушы уәкiлеттiк берген адам жүргiзедi.
Тармақ 24
24. Сауда-саттық Аукционшының сатылатын затты, оның қысқаша сипаттамасын, бастапқы (старттық) бағасын, бағаның өзгеру қадамын және сауда-саттық өткiзу әдiсiн хабарлауынан басталады. Аукционшы сауда-саттық барысында қадамның өзгеруi жөнiнде хабарлай отырып, оны өзгертуге құқылы. Өзгерiс қадамы объектiнiң ағымдық бағасының 5%-нен 10-%-не дейiнгi шекте белгiленедi.
Тармақ 25
25. Сауда-саттық төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi:
Тармақша 1
1) Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi: Аукционшы аукционға қойылатын объектiнiң бастапқы (старттық) бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Аукционшы өзiнiң аукциондық номерiн бiрiншi көтерген қатысушының номерiн хабарлап, бағаны бекiтедi және қатысушыларға оны жоғарылатуды ұсынады. Қатысушылар номерлерiн көтерiп белгiленген қадам бағасын жоғарылатады және одан да жоғары баға ұсынады. Сауда-саттық ең жоғары ұсынылған бағаға дейiн жүредi. Аукционшы соңғы бағаны үш рет қайталап, басқа көтерiлген баға болмаса, балғаны ұрып қалып, бұл объектiнiң сатылғаны жөнiнде хабарлайды. Егер бастапқы (старттық) баға хабарланғанда қатысушылардың бiр де бiрi бұл объектiнi сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, Аукционшы оның бағасын 15 проценттен асырмай төмендетуге құқылы және сауда-саттық iсiн жүргiзу қайталанады. Егер баға 15 процентке төмендеген соң қатысушылардың ешқайсысы объектiнi сатып алу туралы өз ниетiн бiлдiрмесе, ол сауда-саттықтан алынады. Бұл сату объектiсi осы Ережеде сипатталған iс жүргiзуге сәйкес бастапқы (старттық) бағаны 15 проценттiк жеңiлдiктi (төмендетудi) ескере отырып, бастапқы (старттық) жаңа баға белгiленiп, сауда-саттық өткiзудiң ағылшындық әдiсi бойынша келесi аукционға қойылады. Мүлiктi аукционға келесi үшiншi рет шығарған жағдайда, Сатушы мұның алдындағы аукцион өткiзiлмеген жағдайда сатылатын мүлiктiң старттық бағасын 25 процентке азайтуға, ал аукцион өткiзiлгенде, бiрақ объект сатылмаған жағдайда, сатылатын мүлiктiң бастапқы (старттық) бағасын 10 проценттен аспайтындай етiп азайтуға, яғни бiрiншi аукционда белгiленген бастапқы (старттық) бағасынан 40 проценттен аспайтын мөлшерде төмендетуге құқылы. Мүлiктi кезектi аукционға шығарғанда Сатушы сатылатын мүлiктiң бастапқы (старттық) бағасын тағы да 10 проценттен аспайтындай етiп азайтуға, яғни бiрiншi аукционда белгiленген бастапқы (старттық) бағасынан 50 проценттен аспайтын мөлшерде төмендетуге құқылы. Егер бұдан кейiн де мүлiк сатылмаса, онда Сатушы объектiнi соңғы аукционда белгiленген оның бастапқы (старттық) бағасы бойынша конкурстық тәртiппен сатуға құқығы бар.
Тармақша 2
2) Сауда-саттықтың голландық әдiсi: Аукционшы аукционға қойылатын объектiнiң бастапқы (старттық) бағасын және жаңа бағаны хабарлай отырып, оны жарияланған қадам бойынша төмендетедi. Аукционшы бағаны хабарлаған кезде аукциондық номерiн бiрiншi көтерген қатысушының номерiн айтады және балғаны ұрып қалып оны осы объект бойынша Жеңiмпаз деп хабарлайды. Егер бiр уақытта екi немесе одан да көп номерлер көтерiлсе, Аукционшы кiмнiң жеңiмпаз екенi жөнiнде мынадай тәртiппен шешiм қабылдайды: Аукционшы қатысушыларға бағаны көтерудi ұсынады және ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болады. Қатысушылардың Аукционшының шешiмiне шек келтiруге құқығы жоқ. Егер объект жоғарыда көрсетiлген аукционда сатылмаса, онда ол келесi аукционға қойылады. Мұндайда объектiнiң бастапқы (старттық) бағасы мұның алдындағы аукционға қойылған объектiнiң бастапқы (старттық) бағасының 25 процентiнен төмен болмауға тиiс.
Тармақ 26
26. Аукционға бiрнеше объектiлер шығарған кезде әрбiр объектiге сауда-саттық өткiзудiң әр түрлi әдiсiн қолдануға болады. Әрбiр сатылған объект бойынша сауда-саттық нәтижелерi сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 27
27. Сауда-саттық барысында объектiге бiрiншi болып соңғы баға ұсынған қатысушы Ұйымдастырушының өкiлiне қатысушы билетiн көрсетуге тиiс және сол күнi сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюы керек. Хаттамаға сондай-ақ Ұйымдастырушы мен Аукционшының өкiлдерi де қол қояды. Хаттамада Сатушы, Аукционшы, сауда-саттық жеңiмпазы, сату объектiсiнiң атауы, сауда-саттықтың бастапқы (старттық) және түпкiлiктi бағасы, сондай-ақ сатып алу-сату шартына қол қою жөнiндегi мiндеттемелер және Сатып алушының сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқаны үшiн жауапкершiлiгi көрсетiледi. Аукцион нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi Сатып алушыға берiледi және ол оның сатып алу-сату шартын жасау құқығын куәландыратын құжаты болып табылады.
Тармақ 28
28. Нәтижелер туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан қатысушы алдағы уақытта аукционға қатысу құқығынан айырылады және оған кепiлдiк жарнасы қайтарылмайды. Мұндай жағдайда осы объект бойынша сауда-саттық қайта жаңғыртылады.
Тармақ 29
29. Аукцион өткiзілгеннен кейiн екi күннiң iшiнде Сатып алушы мен Сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады, онда шарттың мәнi, тараптардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, сату объектiсiнiң түпкiлiктi бағасы және төлем жасау шарттары (Сатушының банктiк есепшотының номерi және т.т.) көрсетiлiп, Сатып алушы мен Сатушы қол қойған қабылдау-өткiзу актiсi жасалады.
Тарау 5. 5-тарау. Конкурс ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi
5-тарау. Конкурс ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi
Тармақ 30
30. Таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының мүлкiн Конкурс арқылы сатқан кезде Сатушы республикалық немесе облыстық ресми баспа органдарында қазақ және орыс тiлдерiнде хабарландыру жариялауға тиiс. Конкурс туралы хабарландыруда коммерциялық ұсыныс беру мерзiмi көрсетiлуге тиiс, ол хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күннен кем болмауы және 30 күннен аспауы керек. Коммерциялық ұсыныстар беру мерзiмi өткен соң конкурс арқылы сата беруге болады.
Тармақ 31
31. Конкурсқа екеуден кем Сатып алушы қатысқан жағдайда ол болмады деп саналады да, қайта өткiзiледi.
Тармақ 32
32. Қайта өткiзiлген конкурсқа бiр Сатып алушы қатысқан жағдайда немесе конкурсқа қатысушының ұсынысы бастапқы (старттық) бағадан төмен болмаса, Сатушы конкурсқа қойылған мүлiктi соңғы аукционда белгiленген бастапқы (старттық) баға бойынша осы Сатып алушыға сатуға құқылы. Қайта өткiзiлген конкурста Сатып алушылар болмаған жағдайда, Сатушы мүлiктiң құнын ескере отырып, оны кез келген заңды немесе жеке тұлғаға сатуға не оны белгiленген тәртiппен есептен шығаруға құқылы.
Тармақ 33
33. Коммерциялық ұсыныстар тарату комиссиясының атына жазбаша түрде берiледi және жiппен қайымдалып, номерленген арнайы журналға тiркеледi. Сатушы конкурстың әрбiр қатысушысына оның таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымдарының мүлкiн сатып алу туралы коммерциялық ұсыныс бергенi жөнiнде анықтама бередi (жiбередi), онда нақты сатып алынатын мүлiк және Сатып алушы ұсынған баға көрсетiледi.
Тармақ 34
34. Тарату комиссиясы (Сатушы) конкурс мерзiмi өтiсiмен келiп түскен ұсыныстарды өз мәжiлiсiнде қарайды және ең жоғары баға ұсынған сатып алушыға банк мүлкiн сату туралы шешiм қабылдайды, ол жөнiнде мәжiлiске қатысқан тарату комиссиясы төрағасының, мүшелерiнiң және мәжiлiс хатшысының қолы қойылған тиiстi хаттама жасалады.
Тармақ 35
35. Сатушы конкурс жеңiмпазы ретiнде анықтаған Сатып алушыға оның коммерциялық ұсынысының қабылданғаны туралы 3 жұмыс күнi iшiнде және сатып алу-сату шартына қол қою үшiн хабарлама алған кезден бастап 3 жұмыс күнi iшiнде келуi қажет екендiгiн жазбаша түрде хабарлайды. Сатып алу-сату шартында осы Ереженiң 29-тармағында көрсетiлген шарттар болуға тиiс.
Тармақ 36
36. Сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Сатушы мүлiктi басқа Сатып алушыға сату туралы мәселенi шешедi.
Тармақ 37
37. Сатушы конкурсқа қатысушыларға оның нәтижелерi туралы жазбаша хабарлайды.
Тарау 6. 6-тарау. Сауда-саттыққа қатысушылармен есеп айырысу тәртiбi
6-тарау. Сауда-саттыққа қатысушылармен есеп айырысу тәртiбi
Тармақ 38
38. Сатып алушы мен Сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейiн Сатып алушы бес банктiк күн iшiнде осы шартта көрсетiлген соманы Сатушының банктiк есепшотына аударуға және оған тиiстi төлем құжатын беруге мiндеттi.
Тармақ 39
39. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалынан немесе уәкiлеттi банктен (Сатушының тұрған жерi бойынша) таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының ағымдағы есепшотына сатылған мүлiктiң ақшасы (толық көлемде) түскенi туралы растау алғаннан кейiн, Сатушы осы сатылған мүлiктi таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының балансынан есептен шығарғаннан кейiн, оны Сатып алушыға (сауда-саттық жеңiмпазына) қайта ресiмдеп өткiзедi.
Тармақ 40
40. Сатып алушы (аукционға қатысушы) аукционнан сатып алған мүлiк үшiн тиiстi төлем жасамаған жағдайда, Сатушы аталған сатып алу-сату шартын осы шарттың талаптарында көзделуге тиiстi бiржақты тәртiппен бұзады. Сатып алушының төлеген кепiлдiк жарнасы оған қайтарылмайды және ол мүлiк сауда-саттыққа қайта қойылуы мүмкiн. Сатып алушының (конкурсқа қатысушының) конкурстық сату объектiсiне төлем жасамағаны үшiн жауаптылығы оның және Сатушының арасында жасалған сатып алу-сату шартында көзделедi.
Тармақ 41
41. Сатушы аукционға қатысушы төлеген кепiлдiк жарнасынан аукцион ұйымдастыруға және өткiзуге жұмсаған ақша сомасын ұстап қалады. Кепiлдiк жарнасының қалғаны аукционға қатысушыларға аукцион өткiзiлген күннен бастап есептегенде 3 банктiк күн iшiнде қайтарылады.
Тарау 7. 7-тарау. Сатудан түскен түсiмдi бөлу
7-тарау. Сатудан түскен түсiмдi бөлу
Тармақ 42
42. Объектiлердi сатудан түскен ақша аукциондар мен конкурстар дайындау және өткiзу нәтижесiнде алынған барлық ақша жинақталатын таратылатын банктiң, сақтандыру ұйымының ағымдағы есепшотына есептеледi.
Тармақ 43
43. Бұл ақшадан сауда-саттық дайындығына және өткізуге байланысты жұмсалған шығындардың және басқа да шығыстардың орны толтырылады. Тарату комиссиясы аукциондар және конкурстар өткізуден қалған ақшаны Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен пайдаланады.
Тарау 8. 8-тарау. Қорытынды ережелер
8-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 44
44. Аукцион және конкурс ұйымдастыруға және өткізуге қатысушы тараптардың даулары заңда белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 45
45. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес шешілуге тиіс.