О введении временного запрета на вывоз отдельных видов растительных масел Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өсімдік майының жекелеген түрлерін шығаруға уақытша тыйым салу туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес азық-түлік тауарларының ішкі нарығында күрделі тапшылық пен баға өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өсімдік майының жекелеген түрлерін шығаруға төрт ай мерзімге уақытша тыйым енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде осы қаулының 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Кеден одағы комиссиясының қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің қолдануы туралы ұсыныс енгізсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі күнтізбелік он төрт күн ішінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шығаруға уақытша тыйым салынатын өсімдік майлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 942 қаулысына қосымша Шығаруға уақытша тыйым салынатын өсімдік майлары Р/с № По­зи­ция ата­уы СЭҚ ТН ко­ды 1 Та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ хи­ми­я­лық құ­ра­мы өзгер­ме­ген күн­ба­ғыс, мақ­са­ры неме­се мақ­та майы және олар­дың фрак­ци­я­ла­ры: ши­кі май 1512 11 2 Та­зар­тыл­ма­ған неме­се та­зар­ты­л­ған, бі­рақ хи­ми­я­лық құ­ра­мы өзгер­ме­ген күн­ба­ғыс, мақ­са­ры неме­се мақ­та майы және олар­дың фрак­ци­я­ла­ры: өзге­ле­рі 1512 19